қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














"Жаратылыстану және математика" факультеті

Кафедралар

1. «Жоғары математика және физика» кафедрасы
2. «Биология» кафедрасы
3. «Химия және география» кафедрасы
4. «Құқық және экономика» кафедрасы
5. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы









«Жоғары математика және физика» кафедрасы

Жолдасов Сазахан Аманұлы
кафедра меңгерушісі, техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра туралы

1998 жылы қыркүйек айында құрылған. Алғашқы кезде «Математика және информатика» кафедрасы деп аталған. 2001 жылдан бастап кафедра «Жоғары математика және физика» деп өзгертілді.

Кафедраны ф-м.ғ.к., доцент А.А. Тұрсынов, ф-м.ғ.к., доцент Б. Тілеубердиев, ф-м.ғ.к., доцент Г. Қарашева, ф-м.ғ.д., профессор А. Бердышев, т.ғ.к., доцент Ж.Д. Жаңабаевтар басқарды. Қазіргі таңда кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жолдасов С.А. басқарып келеді.

Бүгінгі күндері кафедрада 17 оқытушы-профессорлар жұмыс істейді, олардың 2-і ғылым докторы, 10-і ғылым кандидаты, 2- аға оқытушы, 3-оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті 72%.

Ф-м.ғ.д., профессор Наримов Ш., ф.-м.ғ.д., профессор Шыныбаев М.Д., тех.ғ.к., доцент Жаңабаев Ж.Д., ф.-м.ғ.к., доцент Қарашева К., ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Бердалиев Е., ф.-м.ғ.к., доцент Камбарова О.Б., х.ғ.к., доцент Алматов Д.К., ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Кадиркулов Б.Ж., ф.-м.ғ.к., доцент Байжуманов А., п.ғ.к., доцент Бердалиева Т.Д., т.ғ.к., аға оқытушы Бердышев А.С., ғылым магистрі, аға оқытушы Саулебаев Б.А., ғылым магистрі, аға оқытушы Сапахов Д., ғылым магистрі, оқытушы Казакбаев Ж., ғылым магистрі, оқытушы Сансызбаева А.С., ғылым магистрі, оқытушы Улукбаев Қ.А. т.б. жұмыс істеді. Кафедра профессор-оқытушылары тұрақты түрде ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Қазақстан облысы аумағындағы орта мектептердегі физика және математика пәні мұғалімдерінің 80% -ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады.
Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді. Кафедра профессор-оқытушылары өздеріне бөлінген пәндер бойынша силлабустарын, лекциялар жинағын, тапсырмалар мәтіндерін, ОСӨЖ материалдарын және оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі.



Кафедрада 2006 оқу жылынан бастап, 6N010900 – Математика магистрі мамандығы бойынша мамандар дайындалуда. Бұл мамандықтың оқу жұмыс жоспарлары мемлекеттік стандартқа және типтік бағдарламаға сәйкес жасалынған.

Оқу әдістемесі барлық қажетті оқу - әдістемелік құжаттармен, оқулықтар және әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Кафедрада ғылыми жұмыстар келесі бағытта алып барылады: "Аралас және аралас – құрама түрдегі теңдеулер үшін шеттік есептер және олардың спектральдық мәселелері".
Профессор-оқытушылар құрамы келісім- шарт негізінде қызмет етеді.

2004-2005 оқу жылынан бастап кафедра оқытушылары студенттерді кредиттік технология бойынша оқытуда. Оқу пәндерінен силлабустар дайындалды. Барлық оқытушылардың базалық білімдері жүргізілетін пәндері бойынша сәйкес келеді. Кафедраның профессор - оқытушылары толық жүктемемен жұмыс істейді. Кафедра оқу - әдістемелік жұмыстары бойынша барлық қажетті құжаттармен қамтамасыз етілген. Олар: мемлекеттік стандартар, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, әдебиетер.

5В010900 – Математика мамандығы

Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы: Кәсіби қызмет саласы: 5В010900 - Математика мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. Кәсіби қызмет нысандары:

  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
  • бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
  • мамандандырылған мектептер;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

5В010900 - Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

  • білім беру ұйымдарында математиканы кәсіби қызмет нысанына сәйкес оқыту;
  • қазіргі педогогикалық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық және тәрбие қызметтерін жүзеге асыру;
  • математика бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткізу болып табылады.

5В011000 – Физика мамандығы

5В011000 – физика мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы. 


Кәсіби қызмет саласы

5В011000 - физика мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет саласы:

  1. білім және білім берудің жалпы білім беретін ұйымдар мен білім беру мекемелерінде, орталықтарында оқитын балалар мен жастардың дамуы;
  2. ғылым;
  3. физикалық әдістерді падаланумен байланысты ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар.

5В010900 – Математика мамандығы

Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы: Кәсіби қызмет саласы: 5В010900 - Математика мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. Кәсіби қызмет нысандары:

  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
  • бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
  • мамандандырылған мектептер;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

5В010900 - Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

  • білім беру ұйымдарында математиканы кәсіби қызмет нысанына сәйкес оқыту;
  • қазіргі педогогикалық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық және тәрбие қызметтерін жүзеге асру;
  • математика бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткізу болып табылады.

5В011000 – Физика мамандығы

5В011000 – физика мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы.
Кәсіби қызмет саласы

5В011000 - физика мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет саласы:

  1. білім және білім берудің жалпы білім беретін ұйымдар мен білім беру мекемелерінде, орталықтарында оқитын балалар мен жастардың дамуы;
  2. ғылым;
  3. физикалық әдістерді падаланумен байланысты ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар.






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу