Ректор блогы

Мамраимов Серік Дәулетұлы
Ректор, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: 8(72534)6-14-63
Е-mail: s_dauletuly@mail.ru


Мамраимов Серік Дәулетұлы 1966 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы "Мырзашоқы" ауылында Ілияс Жансүгіров орта мектебін бітірген. 1993 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын аяқтап, тарих пәні мұғалімі мамандығын алған.

1993-1996 жылдар аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1996–1998 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Жетісай бөлімінде тарих пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 1998 жылдан "Сырдария" университетінде декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, Ғылыми және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, университет ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда осы университеттің Оқу істері жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

2007 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жанындағы диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылым жолындағы шығармашылық ізденісі түрлі отандық және шетелдік ғылыми баспа беттерінде жарияланған. Екі монографиясы, бір оқу-әдістемелік құралы, 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Отбасылы, төрт перзенті бар.

 


2019-2020 оқу жылының жылдық есебі 


 


Ректорға қойылған сұрақтар


 

Сұрақ-жауап

Саламатсызба ағай! Менің сұрағым алдын басқа мамандықта оқып жатқан ем кейін ауысып кетім, келесі жылы қайта ауыса аламба баяғы мамандығыма мүмкіндік болама 2-ші рет?

Саламатсыз ба? Мен биыл 4 курс студентімін. Жақында диплом аламын. Сізден сұрайын дегенім, тек қызыл диплом алатын студенттерді "Қазақстаннан"береді екен. Ал қалғандарды кафедрадан береді екен. Неге барлығын бірге шақырып сіздің қолыңыздан алмасқа? Диплом беруге бар жоғы 4сағат көлемінде уақыт кетеді,ал сол 4 сағат біз үшін үлкен естелік! Осы жайында ойланып көрсеңіз.

Құрметті жас түлек. Биыл күндізгі бөлімде 412 бітіруші бар. Оларға диплом беріп шығуға 4 сағатың жетпейді. Бітірушілерді бөле жармау үшін тек үздік дипломдарды табыстау жылдағы үрдіске айналған.

Ректор мырза сұрағыма жауап беріңізші, өтініш мен университетте оқимын содан оқудан шықпай кешендік тест тапсырса болады деп естідім сол рас па? Толық жауап күтем.

Сіздердің Оқу орындарыңызда жақсы оқитын студенттерге арналған жеңілдіктер, гранттар, ректордың степендиясы дегендей, ынталандыру (премия) бар ма? Менің есітуімше оның бәрі шындыққа жанаспайтын секілді. Хабарын күтемін?

In reply to by Мерейлім (тіркелмеген)

Тек жақсы оқу ол жеңілдікпен оқуға себеп емес.Жылда беріліп келе жатқан бір реттік стипендияны алу үшін үздік оқумен қатар қоғамдық өмірде де белсенді, ғылымға құштар болу қажет. Жеңілдіктің басқа түрлері Ғылыми кеңес шешімі арқылы қарастырылады.

Сәлеметсіз бе Ректор мырза? Менің қояр сұрағым, Мен 3-курс студентімін. Осы курста яғни 3-курста Президент шәкіртақысын ала аламын ба? Сабақтарымның барлығы бес болу шарт па?

Мен Астана қаласы Еуразия ұлттық университеті Биология мамандығы 3 курс студентімін. Осы жазда өндірістік практика болатын, еді әрі менде диплом такырыбым Макта жайында еді, соған Сіздерде қандай лабораториялық орталықтар бар? Алдын ала рахмеет!

In reply to by Айкуним Есимова (тіркелмеген)

Қобланова Оңғаркүл Нұрмағанбетқызы - Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Бізде "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалаған келсең болады.

Аса құрметті ректор мырза колледжден кейін сіздерге оқуға түссем деп ем оқу ақысы қанша және қанша жыл оқимын коледжден кейін?

