"Білім беру технологиялары" кафедрасы

Кокумбаева Торғай Игеновна

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: +7 777 809 3073

E-mail: Safia01021951@mail.ru

    Біз туралы
    «Педагогика және психология» кафедрасынын 2019 жылы қырқүйек айында «Білім беру технологиялары» кафедрасы бөлініп шыққан. Кафедрны п.ғ.д., доцент Д. Кемешов басқарды, қазіргі таңда п.ғ.к., доцент Т.И. Қоқымбаева басқаруда.
       Профессор-оқытушылар құрамы-10, оның ішінде 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 4 ғылым магистрі, 1 аға оқытушы бар. Барлық оқытушылардың базалық білімдері оқытылатын пәндерге сәйкес келеді. 
    Кафедрада төмендегідей білім беру бағдарламасын дайындайды: 
- 6В01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бакалавр
- 7М01301«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы магистратура.
Кафедра профессор-оқытушылары тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми-зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді. 
    Кафедра ұжымы бірлесіп «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында болашақ педагогтардың креативті көзқарастарын қалыптастыру» бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде профессор-оқытушылар жыл сайынғы жоспар бойынша оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми мақалаларын баспадан шығарып отырады. 
 


Кафедра меңгеруші
Қоқымбаева Торғай Игенқызы

телефон: +7 777 809 30 73
E-mail: Safia01021951@mail.ru
    Қоқымбаева Торғай Игеновна Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарашохы ауылында 1 ақпан 1951 жылы өмірге келген. 1957-1967 жж. Абай атындағы орта мектебінде білім алды. Абай атындағы педагогикалық институтқа «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығына 1968 жылы оқуға қабылданып 1973 жылы бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығын алып тәмәмдады. Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ-де «Халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, ҚР БжҒМ Жоғары аттестациялық комиссиясы диссертациялық кеңестің 2000 жылғы 25 тамыздағы шешімі бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді(13 001-Жалпы педагогика негіздері), №0007637. ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен доцент ғылыми атағы берілді, №0000125.
Қоқымбаева Торғай Игеновна 2 монографияның, 2 оқулықтың, 13 оқу құралының, 160 ғылыми мақаланың авторы.
1989-1994жылдары М.Мақатаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі. 1994-1996 жылдары Абай атындағы педагогикалық институтының «Педагогика және психология» факультетінің «Математика кафедрасында аға лаборант болып жұмыс істеген. 1997-2000 оқу жылдары Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №148 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. 2000-2011 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының п.ғ.к., доценті болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Білім беру технологиялары» кафедрасының меңгерушісі.
 


Кафедра құрамы

Аты-жөні

Ғылыми атағы, дәрежесі

Байланыс номеры

элек. почта

1

Қоқымбаева Торғай Игеновна

п.ғ.к., доцент

8 777 809 30 73

Safia01021951@mail.ru

 

2

Аяшев Оңалбай Аяшевич

п.ғ.д., профессор

 

 

3

Ахметова Гулнар Батырбековна

п.ғ.д., доцент

8 701 756 15 07

ahmetovag@@mail.ru

4

Орманова Зауре Қурбанбаевна

пси.ғ.к., доцент

8 707 178 19 62

Ormanova.zaure@bk.ru

5

Зейдина Молдир Зикировна

философия докторы(PhD)

8 701 600 84 42

Moldir_03_87@mail.ru

6

Файзиев Нуржан Сапарханович

ғ.м., аға оқытушы

8 702 475 75 30

nurjan.0788@mail.ru

7

Шаманбетова Назира Каскырбаевна

ғ.м., аға оқытушы

8 702 308 93 08

 

8

Мұса Нұрбала Ерденовна

ғ.м., аға оқытушы

8 778 209 73 09

nurbala_95@list.ru

9

Төлегенова Дина

ғ.м., аға оқытушы

8 778 466 07 33

tulegenova.dinka@mail.ru

10

Исаева Күлайна Алихуловна

аға оқытушы

8 702 475 58 42

ils.djnaz@mail.ru

 

П.ғ.д., профессор О.Аяшев "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі"(2000ж), "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері"(2000ж) төсбелгісімен марапатталып, «Елбасы шарапаты 100 сөз (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)», «Жас ұстазға 100 бағдар», «Ұстаздың базалық білімі», «Білім беру әдістерін теңестіру» т. б., п.ғ.к., доцент Т.И. Қоқымбаеваның «Педагогика тарихы», «Бастауыш білім педагогикасы» т.б. ғылыми еңбектерін қазақстанның барлық ЖОО пайдаланады. 
Кафедра профессор-оқытушылары: п.ғ.д., доцент Г.Б. Ахметова ҚР Білім және ғылым министрдің Құрмет грамотасы (2019) марапатталып, 2019 жылы "Педагогтардың зерттеушілік ойлауын дамыту (Lesson Study тәсілін енгізу арқылы), "Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия", "Мектептің дамуын жоспарлау", " Білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау әдістері» тақырыбында «Назарбаев зиялы мектептер», Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырды.
Аға оқытушы, ғылым магистрі Файзиев Н.С. 2013-2014 оқу жылы қорытындысы бойынша өңірлік жастар сыйлығының «Үздік жас оқытушы» номинациясының иегері, 2016 жылғы «ХХІ ғасыр педагогы атты республикалық байқаудың ІІІ орын иегері. 
    «Білім беру технологиялары» кафедрасына қарасты «Бастауыш сыныпта жеке пәндерді оқыту әдістемесі», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика» кабинеттері т.б. көрнекілік құралдар, интербелсенді тақта, заманауи жиһаздармен жабдықталған..
    «Білім беру технологиялары» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде. 
    Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жеке жоспарларына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 2020-2021 оқу жылында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда қатынасу дәрежесі 30% жеткізу жоспарланған. Кафедрада «Ізденіс» студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. 

Білім беру бағдарламалар
- 6В01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бакалавр
- 7М01301«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы магистратура.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. ОПҚ-ның біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Практика келісім-шарттары
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған кабинеттер 
11. Дипломдық жұмыс
12. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
13. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
14. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.