"Отан және шетел тарихы" кафедрасы

Апашева Сабира Нұрбайқызы

"Отан және шетел тарихы" кафедрасының меңгерушісі

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: +7 701 370 97 91

E-mail: sabira66_66@mail.ru

«Отан және шетел тарихы» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
бакалавриат бағдарламасы: 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау, 
магистратура бағдарламаласы: 7М01601 – Тарих педагогтарын даярлау
 
6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге тағылымды тәрбие, сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. 

Университеттің заманауи талапқа сай үш кітапханасында тарих пәндеріне арналған оқулықтар жеткілікті. 

Университеттің орталық оқу залы, мерзімдік басылымдар және электронды оқулықтар залдары студенттердің шығармашылық шабытын, оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың терең білім алуларына қолайлы мүмкіндіктер туғызады. 

Кафедрада студенттердің тарих ғылымының өзекті мәселелерімен, өлкетану жұмыстарымен айналысуы үшін «Өркениет» үйірмесі құрылған. Үйірмеге «Тарих» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері қатысады. Үйірмеде студенттердің тарих ғылымымен, тарихи зерттеулердің жалпы құрылымымен, жазылу жолдары және ерекшеліктерімен таныстыру, мұрағат қорларымен жұмыс істеп, табылған түрлі жазбаша тарихи деректерді өзінің ғылыми жұмысына орынды, дұрыс пайдалану сияқты ғылыми дағдылар мен шеберліктерге үйретеді.

«Сырдария» университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасын бітірген түлектеріміздің еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада ерен еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын мақтаныш тұтамыз. Мысалы, Тапиев Бақытжан – Елордасы Астанада Әділет министрлігінде, Жұмабаева Балнұр – Астана қалалық Прокуратурасында қызмет істейді. Қуанышбеков Бекарыс, Мырзантегі Марғұлан, Есенбеков Омар – Мақтаарал аудандық әкімшілігінде қызмет атқарады. 

Түлектеріміздің дені білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келе жатыр. Олардың ішінде білім беру мекемелерін басқарып отырғандары да бар. Мысалы, Бекзатов Баянқұл – Ә.Жангелдин атындағы, Әбдіғали Дәуренбек – Қ.Аманжолов атындағы, Дехқанов Г. - Тұрсын Зада атындағы, Таленов Ербол – Қазыбек би атындағы жалпы орта мектеп директор болып қызмет атқарады. 

Біздің мақсатымыз – студент-жастарды «Сырдария» университетінде осынау еш уақытта маңызын жоғалтпайтын білім беру бағдарламасын оқып меңгерту, оларды білімді де білікті тарихшы-маман етіп қалыптастырып, еліміздің дамуына, қоғам тұрақтылығының сақталуына өз үлесін қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ
https://cloud.mail.ru/public/Kte4/38HHU96CL
 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР

1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары (атауы, мақсаты, жабдықтары, қажеттіліктері)
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

бакалавриат бағдарламасы: 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау, 


магистратура бағдарламаласы: 7М01601 – Тарих педагогтарын даярлау

 

БЕЙНЕРОЛИКТЕР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

1. Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/gth-_87f_H0

2. «Филология және гуманитарлық білім» факультеті: https://youtu.be/UikoiGQgjiM

3. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы: https://youtu.be/bwU69hvxlQA

 

1

 

1

 

"Тарих" мамандығында оқитын студенттерге тағылымды тәрбие, сапалы білім алуына университеттегі өзге студенттер сияқты барлық жағдайлар жасалған. Университеттің заманауи талапқа сай үш кітапханасында тарих пәндеріне арналған оқулықтар жеткілікті.

Университеттің әсемдігімен көз тартатын орталық оқу залы, мерзімдік басылымдар және электронды оқулықтар залдары студенттердің шығармашылық шабытын, оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың терең білім алуларына қолайлы мүмкіндіктер туғызады.

Сондай-ақ "Тарих" мамандығының студенттеріне шетелден докторлар, профессорлар келіп, дәріс өтіп тұрады. Мысалы, биыл Германиядан профессор Вальтер Фрейзен мырза келіп, екі апта дәріс өткізді. Кафедра оқу үдерісін ұйымдастыру мен өзіндік жұмыстардың орындалуына арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

3

Сонымен қатар, кафедрада студенттердің тарих ғылымының өзекті мәселелерімен, өлкетану жұмыстарымен айналысу үшін "Өркениет" үйірмесі құрылған.
Үйірмеге "Тарих" мамандығының 1-4 курс студенттері қатысады.
Жетекшісі – ғылым магистрі С.С. Таубаев Үйірмеде студенттердің тарих ғылымымен, тарихи зерттеулердің жалпы құрылымымен, жазылу жолдары және ерекшеліктерімен таныстыру, мұрағат қорларымен жұмыс істеп, табылған түрлі жазбаша тарихи деректерді өзінің ғылыми жұмысына орынды, дұрыс пайдалана алуы, студенттерді археологиялық экспедицияларға шығару және тапқан заттай деректерін екшеп, салыстырып сыныптап, өз еңбегіне орынды пайдалана алуы, тарихты жасаушы көнекөз қариялардың, соғыс ардагерлерінің басынан өткізген, көрген, естіген әңгімелерін, тіпті аңыздарды жинау, аса құнды этнографиялық материал табылса, оны қажет жерінде өз еңбегіне пайдалану сияқты ғылыми дағдылар мен шеберліктерге үйретіледі.

"Отан және шетел тарихы" кафедрасының ерекше атап өтуге тұрарлық жұмыстарының бірі – бұрын арнайы зерттелмеген ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласын зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуі. Мақтаарал ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 км солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағалауынан оңтүстікте 2 км жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан бұл ортағасырлық қаланы бұрын Қазақстан археологтары зерттемеген. Оның себебі – Мырзашөл өңірі, оның үлкен бір бөлігі – Мақтаарал ауданы 1963-1971 жж. Өзбекстан Республикасына қарағандықтан, өткен ғасырдың 60 жылдары жүргізілген Шардара археологиялық экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалған.

Бұл қала тіпті, Қазақ-совет энциклопедициясы, Археологическая карта Казахстана, т.б. сияқты іргелі басылымдарға да кірмей қалған. Міне осы қалаға біздің кафедраның С.Н. Апашева, М.Б.Мейірбеков бастаған профессор-оқытушылары мен "тарих" мамандығының студенттері "Археолог" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д., профессор М. Елеуовтың жетекшілігімен 2004 -2016 жылдары археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, үлкен ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. 2017 жылы Ежелгі Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталып, зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ол туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалып, ғылыми басылымдарға жарияланды.

Бүгінде ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы және осы қаладан табылған құнды жәдігерлер қойылған "Сырдария" университетінің мұражайы – Мақтарал ауданының туристік картасына енгізіліп отыр.

Біздің мақсатымыз – студент-жастарды "Сырдария" университетінде осынау еш уақытта маңызын жоғалтпайтын мамандықты оқып меңгерту, оларды білімді де білікті тарихшы-маман етіп қалыптастырып, еліміздің дамуына, қоғам тұрақтылығының сақталуына өз үлесін қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.