РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

2020 жылдың 29 қазан күні Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуына орай, "Әл-Фараби және ХХI ғасыр жастары" Республикалық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Форум мақсаты Әл-Фараби түсінігі мен танымын кеңінен насихаттау, өшпес ілімі мен білімінен хабардар ету.

ХХІ ғасырдағы жастардың болмысын тану, өз дәуірінің көшбасшы жасы қандай қасиетке ие болу керектігі жөнінде ой алмасу.

Көшбасшы жастардың өзара байланысын нығайту.

Онлайн форматта өткізілген іс-шараға "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық ҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Әбубәкір Марлен Нұрланұлы, "Қазақтелеком" АҚ, Корпоративтік бизнес жөніндегі Дивизион, Бюджеттік ұйымдармен жұмыс департаментінің жетекші маманы, Еуразия Ұлттық университетінің магистранты Шымбаев Әділет Әлімжанұлы, SILKWAY Халықаралық университеті Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Төлебай Бекзат Октябрьұлы, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы арнайы қатысып өз ойларымен тың жобаларымен бөлісті.