қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














"Жаратылыстану және математика" факультеті

Кафедралар

1. "Жоғары математика және физика" кафедрасы
2. "Биология" кафедрасы
3. "Химия және география" кафедрасы
4. "Құқық және экономика" кафедрасы
5. "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасы

Абдуразова Перизат Аділбекқызы
факультет деканы, PhD докторы

Телефон: 8(72534)6-27-85

"Жаратылыстану және математика" факультеті 2014-ші жылдың наурыз айынан бастап "Химия және биология" мен "Экономика және математика" факультеттері біріктірілуінің арқасында құрылды.
Жаратылыстану және математика факультетінің құрамына "Жоғары математика және физика", "Биология" кафедрасы, "Химия және география", "Құқық және экономика", "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедралары кіреді.

Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 60 профессор – оқытушылар жұмыс жүргізуде: оның ішінде ғылым докторы, профессор – 9; ғылым докторы, доцент – 1; ғылым кандидаттары, доцент - 11, ғылым магистрі – 17, аға оқытушы 3, оқытушы - 2. Факультет бойынша ғылыми дәреже атағы бар оқытушылардың үлесі 55 % құрайды. Факультетте оқу үрдерісі оқытудың жаңа жүйесі кредиттік технология негізінде жүргізілуде. Факультеттің материалдық - техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.

Бүгінгі таңда факультетте "Жалынды жастар" пікір-сайыс клубы, "Жас биологтар", "Зерттеуші химиктер", "Оазис" үйірмелері, "Студенттердің өзін-өзі басқару орталығы", "Қумашылар", "Бесбармақ" КВН командасы, "Ерке" би тобы, "Батырлар мен шымырлар" спорт командасы факультеттің намысын қорғауда.

19.10.2017. Пікірсайыс турнирі
Әрбір жас ел болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамалардан тыс қалмай, қоғамдық өзгерістерге өзінше үн қосып, орнықты ой айта білуі тиіс. Сондықтан Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер проректоры мен Жастар комитеті «Сырдария» университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының жастары арасында пікірсайыс турнирін өткізді.


3.11.2017. "Сырдария" университетінің студенттері «Алтын қор» жастар форумына қатысып, сертификаттарға ие болып қайтты
... Елбасының осындай салиқалы саясатын негізге ала отырып, облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма үстіміздегі жылдың 27-29 қазан күндері Түлкібас ауданының «Таң нұры» лагерінде «Алтын қор» жастар форумын ұйымдастырды. Форумда «Алтын қорға» кадрлық резервті жасақтау мақсатында оқу семинарлары мен тренингтер өтті. Оған облысымыздағы ЖОО-ның үздік бітірушілері мен белсенді студенттері жиналды. «Сырдария» университетінің бітіруші он студенті ұйыдастырылған семинар-тренингтер мен спорттық сайыстарға белсене қатысып, сертификаттарға ие болып қайтты.



Факультетте оқитын 597 студенттің заман талабына сай білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған. Студенттердің құрамында 9 мемлекеттік білім грантының иегері, 1 студент президенттік степендиясының иегері, 3 студент университет степендиясының иегері, 4 студент облыс әкімінің жолдамасымен білім алуда, 7 студент 50%, 18 студент 20%, 51 студент 10% жеңілдікпен оқиды.

Үздік оқитын және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын студенттер қатарына Темиш Мейрамбек, Ибраимов Заманбек, Саитов Фарух, Абен Алтынай, Сапаралиева Фариза, Есімханова Мадина, Мырзақұл Ерғазы, Абишова Сандуғаш, Бектемір Гүлназ, Жандосқызы Махаббат, Оңғар Мөлдір, Құрман Айсылу, Амангелдіқызы Аружан, Ермахан Жазира, Сабырдин Гүлназ, Рахман Құрманбек, Құдайберген Жадыра, Тұржан Райхан, Сапар Әсел, Бектұрсын Нұрбол, Шабет Жаудр, Қожабекова Назира, Әбілқайырова Гүлзина, Молдабай Сулухан, Адырова Гулзейнеп, Мейірбек Оралай, Ильяс Азамат, Нарзиева Боханова Мадина, Бесбайқызы Зулфия, Есенгелдиева Данагүл, Ұлықбаев Бедіқожа, Ташибаева Бағила және т.б. есімдерін атауға болады.

Оқу процесі техникалық жабдықтармен, интернет жүйесіне қосылған компьютер орталығымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Студенттердің сабақтан тыс уақытта өнермен, спортпен айналысуына толық жағдай жасалған. Университетте 300 орындық "Студенттер үйі" және "Қазақстан" студенттер сарайы жұмыс істейді.

Элективті пәндер (модульдер) каталогы Типтік оқу бағдарламалар

Кафедралар

1. "Жоғары математика және физика" кафедрасы
2. "Биология" кафедрасы
3. "Химия және география" кафедрасы
4. "Құқық және экономика" кафедрасы
5. "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасы



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу