Академиялық ұтқырылық бөлімі

Конарбаева Нуржамал Бейсенбаевна

Бөлім басшысы

Телефон: 8 702 377 55 57

E-mail: nuri.k.b.1981@mail.ru


Университет ережесі
Құрылымдық ереже
Академиялық ұтқырлық бөлімінің 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық ЖОСПАРЫ

Академиялық ұтқырлық бөлімінің 2019-2020 оку жылындағы жылдық есебі

Академиялық ұтқырлық туралы ереже

Студентерге қажетті құжаттар тізімі

Cтуденттің өтініші

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары

Профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығы

Шетелдік серіктестер

Халықаралық гранттар мен шәкіртақылар


Modernization of Higher Education in Central Asia through New Technologies

Information about university

Академиялық ұтқырлық бойынша іс-шаралар Университет құрылымында 2012 жылдың қыркүйегінен үздіксіз жүзеге асырылып келеді, 2016 жылдан бастап бөлім ретінде қайта құрылып, басшысы болып А.Мұхтарғалиева тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйегінен бөлім басшысы болып М.Досқараева қызмет етеді. 

Академиялық ұтқырлық бөлімі Болон Декларациясының негізгі принциптерін ұстана отырып студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын іске асыруда. «Сырдария» университетіне жетекші мамандарды шақыру, оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің тағылымдамасын, іс-тәжірибесі мен білім алмасу іс-сапарларын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жандандыру бағытында отандық және шетелдік ЖОО-мен екі жақты келісімшарттар орнату жұмыстарымен айналысады.

Қазіргі таңда академиялық алмасу аясында университетімізбен Латвия, Венгрия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында тығыз байланыс орнатылған.
Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер мен оқытушылар Тәжік Педагогикалық институты мен Қырғызстанның М.Қ.Барскани атындағы Шығыс университетімен білім алмасу, тағылымдамадан өту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу шараларына белсенді қатысуда.

Сонымен қатар, алыс шетел ЖОО-мен байланысты нығайту мақсатында халықаралық Erasmus+ және Мевлана бағдарламалары аясында Еуропаның Riga Technical University, Eszterházy Károly University және Түркияның Anadolu University, Kastamonu University, Artvin Coruh University беделді университеттерімен академиялық алмасуды іске асыратын келісімшарттар түзілген. 

Университетімізге жыл сайын шетелдік мамандарды дәріс оқуға, консультация мен семинар жүргізуге шақырамыз. Атап айтсақ, Германия, Египет, Ресей, Қырғызстан, Португалия, Тәжікстан елдерінен беделді профессорлар оқу орнымызға келді. Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша еліміздің ЖОО-мен білім алушыларды алмастырудамыз, оның ішінде Шымкент қаласының университеттерімен тығыз байланыс орнатылған.

Академиялық ұтқырлық бөлімі білім алушылар мен оқытушылардың білім мен тәжірибе алмасуда университет беделін арттырып, халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға қызмет етеді.

2012 жылдан бастап университетке академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдің беделді оқу орындарынан профессорларды студенттер мен оқытушыларға лекция, семинарлар мен консультациялар жүргізу мақсатында шақырылады. Университетімізге Германиядан PhD этнолог Йеско Шмоллер, математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эйхлер және филология ғылымдарының докторы профессор Вальтер Фризен келіп дәріс оқыды.

Сондай-ақ «Сырдария» университеті студенттері мен магистранттары Португалияның химия ғылымдарының докторы Свитлана Любчик, Ұлыбританияның Кемдбридж университеті профессоры Сидхарт Саксена, Варвик университеті Рэй Чатвин, Египеттің Суец каналы университеті Мустафа Селми сияқты беделді профессор-оқытушылармен танысуға, дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. ТМД елдерінің ішінде Ресейдің Омбы қаласының Қаржы университетінен экономика ғылымдарының кандидаты Хаиров Бари Галымович, Қырғызстанның Махмуд Қашқари-Барскани атындағы Шығыс университетінің жетекші ғалым профессорлары, Тәжікстан педагогикалық институтының ректоры, филология ғылымдарының докторы Ансоров Муаззам-Кудротзодо келіп университетіміздің студенттерімен жүздесіп дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар мәдени байланыстарды дамыту мақсатында Франция, Венгрия елдерінен келген қонақтарды атап өтуге болады.

Университетіміздің тәжірибесі мол профессор-оқытушыларды басқа университеттерге екі жақты ынтымақтастық негізінде лекция оқып, тәжірибе алмасуға жіберіледі. Оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы екіжақты байланысты одан әрі нығайта түсетін маңызды фактор. Осыған орай алыс-жақын шетелдерге профессор-оқытушыларымыз жиі барып өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады. 

Атап айтатын болсақ, Тәжік педагогикалық институтына (Тәжікстан, Пенджикент) ректорымыз педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дайырбеков С.С. «Информатика» пәнінен дәріс оқыса, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасов С.А. «Дифференциалды математика» пәнінен, география ғылымдарының кандидаты, доцент Тажекова А.Д «Геоэкология және табиғатты қорғау» тақырыбында дәріс жүргізіп келді. Қырғызстанның Бишкек қаласында орналасқан М.К. Барскани атындағы Шығыс университетіне университетімізден техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңабаев Ж.Д., PhD докторы Нұрбек М.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рузибаев А.Ж, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тленчиева Н.С., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Авдонин В.В. секілді жоғары білікті мамандарымыз барып өз тәжірибелерімен бөлісіп келді.
 

2014 жыл. Улыбританиялық ғалым, философия докторы (PhD), профессор Сидхарт Саксена университетте қонақта

2014 жыл. Лиссабондық ғалым,  химия ғылымдарының докторы С.Б. Любчик

2015 жыл. Германиялық ғалым математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эйхлер

2015 жыл. РФ Омск Қаржы университеті, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Г. Хаиров

2017 жыл. Германиялық ғалым Вальтер Фризен келгенде

2017 жыл. Египеттік ғалым Мустафа Селми дәріс оқуда

2018 жыл. Университет ғалымдары т.ғ.к., доцент Рузибаев А.Ж., т.ғ.к., доцент Жаңабаев Ж.Д., PhD доктор Нұрбек М.А.
М.К. Барскани атындағы  Шығыс университетінде

2018 жыл. Ұлыбританиялық ғалым, философия докторы (PhD) Рай Чатвин "Сырдария" университетінің "Құрметті профессоры"

 

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидасының" 77 тармағы талабына сәйкес, ғылым мен білімді ұштастыру мақсатында "Сырдария" университетінде 2012 жылдан бастап Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап өз алдына "Академиялық ұтқырлық" бөлімі болып құрылды.

Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-да немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық - шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі.

Ішкі академиялық ұтқырлық  - білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Академиялық ұтқырлықтың бөлімінің мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция.

Академиялық ұтқырлық бөлімінің негізгі міндеті - студенттер мен университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, есепке алу және бақылау, жоспарлау және болжау болып табылады.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру;
  • Халықаралық "Болашақ" бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерге кеңес беру;
  • Халықаралық оқу бағдарламалары бойынша мәліметтер беру;
  • Студенттер мен университет қызметкерлері академиялық ұтқырлығын жүзеге асыруға бағытталған университет кафедраларымен жұмыс істеу.