Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Абуова Баян Усербаевна - бөлім меңгерушісі

Студенттік бөлімде 4 маман, бөлім меңгерушісі және 3 бөлім әдіскерлері қызмет жасайды.

Студенттік бөлім «Сырдария» университетінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады . Студенттік бөлімнің құрамы студенттік бөлім меңгерушісі және екі жоғары білікті маман - әдіскерлерден тұрады. Студенттік бөлімнің негізгі мақсаты -құжаттарды ұйымдастыру және басқару жұмыстарын бақылау, үйлестіру, тексеру және жүзеге асыру.


Студенттерге қызмет көрсету орталығының 2019-2020 оку жылындағы жылдық eceбi

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:
- барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын бұйрықтарына сәйкес қабылдап алу және тексеру:
- студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын дайындау;
- студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Platonus жүйесіне) енгізу;
- студенттер қозғалысы бойынша жасалған, курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу;
- бұйрықтардың көшірмелерін бухгалтерияға, тіркеу бөліміне, факультетке беру;
- мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу;
- күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде мемлекеттік грант және ақылы түрде оқитын студенттердің курс, мамандық және факультет бойынша қозғалысына ай сайын есеп беру, жасалған ақпаратты қажетті бөлімдерге (тіркеу офисіне, бухгалтерияға, деканаттарға) беру
- басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу;
- басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу;
- ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу; - Оқу жылының басында статистикалық 3НК - жылдық есебін тапсырады;
- диплом толтыру алдында күндізгі және сырттай бөлімде оқитын білім алушылардың іс-құжаттарының толықтығына бақылау жасау;
- түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру;
- студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау;
- кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР білім және ғылым министрлігі, оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар т.б) жұмыс жасау;
- бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары) сұраныс беру;
- студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.