In reply to by Нурбек (тіркелмеген)

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшы - Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы. Байланыс телефондары: 8 (72534) 6-34-98, 8701-749-57-86

Аса құрметті, ректор мырза! Мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студентімін. Сізден іс-тәжірибе бойынша сұрақ қойайын деп едім. Біздер іс-тәжірибеге телеарналарға бара аламыз ба? Бара алсақ қандай арналарға?

In reply to by Болашақ филолог (тіркелмеген)

Құрметті білім алушы, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы педагогикалық мамандық болып табылатындықтан Сіздер мектепте, білім беру мекемелерінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтесіздер.

Құрметті ректор мырза! Мен биыл 11-ші сынып бітірдім, сіздерде орыс тілі мұғалім мамандық барма? Бар болса жылына қанша куямыз? Тағыда кандай мамандыктар бар?

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Құрметті абитуриент. "Сырдария" университетінде 27 білім беру бағдарламалар бар, оның ішінде «6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламала кіреді. Толемақы: 180 мың тенге. Біздің сайтта «ТАЛАПКЕР» бөлімде толық мәлімет көрсетілгенhttps://sirdariya.kz/kk/node/23.

Сәлеметсізбе ректор мырза!
Мен педагогика және психология білім беру бағдарламасының студентімін. Мен 2019жылы университетті бітіруім қажет болған. Бірақ 3 курста яғни 2018 жылы 2 сабақтан қарызым отбасылық жағдайыма байланысты жабылмай қалды. Енді сол қарыз сабақтарымды жауып дипломымды алғым келеді. Не істесем болады? Карантин кезінде өтінішті онлайн форматта жіберуге болады ма? Қолымда 1жасқа толмаған сәбиім бар. Өзім ақылы бөлімде оқыдым. 4жылдық оқуымның ақысы төленіп тұр. Оқу ақысы сақталады ма? Бұл сұрақпен кімге жолықсам болады? Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз деймін!

In reply to by Студент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызға қайта қабылдануыңыз үшін өтініш жазып, студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырсаңыз болады. Байланыс телефоны: 6-14-03.

Сәлеметсіз бе! Мен өз атымнан физика және математика мұғалімдеріне осы қиын уақытта бізге берген еңбектері, шыдамдылықтары мен білімдері үшін зор алғыс білдіргім келеді.

Құрметті студент! Жағымды пікіріңіз үшін рақмет. Оқуда және болашақ өмірде сәттілік тілейміз! Рахмет!

Мен математика(5В010900) мамандығының 2-курс студентімін. 2021 жылғы көктемгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Гумилев атындағы ЕНУ ға жарты семестрге оқи аламын ба, ол үшін не істеу керектігін толық айтып жібересіз.

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық секторы қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 8(72534) 6-14-63, е-mail: sirdariya.mobility@mail.ru. Рахмет!

Құрметті Серік Дәулетұлы мырза мен сізден өтініш сұрайын деп едім. Менің әлеуметтік жағдайыма(тұлдыр жетім) байланысты тарих сабағынан емтихан тапсырма алмай аз балл жинап қалдым мені летоға қалдырды. Серік Дәулетұлы сол сессияны қайта тапсырсам боладыма.

Құрметті студент! Емтиханды тапсыра алмаған студенттер жаздық семестрде сол пәнді ақылы түрде тапсырады. Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ескере отырып, жазылған өтінішіңіз бен растайтын құжаттарыңыздың негізінде төлемақысыз тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Тіркеу офисінің қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 6-29-99. Рахмет!

Сәлеметсізбе! Мен қызыл диплом жайында сұрайын деген едім. Бүкіл сабағым жақсы үш жоқ, практика, мемлекеттік емтихан олда 5. Бірақ бірінші курс бойынша GPA балым 3,43. Ал барлық GPA қосқанда 3,62 болып тұр. Қызыл диплом ала аламынба?

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңызға жауап алу үшін Тіркеу офисінің қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады.

