қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












"Математика және экономика" факультеті

Кафедралар

1. «Жоғары математика және физика» кафедрасы
2. «Құқық және экономика» кафедрасы
3. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы





"Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасы


Тарихы


Кукиев Ж.С.
"Бағдарламалық қамтамасыз ету"
кафедрасының тех.ғ.к.,
кафедра меңгерушісі

"Информатика" кафедрасы 1998 жылы ашылған. Кафедра меңгеруші қызметіне ф.-м.ғ.к., доценті Тұрсынов А.А. тағайындалды. Кафедрада 5В060200 -"Информатика" 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша мамандар дайындалды.

Кафедрада ф.-м.ғ.к. Парманов М., ф-м.ғ.к. Фархадов Т., доцент,Байжұманов А., ф-м.ғ.к. Сариев Б., т.б. профессор оқытушылар жұмыс істеді. Кафедра "Жаңа ақпараттық технологияларды қолданбалы мәселелерді шешуде және оқу процесінде қолдану" тақырыбы бағытында ғылыми жұмыстарды жүргізді. Кафедраның ғылыми жұмыстарының бір бағыты қашықтан оқыту орталығының жұмыс жүйесін қалыптастыру болды. Ол проблемаларды шешумен доц. Тұрсынов А.А., аға оқытушы Шпенглер С.А. және олардың шәкірттері айналысты.

Кафедрада студенттердің ғылыми көз-қарасын қалыптастыру үшін "Жас программистер" үйірмесі жұмыс істеді. Ол үйірмені аға оқытушы М.Ш. Сарайбаев басқарды.

26.09.2001 жылы кафедраның аға оқытушысы Ж.С. Кукиев өзінің ғылыми диссертациясын қорғады. 2003 жылы "Информатика" кафедрасы меңгерушісі қызметіне тех.ғ.к. Кукиев Ж.С. тағайындалды. 2006-2007 оқу жылында кафедрада 6М011100 – "Информатика" мамандығы бойынша магистратура ашылды. Ағымдағы оқу жылында 10 магистрант қабылданды.


"Бағдарламалық қамтамасыз ету"
кафедрасының тех.ғ.д.,
профессор Рустамов Н.Т.

2008-2009 оқу жылындағы кафедра мәжілісінде тех.ғ.докторы Н.Т.Рустамовтың ұсынысы бойынша кафедраның аты "Бағдарламалық қамтамасыз ету" деп өзгертілді. Кафедрада ағымдағы оқу жылында 17 профессор-оқытушылар жұмыс істеуде. Оның ішінде ғылыми дәрежелі оқытушылар тех.ғ.д., Рустамов Н., тех.ғ.к. Кукиев Ж., п.ғ.к. Дайырбеков С., тех.ғ.к., Қаратаев А., тех.ғ.к., Абдуллаев Е., физ-мат.ғ.к., Бақтыбаев Қ., тех.ғ.к., Холтурсунов Е., тех.ғ.к., Рузыбаев А., тех.ғ.к., Ахметжанов Г., ғылым магистрлері Жасұзақова М.Ж., Салихова Г.Қ., Акимишев Ғ.П., Асилбаева А.А., Лесбаев Е., Беркинов Е., аға оқытушылар Сарайбаев М.Ш., Алипбаев Т.Н.

2008-2009 оқу жылында магистранттардың бірінші түлектері бітірді. 2011-2012 оқу жылында "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасын тех.ғ.д профессор Н.Т. Рустамов басқарды. Информатика мамандығына деген қызығушылық талапкерлер арасында өте жоғары көрсеткішке ие болды. Себебі, компьютерлік технологиялар ең тез дамып келе жатқан және жоғары кіріс әкелетін ғылым саласы. Мамандықты таңдаған студенттер жаңа ақпараттық технологиялардың жаңа жетістіктерін және программалық қамтамасыз етудің қыр сырларын білетін маман иесі болып шығады. Қазіргі кезде ғылымның және өндірістің мысалы ол ғарыштық технологиялар, мұнай немесе атом станциялары жаңа ақпараттық технологиясыз нақты ақпаратқа қол жеткізе алмайтыны белгілі.


Ғылым магистрі аға оқытушы Ж .М. Жасұзақова дәріс өтуде

Кафедрада профессор Н.Т.Рустамовтың жетекшілігінде үш ақпараттық жүйе жобаланып ("Отбор", "Маркет", "Инвестор") өндіріске ендіріліп 3,5 млн-нан жуық табыс табылды. Осы кезге дейін кафедрада информатика мамандығы бойынша 51 ғылым магистрі дайындалды. Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының ұйымдастыруымен университетте жыл сайын 5В060200 – "Информатика" және 5В070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары студенттерінің ғылыми практикалық конференциясы өткізіледі. Жоғарыда атап өткен мамандықтар бойынша бітіруші түлектер еліміздің көптеген салаларында қызмет етіп, өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Атап өтетін болсақ республикамыздың "Қазақстан" телеарнасы, "Айр Астана" әуежайы, ҚазҰУ, ҚазАгроУ, сонымен қатар ауданымыздың басым көпшілік мектеп мекемелерінде т.б. жерлерде қызмет етуде. Жыл сайын студенттердің ғылыми конференциясынан кейін профессор-оқытушылардың ғылыми конференциясы өткізіледі.

Магистрлер ғылыми ізденістерінің негізгі бөлігін "Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында" орындайды.
Магистранттар мамандығына сәйкес теориялық білімдерін меңгеріп, магистрлік диссертациялары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


Аға оқытушы Ш.М.Сарайбаев дәріс өтуде

Профессор-оқытушылар біліктілігін жоғарлату жұмыстарын республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында, ҚР біліктілікті арттыру "Өрлеу" бағдарламасы бойынша амалға асырады.

Кафедрада 2011-2015ж ғылыми-зерттеу жұмыстарының стратегиялық жоспары жасалған. Кафедрада "Ұжымдық басқаруды алгоритмдеу", "Бейнелерді біліп тану үшін ақпараттық жүйесін жасау", "Ақпараттық жүйелерді интеллектулдандыру" тақырыптары бойынша ҒЗЖ жүргізіледі. 2017 жылдың қыркүйек айынан 5В011100-информатика мамандығына мемлекеттік лицензия берілді.Бүгінгі таңда 12 білімалушы дәріс алуда.





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу