Университет кітапханасы жаңа әдебиетпен толықтырылды

Университет кітапханасы «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жаңа әдебиетпен толықтырылды.

«Теннис ойыны» атты бұл кітап Қазақстан Теннис Федерациясының 10 жылдық мерейтойына арналып, қазақ тілінде алғаш рет дайындалды. 


Оқу құралы теннисті жаңа бастаушылар мен балаларға, сондай-ақ дене тәрбиесі және спорт бағытындағы студенттерге, жаттықтырушыларға, мамандар мен жалпы оқырмандарға арналған.

Бұл кітап Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік тілде шығарылған оқу құралы.

Оқу құралымен университет кітапханасында таныса алыңыздар.