ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕТІН ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТҮСЕТІН ТАЛАПКЕР ҮШІН

«Сырдария» университеті қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 20 маусымы мен 7 шілде аралығында келесі шығармашылық білім беру бағдарламаларына өтініштер мен құжаттарды қабылдайды:

1. 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

2. 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау

3. 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

4. 6В02101-"Дизайн"

 

Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.

 

Шығармашылық емтиханның өткізу формасы

Білім беру бағдарламалары

          Шығармашылық емтиханның өткізу 

формасы

1

6В01401-Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау

Мамандану бойынша нормативтер

Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер

2

6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау

Орындау шеберлігі

Жалпы музыкалық қабілетін көрсету

3

6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті)

Кескіндеме (натюрморт)

4

6В02101 - "Дизайн"

Сурет, кескіндеме

Композиция немесе сызу

 

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар, шығармашылық емтихандар тапсыру үшін қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

      1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);

      2) 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

      5) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.