Кәсіби бағдар және жұмыспен қамту бөлімі

Файзиев Нұржан Сапарханұлы

Кәсіби бағдар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы

Мекен жайы: Түркестан облысы, Жетісай қаласы, "Сырдария" университеті, бас оқу ғимараты, 72 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(72534) 6-19-26

Е-mail: sirdariya@mail.ru


Кәсіби бағдар және жұмыспен қамту бөлімінің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспары

Университетте бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру шараларын жүзеге асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылады:

  • университет түлектерінің жұмысқа орналасуын қадағалау: бітіруші түлектер туралы деректерді құрастыру, бітірушілердің кәсіппен қамтылуы туралы мәліметтерді жинақтау;
  • жұмысқа орналастыру бойынша тікелей әрекеттер: бітіруші түлектер мен студенттерді уақытша жұмыспен қамтылуына көмек көрсету; 
  • еңбек нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстар туралы ақпараттарды көрсету: жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңестер беру, жұмыс берушімен қарым-қатынас дағдысына үйрету;
  • жұмысқа орналасу мәселелері бойынша міндеттерді шешу: кәсіпорындар мен басқа да жұмыс берушілермен өзара әрекет, аймақтық және жергілікті өкіметтік ұйымдар, әлеуметтік бағдарламалармен, қалалық және аудандық бөлімдермен қамтылуы, мамандарды даярлау сапасы туралы ақпараттар жинау;
  • кәсіби бағдар жұмысы: "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі"-не студенттердің қатысуын ұйымдастыру.

Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру мақсатында жыл сайын "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өткізіледі, оған ауданның білім бөліміне қарасты мектептер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысады.

"Дипломмен ауылға", "Жастар тәжірибесі", "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылады.