Кітапхана

Раеева Гүлсім Асқарқызы

Кітапхана директоры

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

E-mail: gulsimraeeva@mail.ru


Кітапхана бөлімі туралы бейнеролик: https://youtu.be/WikN0ektjlU

Кітапхананың жылдық есебі 2019/2020 оқу жылы

Кітапхана туралы жалпы мәліметтер

Кітапхананың өсуі мен дамуы университет тарихымен тығыз байланысты. 

Қазіргі таңда кітапхананың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, оқытушылар мен студенттердің виртуалды семинарлар мен Интернет-конференциялар, on-line режимінде теориялық және ғылыми мәселелерді талдау, видео-конференция байланысымен телекөпір ұйымдастыру және оқу орындары арасындағы бірлескен жобаларды орындау, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттік олимпиадалар өткізу мүмкіндіктері жасалған.

Оқырмандарға 4 оқу, 2 электронды, 1 мерзімді басылымдар мен анықтамалық-ақпараттық сектор залдары қызмет көрсетеді.

Кітапхана қорын 342 280 кітап басылымы құрайды. 
Кітапхана қорында сирек басылымдар, диссертациялар, авторефераттар, монографиялар, көркем шығармалар бар. Негізгі оқу қорларынан бөлек анықтама-библиографиялық, ресми, нормативті-құқықтық басылымдар қоры бар. Жыл сайын кітапхана білім саласы бойынша 70-тен аса мамандандырылған, ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдеби журналдар мен газеттерді жазып алады.

Кітапхана ИНТЕРНЕТ ресурстарын пайдалануда ақпараттарға еркін және шексіз енуді қамтамасыз етеді.
Университетте заманауи кітапхананы құру үшін кітапхана-библиографиялық үрдістерді ТОО «Kazakh soft» компаниясы өңдеген «Кабис» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған бағдарламасы кітапханаға енгізілді. 

Электрондық кітапхана ресурстары бойынша «Сырдария» университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.

Кітапхананың 6 қызметкері Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі курсын толық бітіріп, сертификат алды. 

Университет кітапханасы Мақтарал аудандық кітапханасы, Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана және «Отырар» әмбебап кітапхаларымен келісімшартқа отырған.

Кітапханада студенттердің бойына патриоттық сананы қалыптастыру, тәрбиелеу, белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі көпшілік іс-шаралар, мерекелік кештер, кітап көрмелері, кездесулер мен жаңа басылымдардың презентациялары өткізіліп отырылады.



Университет кітапханасының негізгі басым бағыттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; біріңғай ақпараттық кеңістік жасау; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;  жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.

Университет  кітапханасының басты мақсаты  білім беру және ғылыми үдерісті  қажетті   дәстүрлі, сондай-ақ  электрондық түрдегі  оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен  қамтамасыз ету. 
Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту. 

Оқырмандарға қызмет көрсету. «Сырдария» университетінде оқырмандарға қызмет көрсету мақсатында:

Кітапхана Орын
саны

 
Бір күнде келетін оқырмандар саны
Бас оқу ғимараты  80 140-160
Анықтамалық-ақпараттық сектор (бас оқу ғимараты) 8 15-20
«Жаратылыстану» факультеті 22 65-75
«Өнер» факультеті 70 100-120
«Студенттер үйі» 24 55-65
Инновациялық іс-әрекет (бас оқу ғимараты) 18 20-30
Электронды оқу залы (бас оқу ғимараты) 44 40-50
Электронды оқу залы «Жаратылыстану» 64 70-80
Жалпы 330  

Бас оқу ғимаратының оқу залында университеттің негізгі оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер мен  «Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауышты оқыту әдістемесі», «Ағылшын тілі мен әдебиеті»,  «Педагогика және психология», «Экономика», «Қаржы», «Құқықтану», «Дене тәрбиесі және спорт», «Математика» білім беру бағдарламалары бойынша оқулықтар , көркем әдебиеттер жинақталған. 

А. Мороз атындағы  көркем әдеби кітап қоры мен бірге «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік білім», «Дизайн» білім беру бағдарламаларының оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттері жинақталған. 

«Жаратылыстану және математика» оқу ғимаратындағы кітапханада мол көркем әдебиет қоры мен «Химия», «Биология», «Физика» білім беру бағдарламаларының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер қоры жинақталған.  

«Студенттер үйіндегі» кітапханада барлық саладағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры 5-11 сыныптар бойынша барлық пәндерден мектеп оқулықтары, талапкерлерге арналған оқу-әдістемелік  кешендер, анықтамалықтар, көмекші құралдар жинақталған.

Мерзімдік басылымдар оқу залында кітапхананың әр жылдарда жазылатын барлық мерзімдік басылымдары жинақталып, тігіліп сақталады және олар оқырмандарға үлкен қосымша әдебиеттер қорын құрайды. 

Оқу залдары мен абонемент оқырмандарға ақпараттық, кітапханалық және библиографиялық қызмет көрсетеді.

Университет кітапханасы Мақтарал аудандық кітапханасы, Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, «Отырар» әмбебап кітапханасы және «Республикалық ғылыми-техникалық» кітапханаларымен келісім-шартқа отырған.