Салеметсызбе! Менің сұрағым оқу ақысына байланысты мамырдын сонына дейын төлеу керек, бірак карантин болғандықтан жұмыс болмай төлей алмай жатырмыз, сол себепты кешіктіріп 4-5 маусым төлесе болама?

In reply to by Студент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша бухгалтерия хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

Сәлеметсізбе Серік Даулетұлы! Менің қояр сұрағым мен 1курс бітіріп отырған студент едім. Мамандығым Филология факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті. Бұл мамандыққа үздік аттестат болғандықтан 50% жеңілдікпен түскен едім. Кәзір сессия бағаларымның бәрі А, А- , болып тұр. Сол жеңілдігім 2 курста да сақталама? Сақтап қалуыма мүмкіндік барма? Сосын менің мамандығымда бұйырса грант бөліне ма? оған қалай ілінуге болады? айтып жіберсеңіз өтініш! Алдын ала рахмет!

Құрметті студент! Сіз «Үздік аттестат» жеңілдігімен оқып жатқан білім алушы болсаңыз, қорытынды бағаларыңыз тек қана «өте жақсы» деген бағада (А, А+) болса ғана жеңілдік келесі оқу жылында сақталады. Ал, мемлекеттік бос білім гранты Сіз оқып жатқан мамандық бойынша білім гранты босаған жағдайда ғана және конкурстық негізде беріледі. Босаған білім гранттары туралы ақпарат семестр аяқталғаннан кейін университет сайтында және «Платон» жүйесінің «Хабарландырулар» бөліміне орналастырылады. Білім грантына үміткер білім алушы ретінде оқу үлгерімін көрсететін транскрипт көшірмесін, әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын тіркеп, университет ректорының атына өтініш жазуы қажет. Конкурстық талаптарға сәйкес құжаттарыңызды жинап, институт директоратына өткізуіңізге болады. Рахмет!

Кеш жарық, 2 курс магистранты Әлімжанов Е, мен диплом жұмысын антиплагиаттан өткізу кезінде ауылда интернет желісі дұрыс болмай, бір сәтте 2 мүмкіндігімді қолданып 66 процент алып қалдым, ендігі жағдайда не істесем болады, мен әдейі емес екі мүмкіндікті бірден қолданып қателестім, ауылды жерде интернет желісі дұрыс болмауы өз септігін тигізді.

Сәлеметсіз бе! Өтініш жазып, диплом жетекшіңізге немесе кафедра меңгерушісіне өткізуіңізге болады.

Сәлеметсіз бе? Менің сұрайын дегенім, универде көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге грант бөлінеді ме? Яғни, көпбалалы отбасыдан шыққан студент сізге өтініш жазып грантқа ауыса алады ма? (Рахмет)

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығының меңгерушісі Абуова Баян Усербаевнанан хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8778-188-15-97. Рахмет!

Спасибо Всем - организаторам, лекторам и участникам онлайн-конференции! Было очень познавательно. Многому реально научились. Особенно похвально слаженная работа всех членов организаторов, также быстрое реагирование, быстрые переходы между методами подачи материалов, быстрая адаптивность нашим запросам и тд. Самое главное, оправдались все мои ожидания от онлайн-конференции. Приобрела много знания, навыков, максимум позитива и уверенности для дальнейшего движения. Желаю Всем удачи и достижении!

Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Саулығыңызды тіледім! Студенттерге деген қолдауыңыз ерекше! Менің сұрағым магистратура емтихандарына байланысты. Ағылшын тілінен халықаралық IELTS тесті міндетті ме, әлде жылдағыдай университетте тест тапсырып түсе аламыз ба?!

In reply to by Магистр (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! 2020/2021 оқу жылында магистратураға түсу емтиханын кешенді тест түрінде Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы өткізеді. Яғни, шет тілі мен арнайы мамандық емтиханы тест түрінде тапсырылады. Екі емтихан қорытындысы бойынша жинақталатын ең жоғары балл - 150. Грантқа конкурсқа қатысу үшін кем дегенде 100 балл жинау керек. Типтік ережеге сәйкес шет тілінен халықаралық сертификаттары бар талапкерлер шет тілі емтиханынан босатылады.

