Пікірсайыс өтті

Бұл үй, спортта өнімділікті арттыратын дәріні қолдануды ақтайды тақырыбында кезекті студенттік пікірсайыс өтті. 
Пікірсайысқа 6 команда қатысып, әдеттегідей 2 команда іріктелді. 
Іріктеуден өткен 1-команда өз кейсін сәтті құрды. Спикер спортшылардың дәрумен қабылдауына болатынын, оның пайдалы тұстарына назар аударды. Өз сөздерін 3 аргументпен толықтырып, негізгі ойын нақтылап көрсетті. 
2-ші команда керісінше қарсылас команданың барлық  аргументтерін құлатуға күш салып, бірқатар зиянды факттарды келтірді. Тіпті спорттағы бұл үрдіс  әділетсіз жеңістерге себеп болатынын мысалға келтірді. Қарсы тарапқа лайықты жауап қайтара алды. 
Екі команданың пікірлерін тыңдағаннан кейін, сөз сарапшыға берілді. Сарапшы командалардың ойынын, дайындықтарын жоғары бағалап, бірқатар сәттерге тоқталды. 
Пікірсайыс соңында қатысушылармен көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде Қарсы тарап жеңіске жетті. 
Бүгінгі пікірсайысқа қатысушы білім алушылар спортқа қатысты маңызды сәттерді  жоғары бағалап, тың ақпараттарды алды.