қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English















Сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімі



Сәрсенбек Күлішұлы Eлшібаев
сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімінің бастығы, т.ғ.к., доцент.

Tелефон: 8(72534)6-27-69

Қазіргі уақытта, сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімінде 6 кызметкетлер жұмыс жасайды:
1. Елшібаев Сәрсенбек Күлішұлы - бөлім басшысы
2. Жантуреев Жумахан - бөлім басшысының орынбасары
3. Дербес Бауыржан Жанабаевич - аға әдіскері
4. Шекербеков Омар Асхарович - әдіскер
5. Аринова Ақмарал Шаханқызы - әдіскер
6. Шайманова Гүлнур Оспанқызы - хатшы-референт

Сырдария университетінің сырттай оқу факультеті 1998 жылы ашылып, бүгінгі таңда факультетте 21 мамандық бойынша бакалавр дайындайды. Осы факультетте университеттің барлық кафедраларының ең тәжірибелі профессор-оқытушылары дәріс береді.

Факультет 2012-20013 оқу жылынан бастап сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті болып өзгертілді. Факультет өзінің оқу процесінде жүйелі түрде озық әдістемелік инновациялық технологиялардан кең пайдаланады. Оқу дәрісханалары заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Студенттерге дәрістер өту үшін Республикамызға танымал белгілі ғалымдар, білікті мамандар шақырылып тұрады.

1998 жылғы сырттай факультеті ашылғаннан бері факультеттің деканы қызметтерін М.Ырсымбетов, м.ғ.к., К.Баймаханов, п.ғ.к., Л.Мырзабеков басшылық етті. 2006 жылдан бері факультетті білікті маман, тәжірибелі ұстаз, доцент Елшібаев Сәрсенбек басқарады.

Бөлім басшысын орынбасары Жантөреев Жұмахан, көп жылдан бергі тәжірибелі ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Сонымен бірге бөлімде төрт әдіскер және бір оператор жұмыс істейді. Сырттай және қашықтан оқыту факультетінің негізгі мақсаты өндірістен қол үздірмей оқытып, өз мамандығын жете меңгерген бәсекеге қабілетті жоғары білімді білікті мамандар дайындау.

Білім беру саласындағы жаңа интеграциялық процестер, соның ішінде, кредиттік оқу жүйесі сырттай оқу факультеті студенттерінің дербес жұмысын сапалы және тиімді ұйымдастыруын, студенттің өз бетінше білім алу мүмкіндігін арттыруды көздейді.

Жалпы, бөлімінің материалдық-техникалық базасы жоғары дәрежеде, оқу аудиториялары кең, әрі жарық, заман талабына сай салынған. Үш қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабатына сырттай оқу факультеті орналасқан.

Осы екі қабатта 9 оқу аудиториясы, 1 лекция залы, 1 компьютерлік орталық және жаңа технологияны пайдалана отырып қашықтықтан білім беру орталығы жұмыс істейді. Студенттердің жан – жақты оқып білім алуына толық жағдай жасалған.
2012-2013 оқу жылынан бастап, бұл факультетте қашықтықтан білім беру жүйесі қолға алынды. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша базалық оқу орны ретінде танылған Астана қаласындағы Қазақ-Ресей университетімен жасалған келісім шарт негізінде арнайы курсында біліктілігін жетілдіріп келген факультетіміздің тәжірибелі оқытушысы, информатикапәнінің оқытушысы Дербес Бауыржан.
Сондай – ақ осы ғимаратта 320 студентке арналған жатақхана, кітапхана, дүкен, студенттер денсаулығын қалпына келтіру орталығы және «НҰР-ДӘУЛЕТ» жазғы спорт алаңы бар.
Жатақханада жасалған жағдайлар студенттерге оқу процесі барысында техникалық жабдықтармен, компьютер орталығымен, оқу - әдістемелік құралдармен, түрлі оқулықтармен толық қамтамасыз етілген.

Студенттердің сабақтан тыс кезінде, спортпен өнермен айналысуына жан – жақты жағдай жасалған. Факультетте негізінен үш бағыт бойынша мамандық беріледі. Бірінші орта білім негізінде 5 жылдық, орта арнаулы оқу орнын бітіргендер үшін 3 жылдық және екінші жоғары білім алушылар үшін 2 жылдық оқу бағдарламасы бойынша білім беріледі.

Жастарға тәлім тәрбие беруде университеттің ғылым докторлары профессорлар: Ә.М. Әшіров, М.Х.Асылбеков, Ж.Я. Батькаев, Б.Б.Бекназаров, И.И.Үмбетаев, К.Н.Ахметов, Б.С.Серіков, ғылым кандидаттары, доценттер: С.Д.Мамыраимов, Ш.Ш.Ибраимов, Қ.Ж.Жидебаев, Е.Төремуратов, С.Е.Келдібеков, Е.Қ.Дошманов, С.Жолдасов, А.Сүттібаева, Ж.С.Көкеев, С.Н.Апашева, М.Б.Мейірбеков т.б. көптеген тәжірибелі білікті мамандар өздерінің сүбелі үлестерін қосуда.

СЫРТТАЙ ОҚЫП БІЛІМ АЛҒАН ТҮЛЕКТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Республикамыздың Оңтүстік өңірінде жоғары білімді, білікті мамандар дайындауда абыройлы еңбек етіп келе жатқан университетіміздің сыртқы оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, өзінің өсу жолында мол тәжірибе жинақтаған.
Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Сырттай оқу» факультетін бітірген түлектеріміз Республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі салада мамандығы бойынша абыройлы қызмет атқаруда. Мәселен, құқықтану мамандығын бітірген Бекенов Нурлан Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет етсе, осы мамандықты бітірген Әбжанов Әділхан Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, полиция подполковнигі Жайлыбаев Сәкен Мақтаарал ауданы ІІБ бастығының орынбасары.
Полиция майоры Сапаров Бауыржан Алматы облысы Сарыөзек әскери горнизонының әскери полиция бастығы, полиция майоры Бекенов Ералы Мақтаарал ауданы ІІБ штаб бастығы, әділет старшинасы Зұлқарова Гүлнара Маңғыстау облысында қылмыстық атқару жүйесінің Гм-172/8 түзету мекемесінде бақылаушы. Серманизов Болат Шардара ауданы Қызылқұм ауыл әкімшілігінің әкімі, Алтенов Сәкен Жетісай қаласындағы Халық банкінде Бас маман, Төлбасиев Садуақас Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясында қызмет атқарады.
Экономика, бухгалтерлік есеп және қаржы мамандықтарын бітірген түлектер де Қазақстанның түкпір-түкпірінде соның ішінде өзіміздің Мақтаарал ауданындағы барлық мекемелерде дерлік қызметтерін абыроймен атқаруда. Мәселен, Қарамырзаева Райхан Жетісай қаласында зейнетақы төлеу орталығының бас маманы, Сейдуалива Сәуле НұрОтан ХДП Шардара аудандық филиалында есепке тіркеу статиска бөлімінде бас есепші, Шәмшиева Мейрамкүл АТФ банкте несиелік әкімшілік бөлімінде бас маман, Экономика мамандығын бітірген Тәжібаев Мұратбек Мақтаарал ауданы “Мақталы” ауыл әкімшілгінің әкімі. Батырханов Талғат Мақтаарал аудандық әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Білім бөлімінде бас бухгалтер, Шаймерденова Аманкүл Алматы қалалық әкімшілігінде бас маман болып қызмет атқарады.

Ал, мұғалімдік мамандықтарды бітірген түлектер Қазақстанның барлық облыстарында дерлік ұстаздық етуде. Өзіміздің Мақтаарал ауданындағы барлық мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде көптеп жұмыс атқаруда. Солардың ішінде мектеп директоры, оның орынбасары және балабақша меңгерушісі болып қызмет атқаратындарды ондап санауға болады.
Мәселен, оларды атап өтетін болсақ, тарих мамандығын бітірген Елшібаев Болат көп жылдан бері Қ.Абдалиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры, қазақ тілі және әдебиеті мамандығын бітірген ұлты тәжік Туйматова Норхал М.Тұрсынзаде атындағы тәжік-қазақ жалпы орта мектебінің директоры, Бекзатов Баянқұл Ә.Жангелдин жалпы орта мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарып келеді.
Сондай–ақ Құдайбердиев Бахтияр С.Айни атындағы жалпы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Агибаева Құралай Жетісай қаласындағы №119 жалпы орта мектепте директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиетін бітірген Тоқсанбаева Болсынай мен Жансейітов Бауыржан Жетісай гуманитарлық педагогикалық колледжінде оқытушы қызметтерін атқаруда.
Педагогика–психология мамандығын бітірген Өрісбаев Еркінбек қазіргі таңда “Ақ көгершін” балабақшасының меңгерушісі. Дене тәрбиесі және спорт мамандығын бітірген Артықбаева Қаракөз Ақтау қаласы балалар және жасөспірімдер спорт мектебі директорының бірінші орынбасары т.б.
Жоғарыда аталған оқытушылардың барлығы да бірінші және жоғарғы котегориялы ұстаздар. Олар сондай-ақ өздері оқыған “Сырдария” университетімен тығыз байланыста, яғни университетте өтіліп тұратын түрлі іс-шараларға үнемі қатысып отырады. Және де өздері басқарып отырған мектеп, балабақшаларға біздің студенттерді, ұстаздар қауымын жиі шақырып тәжірибе алмасып тұрады.


