IQ ТУРНИР

Кезекті IQ турнирі өтті. Бұл жолғы модератор 1-курс студенттері Айкерім Байназарова мен Орынбасар Мүтан.

Іс-шара барысында қатысушы студенттер логикалық сұрақтарға жауап іздеп, есте сақтау қабілетіне және жүйрік ойлы болуға арналған әр түрлі ойындардың шешімін тауып тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.

IQ турнирде команда болып бірлесе жұмыс атқарып керемет талқылаулар жүргізді. Даулар мен сұрақтарға жауап іздеу студенттерге уақытты тиімді өткізуге және жаңа бірлескен тәжірибе алуға басты негіз болды.

Осылайша ойынға қатысушы студенттер бүгінгі IQ логикалық ойынынан алған әсерлі жайлы бөлісіп ойынды қорытындылады.