Сәлеметсіз бе, құрметті Серік Дәулетұлы?! Қазіргі кездері болып жатқан пандемияға байланысты, ауылдық жерлерде тұратын, интернет желісімен дұрыс қамтамасыз етілмеген жазғы семестрге қалған студенттердің емтихан нәтижесін 2 аралық бақылау бойынша қорытындылауға мүмкіндік беруіңізді өтінеміз.

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қою форматында емтихан тапсырғысы келетін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін және сұрағыңыз бойынша қосымша Тіркеу офисінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет!

Саламатсыз ба Серик Даулетович? Мен басқа жоғарғы оқу орныннан, КазНПУ-ға ауысуға болады ма, қандай құжаттар қажет?

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 6-14-03. Рахмет!

Құрметті Серік Дәулетұлы, мен құқықтану мамандығының 4 курс студенті, сізге қояр сұрағым мен өтінішім бар. Біздің университет Ұлттық университет орта білім беретін мектептерден қай жеріміз кем, неліктен бізде әр институт бөлек дипломмен марапатту салтанаты болмайды? Біз 1-ші курстан бастап 4 жыл ақылы бөлімде оқып, мантия киіп диплом алуымызды күттік. Бізге дипломды әр мекен-жайымыздың жанындағы почтаға жібереміз дейді,біз дипломды марапатты түрде қолымызға алғымыз келеді, осы мәселені шешіп беруіңізді өтініп сұраймыз.

In reply to by Студент (тіркелмеген)

Құрметті студент! Бізге түлектеріміз бен қызметкерлеріміздің денсаулығы маңызды. Қазіргі жағдайды ескеріп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Дипломды табыстау рәсімі онлайн режимде өтеді. Сұрағыңыз үшін рахмет!

Құрметті Серік Дәулетұлы! Биыл жазғы семестрден кейін грантқа ауысуға өтініш жаздым. Егер грантқа ауыссам степендияны қай айдан бастап ала аламын. Алдын-ала рахмет!

In reply to by Студент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің заңнамалық құжаттарына сәйкес грантқа ауыстырылған күннен, яғни бірінші қыркүйектен бастап шәкіртақы төленеді. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Байланыс деректері: 6-11-69. Рахмет!

Здравствуйте. В этом году я поступаю на специальность учитель ИЗО и черчение. Как я могу подать заявление на грант и сколько для этого нужно баллов?

Здравствуйте! Для участие в конкурсе на получение образовательного гранта заявки будут приниматься в онлайн режиме с 13 по 20 июля. Также в свободном доступе есть информация о том, сколько грантов выделено на выбранную вами образовательную программу. Удачи Вам!

Сәлеметсіз бе, мен осы жылғы түлекпін, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім мамандығына тапсырғым келеді, 79 балл алып қалдым,республикалық, облыстық олимпиада, байқаулардың жеңімпазымын,сіздің ректорлық грантыңызға үміткер бола алам ба? Құжат тапсыруыма бола ма? Менде ауылдық квота, ауыл мектебіненмін, әрі көп балалы отбасынанмын. Ректорлық грант ала аламын ба?

Сәлеметсіз бе! 79 балл жақсы нәтиже. 2020 жылдың 13-20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылданады, қатысып көріңіз. Өкінішке орай, ректорлық грант берілмейді. Университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған: Құжаттар онлайн режимде қабылдануда.

Сәлеметсіз бе! Осы жылы магистратураға документтерді қашан тапсырамыз? Онлайн форматта тапсырамыз ба әлде офлайн ба? Елдегі жағдайға байланысты 0.86 медициналық анықтаманы алуда қиындықтар туындауы мүмкін, ол жағдай қарастырылуда ма? Осы сұрақтарға мәліметтер қашан шығады?