Кітап қорын толықтыру жұмыстары 
«Сырдария» университетінің жалпы кітап қоры 349 062  дана кітапты құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 282 187 дана. Кітапхана қоры ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем және өзге де басылымдардан құралған. Университеттің кітапхана қоры жыл сайын  жаңарып отырады.  

Кітапхана қоры ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем және өзге де басылымдардан құралған. Университеттің кітапхана қоры жыл сайын  жаңарып отырады.  

Қорды толықтыру мақсатында кітапхана «Фолиант», «Қазақ университеті», «Алматы кітап», «Өнер», «Бастау», «Жазушы», «Эрудит», «Эверо», «Білім» баспаларымен жұмыс жасайды.

Соның ішінде университет кітапханасы ҚР ЖОО қауымдастығының баспасымен тығыз байланыс жасап оқу құралдары мен оқулықтар сатып алу ісін жолға қойған.

Кітапхана еліміздің барлық баспаханаларында шығып жатқан жаңа оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми еңбектер жайлы мәліметтерді электронды пошта арқылы алып, тапсырыс бере алады. Сондай-ақ, кітапхана қорын университет профессор-оқытушылары да өз еңбектерімен толықтырып отырады.

2019-2020 оқу жылында университет қазынасын оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен толықтыру үшін  9 697 440 теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ,  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қазақ  тіліне аударлыған 24 атаулы оқулық 3000 дана Ұлттық аударма бюросынан ақысыз берілді.

Университетте мерзімдік басылымдарға жазылу жақсы жолға қойылған. Оның ішінде әр мамандық бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік журналдар, ғылыми-танымдық журналдар оқырмандардың қызығушылығын тудыруда.

2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында мерзімді басылымдарға жазылу үшін университет қазынасынан 178000 теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Оқырмандарға қызмет көрсету

Кітапханада сегіз қызметкер оқырмандарға қызмет көрсетеді, барлығы жоғары білімді қызметкерлер.

Кітапхана қызметкерлері мынандай бағыттар бойынша жұмыс атқарады: қорды қалыптастыру және жаңғырту; анықтама-библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру; оқырмандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету; кітапхана-библиографиялық үрдістерін автоматтандыру; ерекше білім беруді қажет ететін оқырмандармен жұмыс; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Университет оқу залдары 8:30 –дан 19:00-дейін үзіліссіз оқырмандарға қызмет көрсетеді. 


Көпшілік іс-шаралар
Кітапханада оқу жылы барысында үздіксіз ақпараттық-библиографиялық жұмыстар  жүргізіліп, тарихи-өлкетанулық, мерзімдік басылымдардың, жаңа түскен оқулықтардың картотекасы толықтырылып отырады. 
Кітапхананың  аса маңызды жұмыстарының бірі – көпшілік-тәрбие жұмыстары. Конференциялар, семинарлар, атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері ұйымдастырылады; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар жасалады, кітапхананы пайдалану ережелері туралы бірінші курс студенттері арасында әңгімелер ұйымдастырылады.
Жылдық жоспар бойынша төмендегі тақырыптарға  студенттердің қатысуымен көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.
 


Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің кең ордасы.

ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапхана бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттау университет кітапханасының басты мақсаты болып табылады.

Университетте заманауи кітапхананы құру үшін кітапхана-библиографиялық үрдістерді ТОО «Kazakh soft» компаниясы өңдеген «Кабис» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған бағдарламасы кітапханаға сатып алынып енгізілген.

«КАБИС» бағдарламасы бойынша электронды каталог мәліметтер базасында библиографиялық жазбалар енгізілуде. Электронды каталог – кітапхана жұмысының маңызды бір бөлігі. Электронды каталогтың мәліметтер базасына құжаттардың библиографиялық сипаттамасы енгізіледі. Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты электронды каталог, алфавиттік каталог, жүйелік каталог, анықтама-библиографиялық қордан (энциклопедия, сөздік, анықтамалар) тұрады.

Оқу залдары мен абонемент оқырмандарға ақпараттық, кітапханалық және библиографиялық қызмет көрсетеді. Электронды құжаттар – бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі. Электронды оқу залы Интернет желісіне қосылып, ақпараттық мәліметтермен, электронды оқулықтармен қамтамасыз етеді.

Оқырмандардың негізгі басым бөлігін 74 % студенттер құрайды, 15 % оқытушылар, 10 % қызметкерлер.
Кітапхананың аса маңызды жұмыстарының бірі – көпшілік-тәрбие жұмыстары. Конференциялар, семинарлар, атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері ұйымдастырылады; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар жасалады, кітапхананы пайдалану ережелері туралы бірінші курс студенттері арасында әңгімелер ұйымдастырылады.

Кітапханада жеті қызметкер оқырмандарға қызмет көрсетеді, барлығы жоғары білімді қызметкерлер. Кітапхана қызметкерлері мынандай бағыттар бойынша жұмыс атқарады: қорды қалыптастыру және жаңғырту; анықтама-библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру; оқырмандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету; кітапхана-библиографиялық үрдістерін автоматтандыру; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.