Халықаралық қарттар күніне орай өткен кездесу

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүріміз.

Қарттарымыз еліміздің, әр аймақтың дамуына, оның дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосып, қалтқысыз еңбек етті.

1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай "Сырдария" университетінің Құрылтайшысы Е. Сейілқызының қолдауымен университет жастары Жетісай қаласындағы ардагер қарттарға барып, хал-жағдайларын біліп қайтты.

Университет басшылығының атынан арнайы құттықтау хатын тапсырып, азық-түлік үлестірді.

Қазыналы қарттармен сұқбаттасып, өмірлік рухани күш алды.

 

 

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/posts/406061370789844

https://www.instagram.com/p/CFuEGGZB_85/?igshid=6q9c4z6y7dub