Оқу-әдістемелік басқарма

ОӘБ басшысы Оралова Зауре Мекенбаевна

Жұмыс телефоны: 6-19-26

Оқу-әдістемелік басқарма оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару  жүйесіндегі негізгі құрылымдық бөлімі болып саналады.

Университет қабырғасы қаланғаннан бері оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру бойынша сапалы мамандар даярлауды сараптау, оқу процесінің нәтижелерін нақтылау, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының нормативтік құжаттарын әзірлеу міндеттерін орындап келеді.

Өзінің білім беру аясында ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық актілерін, оқу үдерісі ережесін мен университеттің Жарғысын басшылыққа алады.

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ (2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі)

План мероприятий по информационно-разъяснительной работе реализации учебного процесса в период ограничительных мер (весенний семестр 2020-2021 учебного года)

Академиялық саясат

ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін одан әрі жетілдіру бойынша «Сырдария» университетінің жол картасы


1 1

Төлегенова Дина Мелдебекқызы

Әдіскер

Аширханов Аязбек Кобилбекович

Әдіскер

Мұса Нұрбала Бекболатқызы

Әдіскер

1 1  

Ажан Айгерім Оразханқызы

 

Құдайберген Жадыра Мұратханқызы

Диспетчер

Қазіргі таңда Оқу-әдістемелік басқарма "Сырдария" университеті саясаты мен мақсаттарын іске асыруда келесі қызметтерді атқарады:

  • Оқу үрдісін әдістемелік, ғылыми – әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету.
  • Білім алушылардың контингентін, олардың бейіні, дайындық деңгейі және мүмкіндіктері негізінде әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Жұмыс оқу жоспарын мен білім беру бағдарламасын, оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және олардың МЖМБС-ның талаптарына сәйкестігін сараптау.
  • Оқытудың жаңа технологиялары, оның ішінде кредиттік оқыту технологиялары бойынша оқу әдістемелік және ғылыми- әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу.
  • Ғылыми жобаларды, ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және олардың нәтижелерін оқу үрдісін енгізу.
  • Оқулықтар, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру және сараптау.
  • Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар, вебинарлар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
  • Оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
  • Білім алушылардың өзіндік жұмысын және кәсіби практикаларын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
  • Оқу-әдістемелік жұмыстарының мониторингі.

Бұл қызметтер құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен өзара ықпалдастығында жүзеге асырылып, оқу-әдістемелік қызметінде жоғарғы сапаға қол жеткізуге болады.

Оқу-әдістемелік басқарма оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, диспетчерлік, кәсіби практикаға жетекшілік бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді.

1998 жылы "Сырдария" университеті ашылған уақытта Оқу-әдістемелік бөлім құрылып, басшылық қызметін 2000-2001 оқужылдары аралығында х.ғ.к., доцент Ө.А. Алтаев, 2001-2003 жылдар аралығында Ғ.Қ. Бейсенова, 2003-2011 оқу жылы аралығында С.Д. Мамраимов, 2011-2012 оқу жылында Б.С. Тоқмурзаев, 2012-2014 оқу жылы аралығында т.ғ.к. С.Н. Апашева, 2014-2020 оқу жылы аралығында с.ғ.к., доцент Р.С. Тәжітаева, 2020 жылдан бастап оқу әдістемелік басқарма басшысы қызметін ғ.м., аға оқытушы З.М.Оралова атқаруда.

Қазіргі таңда, басқарманың құрамында 7 маман қызмет атқарады: басқарма басшысы ғ.м., аға оқытушы З.М.Оралова, әдіскерлер А.К. Аширханов, Н.Б. Муса, Д.Төлегенова, кәсіптік практика жетекшісі К.Исаева, диспетчерлер А.О.Ажан, Құдайберген Ж.

 


 

Құжаттар

💾 Қосымша білім беру бағдарламаларының (minor) каталогы 2020-2021 оқу жылында қабылданғандар үшін

💾 Каталог дополнительных образовательных  программ (minor) для поступивших в 2020-2021 учебном году

💾 Жұмыс нұсқаулар

💾 Университет ережелері