Қашықтан, штаттық режимде және қашықтықтан аралас форматта оқыту кезеңінде университет оқытушыларына психологиялық көмек

Әлемді жайлаған індетке байланысты елімізде карантин жарияланды.
Бірақ біз мойымаймыз, қорықпаймыз. Себебі, қорыққанда ағзамыздың қорғаныш қабілеті төмендейді.
Пандемия кезін жақсы жағынан қарастырайық:
- Пандемия кезінде – бұл жақындарымызға көбірек көңіл бөлуге берілген мүмкіндік;
- Пандемия кезінде – бұл отбасының бірлігін, татулығын арттыратын уақыт;
- Пандемия кезінде – бұл жақындарыңа деген махаббат, қамқорлық пен жанашырлығымыз көрінетін кез;
- Пандемия кезінде– бұл өз-өзімізді дамытуға берілген мүмкіндік;
- Пандемия кезінде – бұл қолда бар алтынның қадірін түсінетін уақыт;

Пандемия кезінде Оқытушы профессорлар құрамына психологиялық кеңес
Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз
Қашықтан оқыту және қашықтан аралас форматта оқытудың қыр-сырын үйреніңіз. Бұл – педагог жұмысының жаңа шарты. Жаңалықты үйренуге қиналмаңыз. Керісінше жаңалықтарға «есігіңіз ашық» болсын. Қуанышпен жақсы ниетпен қабылдаңыз. Сол кезде жұмысыңыз алға басады
Бәрі бір дегенде қолымыздан келе салмайды. Қателесуден қорықпаңыз. Көш жүре түзеледі.
Ұстаз бен білім алушы арасындағы байланысты бұрынғыдан да тығыз етуге тырысыңыз. Қазіргі жағдайда бәріміз үшін тың нәрсе. Бір-біріңізге түсіністікпен қараңыздар. Бір-біріңізді қолдаңыздар
Уақытша қиындықтарға мойымаймыз. Бәріміз күш біріктірсек, індетті де жеңеміз, жаңалықтарды да игереміз