Сәлеметсіз бе! Магистратураға өтініш беру 19 шілде күні аяқталған. Құжатты КТ тапсырып, қажетті балл жинағаннан кейін тапсырасыз.

Сәлеметсіз бе! Бұл университетте ректордың гранты тағайындала ма?

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Ректордың гранты тағайындалмайды.

Қайырлы күн! Мен қазір ҚазҰУ биология мамандығы бойынша 2-курсты аяқтадым. Енді сіздердің университеттеріңізге екі шет тілі мұғалімдік мамандығында оқығым келеді. Қалай ауыссам болады?

Сәлеметсіз бе! Университетімізге ауысу жолдары туралы толық ақпаратты Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен алсаңыз болады. Байланыс деректері: 6-14-03

Сәлеметсіз бе. Мен жастүлек 2020. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын Сырдария университетінде оқығым келеді. Бірақ шекті балым 70-ке жетпейді.62баллмен түссем болады ма?

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Құрметті талапкер! Сіз тамыз айында Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып, педагогикалық білім беру бағдарламаларына шектік 70 балл жинап, бізге ақылы негізде оқуға келе аласыз. Сәттілік тілейміз!

Саламатсызба Серік Даулетұлы Сізден білгім келгені менім қызым Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы университетке жалпы конкурспен грантқа түсіп «Азық түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша бірінші курсты бітірді. Енді сіздердің университеттеріңізге биология-химия мамандығына ақылы бөліміне ауысуға болама.

Құрметті ата-ана! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 6-14-03, е-mail: sirdariya@mail.ru. Рахмет!

Сәлеметсізбе. Мен Алтын белгі иегері 2020жылдың түлегімін. ҰБТ тапсыра алмадым маусым айында. Себебі. Достарымның айтуымен телефон алып кірмек болып ұсталып, тестілеуге қатыса алмадым, қаңтар айфнда 85,наурыз айында 120 бал жинадым. Сіздің университет маған қандай жеңілдік жасай алады?

Құрметті талапкер! Сіз 2020 жылдың қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесінде берілген сертификатпен ақылы негізде білім алуыңызға болады. Рахмет!

Салематсыз ба? Менің ұлым ҰБТ-ден 45 балл жинап қалды. Таңдау пәні математика, физика еді. Осы университетке түсуге қандай мүмкіндіктер бар? Биыл ақылы түрде оқысақ келесі жылы грантқа ауыса алады ма? Университет грантын ұтып алу үшін биыл тест тапсыра ала ма? Кеңесіңіз керек болып тұр.

Сәлеметсіз бе! Университетімізге ақылы негізге оқуға тапсыру үшін педагогикалық білім беру бағдарламаларына 70 балл, педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына 50 балл жинау қажет. Сіздер тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысып, шектік балл жинасаңыздар болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

69 балмен ақылы окуға түсе аламба? Барлығы 5 баллдан жоғары. Кыста тапсырғанмен немесе маусымдағы тестте 57 балл жинадым 5 баллдан жоғары грантка болама? Математика мұғалімдікке.

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Құрметті талапкер! Университетіміздің педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына оқуға тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. Оқу ақысы мен білім беру бағдарламалары бойынша 16-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларынан онлайн-кеңес алсаңыз болады. Ақпарат алу үшін ZOOM платформасына қосылу керек. Қабылдау комиссиясының онлайн-кеңесіне сілтеме: https://sirdariya.kz/kk/node/23

Саламатсыз ба? Оқу орынға тапсыру үшін отінішті қайдан алуға болады? Биология, химия пән мұғалімдігіне тапсыру үшін грант қанша балл керек?

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік грант конкурсына виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсыра аласыз. Байланыс тел.: +7 7026254353

Добрый день когда можно подать заявку на магистратур, на платную основу?

Здравствуйте! В магистратуру на платное отделение можете подать документы после сдачи КТ. Для платного обучения нужно набрать 50 баллов.

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері мен анықтамалар сайтта күнделікті жаңартылуда. Берілген тізімнен аты-жөніңіз табылмаған жағдайда қабылдау комиссиясының қызметкерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: +7 7026254353 Азимбаев Жадігер

Сәлеметсізбе мен сіздерге ауысу үшін керекті құжаттарымның көшірмелерін жіберген едім, пән айырмашылықтары туралы хабар алдым, тек басқа сұиақтар бойынша маған ешкім жауап бермей отыр. Электрондық почтада жауап беруін сұраймын.

In reply to by Нурпейіс Баян (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Сұрағыңыз бойынша Студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы Абуова Баян Усербаевна хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 6-11-63, bayan.abuova@inbox.ru Рахмет!

Сәлеметсіз бе. Менің таңдау пәнім дүние жүзілік тарих және қоғамтану, мұғалімдік мамандығы бойынша тандап аламын ба?

Сәлеметсіз бе, педагогикалық емтихан тапсырғаны туралы анықтама 13-нен бері сайттарыңызға салынбады,онсыз электронды құжат тапсыруда қиындық туындайды. Осы мәселені тездетуге тапсырма берсеңіз деген өтініш, құжат тапсыру мерзімі аяқталып келеді, рақмет

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері жүйеленіп, сайтқа күнделікті жариялануда.Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын ескертеміз. Түсіністік танытып, емтихан нәтижелерін сайтымыздан бақылап отыруларыңызды сұраймыз. Рахмет!

Медицина мамандығына тапсыратын едім, төртінші мамандықты химия пәнінің мұғалімі деп таңдайын дегем,психо тест Әуезовта тапсырдым, сіздердің педагогикалық тестті де тапсырғам енді базадан eGov-та педагогика мамандығы ғана шығып тұр маған мед.керек сіздер мені базаларыңыздан өшірсеңіздер

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: Азимбаев Жадігер 87026254353, 6-27-85

Здравствуйте, уважаемый Серик Даулетович! 17 июля 2020г. мы явились на консультацию к вам в приемную комиссию. При консультация нам не сказали, что для участия в конкурсе абитуриенту подающему документы в педагогический ВУЗ обязательно прохождение специального экзамена (психологического теста). Сегодня узнаем что окончательный срок сдачи теста был до 18:00 часов 19 июля 2020г. Для абитуриентов с срок подачи документов до 25 августа 2020г. через портал электронного правительства. Почему у Вас ограничения. Теперь выходит, что мы не сможем подать документы на конкурс? Или все же можно подать психологический тест?

In reply to by Апекова Адеми (тіркелмеген)

Здравствуйте, Адеми! Для поступления на педагогические специальности сдача педагогического теста необходима. Конкурс продлен до 30 июля, соответственно вы можете пройти педагогический тест до этого времени. Этот тест вы можете пройти на нашем сайте. Приносим извинения за неудобства!

Мен медицина мамандығына тапсыруым керек еді шатасып педагогикалық тест тапсырыппын психологиялық емес енді сіздерден мені педагогикалық тесттен өшірсеңіздер, медицина мамандығына тапсыра алмай отырмын өтініш

Менің қызымның арманы- Сіз басқарып отырған оқу орнының грантын иемдену. Биыл мектепті бітірді. таңдау пәні - қазақ тілі мен әдебиеті. ҰБТ-дан жинағаны 95 бал. Грантқа ие бола алар ма екен? Қалай ойлайсыз? Жалпы статистика дегенді көре алмай отырмын

In reply to by Ата-аналар (тіркелмеген)

Құрметті ата-ана! Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі өте жақсы. Грант иегерлері мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесіне байланысты анықталатындықтан, біз нақты айта алмаймыз. Конкурсқа құжаттарын тапсыру қажет. Сіздерге сәттілік тілейміз!

Салеметсыз бе Серік Даулетұлы? Мен кешенды тестылеуге калай документ тапсырсам болады, жане коп балалы отбасыларга женылдык бар ма акылыга тусетын болсам? Мектепке дейынгы мамандык бойынша оку акысы канша?

In reply to by Абитуриент (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе, Ерке! Университетімізде ақылы бөлімде оқитын білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты 100% дейін бірқатар жеңілдік қарастырылған. Кешенді тестілеу тапсыру және оқу ақысына байланысты қабылдау комиссиясының қызметкерлерінен онлайн-кеңес алуыңызға болады.

Онлайн-кеңес алу үшін талапкерлерге арналған ZOOM сілтемелері мен индентификаторлары ID:8898275374 Пароль: 982902

Zoom: https://us04web.zoom.us/j/8898275374

8 (707) 014-73-64 Базарбаева Айгерім Мұхтарқызы

8 (707) 922-89-77 Теңізбаева Гүлжазира Аскарбековна

8 (702) 972-93-02 Жалбырова Гаухар Тынышбековна

8 (775) 266-08-60 Раймбек Нурбек Дәулетиярұлы

8 (778) 475-05-07 Беркинов Ерлан Сабитович

Виртуалды кеңес беру уақыты: 9:00 ден 18:30 дейін, үзіліс: 13:00 ден 14:30 дейін.

Мен онлайн түрде педагогикалық тест тапсырдым. Жинаған баллым аты-жөнім тізімнен шығып тұр. Бірақ egov сайтынан менде арнаулы емтиханнан өтілмеген деп тұр. Базаға тіркелмеген дейді. Менің тестісді қайтадын базаға тіркей аласыздар ма?

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері және талапкердің емтихан тапсырғандығын растайтын анықтама сайтта жарияланған. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: Азимбаев Жадігер 87026254353, 6-27-85

Уважаемый Серик Даулетович! У меня такой вопрос: в этом году у Вас есть программа дистанционного обучения? И как можно туда попасть? Я училась на очном отделение с 2010 по 2012 года, после попала на отчисление из-за неуплаты. Если есть программа дистанционного обучения могу ли я туда восстановиться и закончить высшее? Буду рада любой информаций по восстановлению обратно на учебу.

Здравствуйте! Дистанционное обучение у нас предусмотрено только после колледжа, если совпадают специальности по классификатору. И на базе высшего образования, то есть если нужно второе высшее образование. Вы же можете подать заявление на восстановление, но форма обучения будет очная.

Құрметті Серік Дәулетұлы, осы жолы сабақ онлайн өтеді ме? Әлде барып оқимыз ба?

In reply to by Студент (тіркелмеген)

Құрметті студент! Жаңа оқу жылы карантин жағдайына байланысты онлайн форматында басталады.

Сәлеметсіздер! Сіздерге жұмысқа орналассам деймін, қандай вакансиялар бар? қандай электронды поштаға түйіндеме жіберсе болады, рахмет.

In reply to by Маман (тіркелмеген)

Сәлеметсіз бе! Сырдария университетінің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді Кадр бөлімінен алуға болады.

Мекен-жайы: М.Әуезов көшесі 13, Кадр бөлімі. Тел.:+7 (725)346-20-08, https://sirdariya.kz/

Саламатсыз? Сіздерге Алматы қаласынын "Алматы" университетінен студенттерді ауыстырды ма ол университет жабылып калган сон сіздерге студенттерді ауыстырдық деп жауап жазды соны қалай білсем болады, мен оқып жатқан факультетім "Дошкольное воспитание" ол факультет сіздерде бар ма? тез арада жауап берсеніз, өтінеміз, мен 2 курс студентімін 2018-2019 оқу жылында сол университетте 1 курсқа акша төлегем енді сіздерге төлейсіз дейді, келісім шартты қалай жібересіз кімнен аламыз? рахмет

Сәлеметсізбе Газиза! Біздің университетінде 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы" білім беру бағдарламасы бар (Дошкольное воспитание), оқуға келіңіз!

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.