"Өнер" кафедрасы

Қожағұлова Гүлнар Есенқызы

кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: 8775-488-48-01

Кафедра 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау/5В010600-«Музыкалық білім»,

6В02101-Дизайн/5В042100–«Дизайн»,

5В0120000 Кәсіптік оқыту/5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу»/6В01403-«Көркем еңбек және сызу»

білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

Кафедра туралы

«Өнер» кафедрасы 2020 жылы «Музыкалық білім» кафедрасы мен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедраларының бірігуі негізінде қайта құрылды.
 «Музыкалық білім» кафедрасы алғаш 1996 жылы құрылды. Кафедраны ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса басқарды. 
 «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы 2000 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі болып ашылды. Бөлімді ең алғаш Суретшілер Одағының мүшесі  Қалмұратов Жеңіс басқарды.
2005 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны ф.ғ.к., доцент Болысбаев Даулетхан басқарды.
Кафедра музыка және көркем еңбек мұғалімдері мен дизайн мамандарын даярлайды. 

Қазіргі таңда кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Қожағұлова Гүлнар Есенқызы басқаруда.
Кафедрада 25 профессор – оқытушы жұмыс істейді.
Олардың құрамында: педагогика ғылымдарының докторы, профессор – 1, доцент  - 2,  педагогика ғылымдарының кандидаты - 4, философия докторлары (PhD) – 2, ҚР мәдениет қайраткері – 3, университет доценті – 2, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – 6, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы – 5 педагог қызмет атқаруда. Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сай.
 «Өнер» кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі-құралдармен, аспаптармен және жиhаздармен жабдықталған.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы жалпы музыкалық білім және өнертану, көркем еңбек және дизайн салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізуде.

Сонымен бірге студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы бірнеше оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОБСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар жасады.
 «Өнер» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, дизайн, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ суретші, әнші – күйшілерді даярлауда аянбай еңбек етіп келеді.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық фестивальдардың лауреаттары. Атап айтқанда, ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса бірнеше Республикалық байқаулардың лауреаты. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз Бөрі Исаның «Желтоқсан», «Алтын аймақ мекенім» атты ән-күйлер жинағы, «Жиделі Байсын», «Мерекелік күй», «Сағыныш», «Наурыз тойы», «Жеңіс жолы» атты күй-поэмалары Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жетекші оркестрлердің репертуарларынан орын алып отыр.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, өз үлестерін қосып келеді.
Кафедра 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау/5В010600-«Музыкалық білім», 6В02101-Дизайн/5В042100–«Дизайн», 5В0120000 Кәсіптік оқыту/5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу»/6В01403-«Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Аталған білім беру бағдарламаларының түлектері қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласы мен мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосуда. 
 


Презентациялар (.PDF-форматта)

6В02101 - "Дизайн" білім беру бағдарламасы (45 слайд)

6В01403 - Көркем еңбек және сызу білім беру бағдарламасы (61 слайд)

6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы (48 слайд)

Басқа білім беру бағдарламаларға арналған презентациялар (.PPTX-форматта)

Басқа білім беру бағдарламаларға арналған презентациялар (.PPTX-форматта)

 

«Өнер» кафедрасы 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды.

“Өнер” кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ әнші-күйшілерді даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. 
Кафедра мүшелері жалпы музыкалық білім және музыкатану ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Сонымен бірге студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды. “Өнер” кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы дерлік тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі құралдар, аспаптар, және жиhаздармен жабдықталған.

Кафедра мүшелері бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар құрастырды.

Кафедраның барлық оқытушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық, фестивальдардың лауреаттары. 
Сонымен қатар профессор Бөрі Исаның «Желтоқсан», «Алтын аймақ мекенім» атты ән-күйлер жинағы, «Жиделі Байсын», «Мерекелік күй», «Сағыныш», «Наурыз тойы», «Жеңіс жолы» атты күй-поэмалары Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жетекші оркестрлердің репертуарларынан орын алып отыр.
Алғаш халық оркестрі болып құрылған «Жетісай сазы» ұлт-аспаптар оркестрі соңғы 20 жылдан бері Жетісайдағы «Сырдария» университетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы студенттері мен оқытушылардың біріккен тобымен жемісті жұмыс істеп келеді. 
“Өнер” кафедрасының барлық оқытушылары “Жетісай сазы” ұлт-аспаптар оркестрінің мүшелері. Кафедра мүшелері факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып өз үлестерін қосып келуде. 
«Өнер» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтар болсақ, Ахтанова Салтанат Көбейбекқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тан» кафедрасының доценті, ал Жораева Әсия Бахадырқызы ҚР мәдениет қайраткері, Шардара саз мектебінің директоры. Тян Ирина Корей Халық Демократиялық Республикасының Пхеньян қаласында өткен халықаралық «Апрель көктемі» фестивалінің, Ербол Қалмырзаев облыстық «Арай» эстрадалық ән байқауының, Әсел Мырзахмедова «Мырзашөл әуендері» эстрадалық ән фестивалінің лауреттары.
 «Өнер» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Осы аталған жетістіктің барлығы да кафедраның шығармашылық білімі жағынан кемелденіп келе жатқандығын көрсетеді.

 


«Өнер» кафедрасы 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау және 6В02101-"Дизайн" білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедра, негізінен, "Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша педагог мамандарды, "Дизайн" білім беру бағдарламасы бойынша дизайнер қызметкерлерін даярлайды. 
Кафедра мүшелері жалпы көркем еңбек және сызу, дизайн білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Сонымен бірге студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Кафедра мүшелері бірнеше әдістемелік құралдар, пәндік бағдарламалар шығарып, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), ОБСӨЖ мәтіндері, электронды оқулықтар т.б. әдістемелік көмекші құралдар жасады.
 Қазіргі таңда кафедра өзінің педагогикалық дәстүрін қалыптастырған, білікті профессор-оқытушылар құрамымен танылған, материалдық-техникалық базасы талап деңгейіне сай кафедраға айналды. Кафедраға қарасты кабинеттердің барлығы дерлік тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі құралдармен, жиhаздармен жабдықталған, 2 тігін шеберханасы, 1 шеберхана жұмыс істейді.
 Кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ суретші педагогтарды даярлауда аянбай еңбек етіп келеді.
 Кафедраның барлық оқытушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады. Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына “Шебер қолдар”, “Палитра”, «Кәсіби инновациялық технологиялық шеберлік», «Инновациялық бағыттағы сәндік қолданбалы өнер» үйірмелері үлкен мүмкіндіктер жасап өз үлестерін қосып келуде. 
Жыл сайын «Сән және ән шеруі» атты шығармашылық кеш, «Қыл қалам шебері» атты көрме өткізу дәстүрге айналған. Кафедра мүшелері факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттық стратегияларын, негізгі бағыттарын, міндеттерін іске асыруға өз үлесін қосып келеді. Осы аталған жетістіктің барлығы да кафедраның шығармашылық білімі жағынан кемелденіп келе жатқандығын көрсетеді.


 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары 
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

6В02101 - "Дизайн" 

 

6В01403 - Көркем еңбек және сызу

 

6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау

 

Басқа құжаттарға сілтеме

 

Бейнероликтер. Материалды-техникалық базасы. Факультет тынысы.

1. Дизайн білім беру бағдарламасы https://youtu.be/8zcUTPoTE-4

2. Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/Q032cAlHacY

3. Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/YpqpbwPVy64

4. Факультет туралы https://youtu.be/ikUBjmbPvw0

5. Музыкалық білім https://youtu.be/A66Kjxb8Bbw

6. Бейнелеу өнері және дизайн https://youtu.be/ViklETQwCOo

 

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)

7 СЫР №13 (452) 06.04.2018. "Музыкалық білім" кафедрасында. Алимова А.

7 СЫР №13 (452) 06.04.2018. Адами капитал - білім саласын дамыту негізі. Сапарбаева Ұ.

7 СЫР №15 (454) 20.04.2018. Жетісайдың Нұрғисасы - Бөрі Иса. Қосан Ғ.

7 СЫР №15 (454) 20.04.2018. Ой танымымды жетілдірудемін. Піләл Ж.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.