"Педагогика және психология" кафедрасы

Орманова Зауре Құрбанбайқызы

кафедра меңгерушісі

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент

E-mail: Ormanova.zaure@bk.ru


Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:
1. 6В01101 - "Педагогика және психология"
2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"
3. 7М01101- "Педагогика және психология"

Орманова Зауре Құрбанбайқызы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты.

Жалпы жоғарғы оқу орнындағы ғылыми –педагогикалық еңбек өтілі -32 жыл.

Орманова Зауре Құрбанбайқызы– 1960 жылы туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген.

1984 жылы «Психология-педагогика» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген.

1989 ж бері Абай атындағы ҚазҰПУ қызмет атқардым.

 2001ж Абай атындағы ҚазҰПУ, психология кафедрасында кандидаттық диссертация қорғадым. 2004 жылы доценттік лауазымға ие болдым.

Қазіргі уақытта, педагогика және психология кафедрасының доцентімін.


Психология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Қ.Орманованың мақалалар жинағының тізімі.

1. PSYCHOPHYSIOLOGICAL FEATURES OF DESTRUCTIVE BEHAVIOUR OF TEENAGERSSOCIAL-PSYCHOLOGICAL ASPECTS OFAUTODESTRUCTIV BEHAVIOR OF MODERN YOUTH Journal of International Scientific Publications. ISSN 1313-2571, Volume 12, 2014

2. Қазақ мектептеріндегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері-монография. Абай атындағы Қаз.ҰПУ. «Ұлағат» баспасы, 2016.-254ст

3. Психологиялық диагностика.Абай атындағы Қаз.ҰПУ. «Ұлағат» баспасы, Оқу құралы, А.,2016ж.135бет.

4. Психология практикумы. Оқу құралы, Абай атындағы Қаз.ҰПУ. «Ұлағат» баспасы, 2017ж.186бет.

5. Ұлтаралық қарым-қатынас мадениетин қалыптастыру тренингі. Әдістемелік құрал,ЖК«Сагаутдинова М.Ш.» баспасы 2018 ж.

6. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің  ерекшеліктері //Абай атындағы Қаз.ҰПУ. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, 2019ж.


Кафедра тарихы

"Педагогика және психология" кафедрасы 1998 жылы қырқүйек айында құрылған. Алғашқы кезде "Педагогика және жаратылыстыну" кафедрасы деп аталған. Кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.А. Алтаев болды.
1999 жылы химия ғылымдарының кандимдаты, доцент Ш.И. Ибраимов, 2000 жылы философия ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Сауірбаева кафедраның меңгерушілік қызметін атқарды.
Осы кезде кафедра "Педагогика және психология"кафедрасы болып аталды.
2001 жылы п.ғ.д., профессор О.А.Аяшев, ал 2002-2003 оқу жылында аға оқытушы Ташкенбаева С.М., 2003-2004 оқу жылында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұсабекова Г.Т., 2008-2009 оқу жылдары педагогика ғылымдарының докторы, профессор О.А.Аяшев кафедраға басшылық жасап келді. 2011-2012 оқу жылынан бастап кафедраны педагогика ғылымдарынң докторы, профессор Сманов И., 03.03.2014 жылдан 31.08.2016 жылға дейін кафедраны педагогика ғылымдарының кандитаты, доцент Асабаев Ж. басқарды.
Ал 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұсабекова Г.Т. басқаруда.
Кафедрада барлығы 28 профессор- оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 3 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 1PhD докторы, 6 аға оқытушы, 5 ғылым магистрі, бір зертханашы бар.

1

Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:
1. 5В 010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
2. 5В 010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістері
3. 5B 010300 - Педагогика және психология
4. 6М 010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістері
5. 6М 010300 - Педагогика және психология.

Кафедра еліміздегі білім беру жүйесіндегі іргелі реформаларға сай жұмыс атқаруда.Ұлттық және әлемдік білім беру жүйесіндегі кіріктіру мәселесін негізге ала отырып жұмыс атқарып келеді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттық стратегияларын, негізгі бағыттарын, міндеттерін іске асыру жолында қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді.
Қәзіргі таңда мамандық студенттерінің кәсіби білімін көтеруге байланысты шығармашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатында кафедра жанында педагогикалық-психологиялық бағытта "Таным", "Ізденіс" атты ғылыми- танымдық үйірмелер жұмыс жасауда.
Кафедраның профессор-оқытушылары мен талапты, білімді студенттері қалалық, облыстық сондай- ақ педагогика мамандығын жетілдіру институттары ұйымдастырған семинарға және көрмелерге, Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы ұйымдастырған "Интенсивке" белсенді қатысып келеді.
Халықаралық ынтымақтастық бойынша кафедраның өзге жоғары оқу орындарымен келісім-шарт негізінде іс-тәжірибе, серіктестік бастама ретінде қатынас байланысы құрылған. Атап айтар болсақ: 2010-2015 жж. ГүлМУ, 2011-2014 жж. ОҚМПИ жоғары оқу орындарымен ғылыми және шығармашылық байланыс орнату мақсатында жетекші мамандармен өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүзеге асыру ісі жолға қойылған.
"Мырзакент" ЖОМ мемлекеттік мекемесімен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру, әдіс алмасу мақсатымен келісім-шарт түзілген. Онда мектеп психологының психологиялық қызмет бағыттары, қазіргі мектеп психологының жеке тұлға тәрбиесіндегі негізгі рөлі жөнінде тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде.

 


 

Кафедраның жұмысы

Кафедрада барлығы 28 профессор-оқытушы жұмыс атқарады, олардың ішінде педагогика ғылымдарының докторы – 3, PhD доктор – 1, кандидат – 13, ғылым магистрі – 8, аға оқытушы – 3.
"Педагогика және психология" кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде. Профессор-оқытушылар жыл сайын оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми мақалаларын баспадан шығарып отырады.

Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына кафедраның "Таным", "Ізденіс" үйірмелері үлкен мүмкіндіктер жасауда. Кафедраның профессор-оқытушылары мен талапты, білімді студенттері қалалық, облыстық сондай-ақ, педагогика мамандығын жетілдіру институттары ұйымдастырған семинарларға және көрмелерге белсене қатысып келеді. Кафедра жанында "Психологиялық кеңес беру" орталығы жұмыс жасайды.

2016 жылы 5В010300 - "Педагогика және психология" мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-не пәндік республикалық олимпиадаға қатысып, белсенді қатысқаны үшін сертификаттар алды. "Бейнелеу өнерінің биігі - бастауышта" мектептің бастауыш сынып оқушылары мен пән мұғалімдерінің және университеттің "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының болашақ педагогтары арасындағы халықаралық деңгейдегі Ресей мемлекетімен және білім басқармасымен бірлескен көрме-олимпиадасы "Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі" пәні бойынша 2016 жылдың 5-6 сәуірінде университеттің электронды оқу залында пәндік олимпиада өткізді.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.