"ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі

Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы

Бөлім басшысы

философия докторы (PhD)

E-mail: b.tokmurza@gmail.com

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университеттің жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі ЖОО кафедраларының оқу үдерісін үйлестіруші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес магистрлерді дайындайды. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "магистр" дәрежесі беріледі.

Университет магистратурасында оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) және келісімшарт негіздерінде жүзеге асырылады. Магистрлерді даярлау университеттің 8 кафедрасында ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүргізіледі.

Жыл сайын университетте студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өткізіледі, мұнда магистранттар өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін баяндап, оларды жариялай алады.

Бүгінгі күні университетте 6 білім беру бағдарламар бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі.

 

Білім беру саласының коды және атауы Даярлау бағытының коды және атауы Білім бағдарламасының коды және атауы
  7М011-Педагогика және психология 7М01101-"Педагогика және психология"
  7М013-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау 7М01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
7М01-Педагогикалық ғылымдар 7М016-Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау 7М01601-"Тарих педагогтарын даярлау"
  7М017-Тілдер және әдебиет 7М01701-"Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау"
  бойынша педагогтарды даярлау 7М01702-"Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау"
7М04-Бизнес, басқару және құқық 7М041-Бизнес және басқару 7М04101-"Экономика"