Ғылыми кеңес

Абенова Ләззат Усманқызы

Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

☎ Телефон: 8(72534)6-14-63

✉ Е-mail: lazzat-0505@mail.ru


💾 Ғылыми кеңестің сараптау комиссиясы туралы ереже

💾 Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау комиссиясы туралы ереже
 

💾 “Сырдария” университеті Ғылыми кеңесінің құрамы

"Сырдария" университеті Ғылыми кеңесінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі


1964 жылы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының кәзіргі Асықата ауданында дүниеге келген.

1983-1988 жылдары Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Филология» факультетінде «Араб, қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. 
Еңбек жолын 1988 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтынан бастап, 1989 жылдан 1996 жылға дейін М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді. 

1996 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ЖОО, 1998 жылдан «Сырдария» университетінде аға оқытушы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, Ғылыми кеңес хатшысы ретінде еңбек етсе, 2010-2013 жылдар аралығында «Гуманитарлық білім» факультетінің деканы қызметін атқарды. Қазіргі кезде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы және университеттің Ғалым хатшысы. 

Л.У.Абенова 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 40-тан астам магистранттарға жетекшілік етті. Түрлі байқауға дайындаған студенттері республикалық конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындармен марапатталды (Фатуллаева Ұ., Данияр А., Сатуов Б., Ермекбай Е.). 2020 жыл 27-28 ақпан күндері аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілген «ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттерінен құрылған Абенова Л.У. жетекшілігіндегі «Таным» командасы 2 орын жүлдегері атанды. 

Абенова Ләззат Усмановнаның ғалым ретінде 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, оның ішінде 2 монография, 2 оқулық, 5 оқу құралы, 13 авторлық куәліктері бар. Ішкі Академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мақсаты аясында Семей қаласындағы Қазақ инновациялық заң университетінде «Сәбиттану» саласы бойынша лекция оқып қайтты.
Шетелдерде: Англия (2015), Тәжікстан (2016), Самарқан (2019), Қырғызстан (2020) және Қазақстанда біліктілік арттыру курстарынан (2017, 2018, 2019) өтті. 

Марапаттары:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, 2016 жыл.
2.«Сырдария» университеті ректорының Елімізді өркендетуге, ұлттық дүниетанымға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметі үшін Алғыс хатымен марапатталған, 2016 жыл.
3.Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің Мемлекеттік тіл саясатын аудан көлемінде жүзеге асыруда, еліміздегі халықтар достығы мен бірлігін сақтау жолындағы еңбегі үшін Алғыс хатымен марапатталған, 2016 жыл.
4.«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттері мен шешімдерін жүзеге асуырудағы белсенділігі үшін Алғыс жариялаған, 2017 жыл. 
5.«Сырдария» университеті ректорының Студенттердің бәсекеге қабілетті білікті маман ретінде қалыптасуына, болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлік-дағдылары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталған, 2017 жыл.
6.«Сырдария» университеті ректорының Университеттің бітіруші курс студенттерінің педагогикалық практикасын тиімді ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатымен марапатталған, 2017 жыл.
7.Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогы» атағы берілді, 2 қыркүйек 2019 жыл. 
8.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұралар» атты республикалық педагогикалық олимпиадасына команда дайындағаны үшін Алғыс хатымен марапатталған, 27-28 ақпан, 2020 жыл.
9.Благодарстенное письмо за подготовку победителей (участников) Всеросийской олипиады по дисциплине «Литература» проводимой на портале олимпиад и конкурсов «Мир-Олипиад» в 2019-2020 учебном году, 23 марта 2020 года.
10.Білім және ғылым саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және кадрлар даярлау ісіне қосқан айрықша үлесі үшін Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасы берілген, маусым 2020 жыл.