ӨМІРДЕРЕК

Елшібаев Сәрсенбе Күлішұлы 1955 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. 1972 – 1975 жылдар аралығында Жетісай қаласындағы қазақ педагогикалық училишесінің дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша білім алған.
1975 жылы Ғ.Мұратбаев Атындағы сегіз жылдық мектептің тәрбиеші қызметін атқарған. 1977жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетіне түсіп 1983 жылы осы аталған университеттің Тарих және қоғамтану мамандығы бойынша білім алған. 1981- 1987 жылдар аралығында Қазақстан 40 жылдығы атындағы орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы.
2004-2006 жылы «Сырдария» университетінің тәрбие істері жөніндегі проректоры. 2006 жылдан бастап «Сырдария» университетінің сырттай және қашықтан оқыту факультетінің деканы.
2013 жылы «Южный Казахстан и кокандское ханство в XVIII – середине ХІХ веков» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шықты. Сәрсенбек Күлішұлының көптеген ғылыми мақалалары отандық және шет елдік басылымдарда шыққан. Ғылыми еңбектерінің арасында «О поселении казахов в хивинском и кокандском ханствах», Кокандское ханство в 40х – 70х годах ХІХ века; политический расклад сил (по материалам Туркестанского сборника), Сведение о Ташкентских казахов в произведении «Звезды историй в конце ХVІІІ века.»
2004 жылдан бері Жетісай қаласы «Сырдария» университетінде қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда «Сырттай және қашықтан оқыту» факультетінің деканы қызметін атқаруда.

Жантөреев Жұмахан Тәжіханұлы

Жантөреев Жұмахан Тәжіханұлы, 05.04.1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Абай атындағы колхозда туылған. 1970-1974 жыл аралығында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1970 жылдан бастап орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, 1978-1980 жылдар аралығында мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
1981-1996 жылдар аралығында Жетісай педагогикалық училищесінде оқытушы, тарих-география бірлестігінің жетекшісі, 1994-1996 жылдары пед училищенің сырттай бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Жоғары категориялы ұстаз.
Жұмахан Тәжіханұлы «Сырдария» университеті ашылғаннан бері осы оқу орнында тарих факультетінің оқытушысы, декан орынбасары қызметтерінде болған. Аға оқытушы. 2002 жылдан бері «Сырттай оқу» факультетінде декан орынбасары. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан өңірі халқының әлеуметтік - демографиялық дамуы» деген тақырыпта жазған ғылыми мақаласы бар. Ж.Жантөреев өзінің білімін, мол тәжірибесін «Сырттай оқу» факультетінде өндірістен қол үзбей оқып жатқан студенттерге өз мамандығын жете меңгерген, бәсекеге қабілетті жоғары білімді, білікті мамандарды дайындауда үлкен үлес қосып келеді.

Дербес Бауыржан Жаңабайұлы

Дербес Бауыржан Жаңабайұлы, 05.03.1980 жылы Қазақстан Республикасы Шымкент облысы Киров ауданы Қоғалы совхозында туылған.
Дербес Б.Ж. 2001-2005 ж.ж., «Сырдария» университетінің «050111 Информатика» мамандығын бітіріп, 2005-2009 ж.ж. «Сырдария» университетінің «Компьютер орталығының» операторы және «Информатика» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.
1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай, студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге мол үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған. 2010-2011 ж.ж. аралығында «Компьютер орталығының» меңгерушісі қызметін атқарды.
2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті Қоғамды ақпараттандыру ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢБЕКТЕРІ атты журналында «Семантика информационного моделирования формирования личности в процессе отбора на большой спорт» тақырыбында.
2011 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы «Алгоритмические основы отбора на спорт больших достижений» тақырыбындағы мақалалары отандық ғылыми басылымдарда басылып шыққан.
2011-2013 ж.ж. аралығында «Сырттай және қашықтықтан оқыту» факультетінің бағдарламашысы «Қашықтықтан оқыту» орталығының әдіскері қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда «Сырттай және қашықтықтан оқыту» факультетінің аға әдіскері қызметін атқаруда.

Шекербеков Омар Асқарұлы

Шекербеков Омар Асқарұлы, 12.01.1986 жылы Мақтарал ауданы, Жылысу ауыл әкімшілігі, Мырзашоқы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
Шекербеков Омар Асқарұлы 2004 жылы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің «Информатика» мамандығына түсіп, 2008 жылы бітірді. 2008-2010 жылдары «Сырдария» университетінің «Компьютер орталығында» операторлық қызметін атқарған. 2011 жылы «Сырдария» университетіне магистратураға түсіп 2013 жылы «Информатика» мамандығын бітіріп шықты. Шекербеков Омардың ғылыми мақалалары отандық басылымдарда жарыққа шыққан. Атап айтар болсақ, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Өзбекәлі Жәнібек оқулары 2013» атты ІҮ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Алгоритм оценка инвестиции в зависимости сбережения и дохода» аттты мақаласы жарық көрген.
Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Сырттай және қашықтықтан оқыту» факультетінде әдіскер болып қызмет атқаруда.



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу