"Филология және гуманитарлық білім" факультеті

Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы
 

факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Туған жылы: 1974.
 

Мекен жайы: Жетісай қ. Мусірепов көш. №36

Базалық білімі, мамандығы, бітірген жылы: Қ.А.Яссауй ат. ХҚТУ, тарих пәнінің оқытушысы, 1995

Ғылыми дәрежесі, мамандық шифры, берілген жылы: Тарих ғылымдарының кандидаты. 07.00.00.2011

 

2019/2020 оқу жылының «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің жылдық есебі (барлық бағыттар бойынша)


 

"ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ" ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ

1998 жылы ашылған "Сырдария" университетінің құрылымдық бөлімдердің ішінде ең алғашқылардың бірі болып, "Гуманитарлық білім" факультеті құрылды. Заман талабына байланысты факультет 2009 жылы "Филология және психология" факультеті болып аталса, 2010-2011 оқу жылы "Гуманитарлық білім" факультеті болып қайта құрылды.

1998-2000 жылдары факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жидебаев Құдайберген Жидебайұлы, 2000-2001 жж. педагогика ғылымдарының кандидаты Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы, 2001-2003 жж. доцент Ырсымбетов Мәлік Мейірбекұлы, 2003-2005 жж. доцент Қадырбаев Нұрғали Әмірбекұлы, 2005-2009 жж. саяси ғылымдар кандидаты, доцент Тілесов Айтбай Темірәліұлы, 2009-2010 жж. Алипбаев Тұрар Назарұлы, 2010-2013 жж. филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызы., 2013 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Күмісбекова Динара Аманқұлқызы, 2013-2015 жж. педагогика ғылымдарының кандидаты Молдабекова Нұржамал Сайдалықызы, 2015 оқу жылынан бастап тарих ғылымдарының кандидаты Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы басқарды.

Бүгінгі таңда "Филология және гуманитарлық білім" факультетің доцент Исаева Кулайна Әліқұлқызы басқарып келеді.

Қазір факультетте жоғары білікті 73 профессор-оқытушы студенттерге білім беруде: 8 ғылым докторы мен профессорлар, 36 ғылым кандидаты мен доценттер, 21 ғылым магистрлері, 8 аға оқытушы. Профессор-оқытушылар қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында өздерінің жаңа шығармашылық ізденістерімен көрінуде. Олар оқытудың жаңа бағдарламасын, қазіргі заманғы әдістерін игеріп, ғылыми жобаларды жүзеге асырып, жыл сайын оқу, оқу-әдістемелік құралдарын, монографияларын баспадан шығарып, ғылыми мақалаларын жариялап отыр.

Факультетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық ізденістерін үйлестіру мақсатында "Тілтаным", "English klub", "Таным", "Ізденіс", "Өркениет" атты ғылыми үйірмелер ұйымдастырылған.

"Филология және гуманитарлық білім" факультеті "Сырдария" университетінің педагогикалық бағытындағы 9 мамандық бойынша білім бакалаврларын, 4 мамандық бойынша ғылым магистрлерін даярлайтын негізгі құрылымның бірі болып табылады.

"Филология және гуманитарлық білім" факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярлайды:
1. 5B 010100 – "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу";
2. 5В 010200 – "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі";
3. 5В 010300 – "Педагогика және психология";
4. 5В 011400 – "Тарих";
5. 5B 013000 – "Тарих-Дінтану";
6. 5В 011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті";
7. 5B 091000 – "Кітапхана ісі"
8. 5В 011900 – "Шетел тілі: екі шетел тілі";
9. 5B 011800 – "Орыс тілі мен әдебиеті";

Факультет төмендегідей мамандықтар бойынша магистрлер даярлайды:
1. 6М 010200 – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі";
2. 6М 010300 – "Педагогика және психология";
3. 6М 011400 – "Тарих";
4. 6М 011700 – "Қазақ тілі және әдебиеті".

Факультет құрамында 5 кафедра: "Педагогика және психология", "Білім беру технологиялары" кафедрасы, "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Тілдер" және "Отан және шетел тарихы" жұмыс жасайды. Факультеттің атқаратын жұмысы сапа менеджменті жүйесімен анықталған: оқу-әдістемелік; ғылыми-зерттеу; тәрбие беру сияқты үрдістерден тұрады.

Факультеттің бүгінге дейін қол жеткізген табыстарына тоқталатын болсақ:

- педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі және тарих мамандықтарында мамандар даярлаудың сапасы бойынша өңірлік білім беру жүйесіндегі сенімге ие болуы;

- кредиттік оқыту технологиясына негізделген оқу үрдісіне қажетті бүгінгі заман талабына сай оқу-әдістемелік құралдарға қол жеткізуі;

- облыстағы, аудандағы алдыңғы қатарлы білім мекемелерімен бірігіп жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, мемлекеттік тілге байланысты түрлі жарыстарды жүйелі түрде жүргізуі.


 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.