"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы

Халмухамедов Рустам Деканович

"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының меңгерушісі.

п.ғ.к., доцент

Презентация

Элективті пәндер каталогі (модульдер)

"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы 1998 жылы 27 шілдеде құрылған. 5В010800 – "Дене шынықтыру және спорт мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 8 тамызындағы №349 бұйрығымен және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген Үлгілік жоспарына сәйкес жұмыс жүргізуде. "Дене шынықтыру және спорт" каферасының меңгерушісі қызметін 1998 – 1999 жылдары Ж.П.Пірімбетов, 2000 жылы доцент С.А.Қуанышов, 2000-2005 жылдары И.Қ.Алайдаров, 2005-2014 жылдары А.Буркашев, 2014-2017 жылдары п.ғ.к., профессор П.И.Донченко, 2017-2018 жыл доцент М.С.Салихов, 2018-2019 оқу жылынан бастап п.ғ.к., доцент Р.Д.Халмухамедов атқаруда.

Кафедрада педагогика ғылымдарының докторы, профессор О.А.Аяшев, КСРО спорт шебері С.А.Қуанышев, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор П.И.Донченколар қызмет атқарды. Олар кафедраның нығаюына, спорт базаларының жақсаруына көп үлестерін қосты. Кафедрада спорттық жетістіктерін жоғарылату үшін бірнеше спорттық үйірмелер: үстел тенисі еркін күрес, баскетбол, волейбол, футбол, қазақша күрес, қол добы үйірмелері жұмыс істейді. "Сырдария" волейбол, баскетбол, футбол құрама командасы түрлі көлемдегі жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алуда.

"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасында 21 профессор оқытушылар қызмет атқарады. Олардан атап айтқанда 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 8 ғылым магистрлері, 2 аға оқытушы және 1 оқытушы.

"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы аудандық және облыстық қоғамдық жұмыстарда активті қатысып келеді. Кафедра доценті Б.А.Туребеков "Дене шынықтыру" сабағының 3 сағаттық өтілімінің тиімділігін дәлелдеу бойынша зерттеу жұмыстарын аудан көлеміндегі мектептер және Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларының жалпы орта мектептерінде жүргізуде. Онымен қоса факультет деканы Е.А.Кылышев балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесін барынша нығайту жөніндегі зерттеу жұмыстарын Қырғызстан Республикасы, И. Арабаев атындағы ҚМУ – де жүргізуде. Ғылыми-зерттеу жұмыстары онымен тоқтап қана қоймай, халықаралық дәрежеде дамып келеді. Мамандық студенттері Тәжікстан Республикасы, Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты, Ресей федерациясы, Омск қаласы, Достаевский атындағы Мемлекеттік университеті, Ташкент қаласындағы "Жисмоний тарбия" институтымен жиі-жиі онлайн конференцияларын ұйымдастырып отырады.

"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

1. Бұқаралық спортты дамытудың жаңа ғылыми бағыттары мен жолдары, спортшыларды психологиялық даярлаудың технологияларын жетілдіру.

2. Бұқаралық спортты дамытудың тиімді жолдарын іске асыру

СҒЗЖ бойынша кафедрада арнайы "Кәсіби спортшы" үйірмесі жұмыс жасайды.

"Нурдаулет" ашық спорт алаңы

645 м2

Спорт залы

515 м2

Ашық спорт алаңы

690 м2

Күрес залы

83,3 м2

Әдістемелік кабинет

18,5 м2

Тренажер залы

86 м2

Спорттық ойындар (аудиториясы)

33 м2

Олимпиадалық білім (аудиториясы)

43 м2

 

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі (аудиториясы)

56 м2

"Дене шынықтыру және спорт" кафедрасына қарасты дәрісханалар мен спорт алаңдарының тізімі (көлемімен)

Спортпен қатар факультет студенттері ғылымды қатар алып жүруге дағдыланған. Факультет студенттерінің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдары 84-ке жеткен. Студенттеріміз жыл сайын өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадаларға тұрақты қатысып келеді. 2014 жылы сәуір айында "Қазақтың спорт және туризм" академиясында өткен "Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі" пәні бойынша, Академияның 70 жылдық мерейтойына арналған VІ Республикалық студенттік олимпиадаға үш студент қатысып, соның ішінде Іңкәрбеков Данияр 3-ші орынды иеленді.

"Дене тәрбиесі және спорт" факультетіне қарасты "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы жұмыс жасайды.

Кафедрада білікті, ғылыми әлеуеті жоғары мамандар қызмет атқарады. Білікті мамандардың қызметтері нәтижесінде 2016 жылдың сәуір айында "Білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінен" мамандандырылған арнайы аккредиттеуден бес жылға сәтті өтті.

1

"Сырдария" волейбол құрама командасы

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.