"Филология" кафедрасы

Нұрбек Мұрат Анарбайұлы

"Филология" кафедрасының меңгерушісі

PhD, аға оқытушы

Телефон: +7 701 460 68 67

E-mail: muratnur80@mail.ru

«Филология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
Бакалавриат бағдарламалары: 
1. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
2. 6В03201-"Кітапхана ісі" 
Магистратура бағдарламасы: 7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау
 
Кафедра, негізінен, "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы бойынша педагог мамандар, ғылыми қызметкерлер, «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша кітапханашы қызметкерлерін даярлайды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына қарасты оқу аудиториялары қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыттары бойынша көрнекілік құралдар, интербелсенді тақта, заманауи жиһаздармен жабдықталған.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы қазіргі қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Біздің түлектер Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызмет етіп келеді. 

"Қазақстан" телеарнасының "Жан жылуы" бағдарламасының продюссері және жүргізушісі Ақбаян Сапарбай, химия және биология бағыты бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Есентаев, "Қазақ әдебиеті" газетінің меншікті тілшісі Аягүл Мантаева, "Astana tv" республикалық телеарнасының тілшісі Данияр Әсілбек Құрбанұлы, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының редакторы Сатуов Бекболат Шазиллаевич, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының тілшісі Құлша Аллаберген Дүйсенбайұлы т.б. 

"Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ
https://cloud.mail.ru/public/Kte4/38HHU96CL

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
 

1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары 
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

1. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау


2. 6В03201-"Кітапхана ісі" 

 

БЕЙНЕРОЛИКТЕР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
1. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/DfG1rEwKngQ
2. «Филология және гуманитарлық білім» факультеті: https://youtu.be/UikoiGQgjiM
3. «Филология» кафедрасы: https://youtu.be/aZMrWgK3nC4

 

Кафедраның қысқаша тарихы

Білікті кадрларды дайындайтын кафедрада бүгінгі таңда 10 профессор-оқытушы қызмет атқарады.
Олар: п.ғ.д., профессор – А. Жапбаров, филология ғылымдарының кандидаттары, доцент – Қ. Жидебаев, Л. Абенова, С. Бекмырза, М. Бейсенова, ғылым магистрлері – А. Байболова, М. Нұрбек, Ш. Қалыбекова, Г. Раеева, Б. Әбшенова.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізінде кафедра профессор-оқытушылары қазіргі тіл білімі және әдебиеттану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етіп, бағыт-бағдар береді. Болашақ мамандардың білімін тереңдету мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылған.

"Абайтану", "Тілтаным", "Оқырмандар конференциясы" - ізденушілердің таным көкжиегін дамытатын басты шаралар.

1

"Филология" кафедрасына қарасты оқу аудиториялары заман талабына сай көрнекі құралдармен, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандықтың студенттері тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы бағытындағы мерзімді басылымдарды, оқулық пен оқу құралдарын, зерттеу монографиялары мен көркем әдебиеттерді, электронды басылымдарды еркін пайдалана алады.

Ұлт келбетіне айналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" саласындағы профессор-оқытушылардың ерен еңбектері түрлі номинациялар бойынша бағалануда. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ. Жидебаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен (2005), Л.У.Абенова "Сырдария университетінің үздік оқытушысы" (2013), "Білім беру ісінің үздігі" (2014) төсбелгісімен марапатталған.

"Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары.

Қазақ тілі мамандығының студенті Саулетова Гауһартас Университет атынан аудандық арулар конкурсына қатысып, "Мақтарал аруы - 2016" атанды.

Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттың келбеті, болашағымыздың айнасы. Осы болашақтың тұтқасы білімді ұрпақ қолында.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.