қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












"Жаратылыстану" факультеті

Кафедралар
1. «Биология» кафедрасы
2. «Химия және география» кафедрасы





"Химия және география" кафедрасы

Қобланова Оңғаркул Нурмахамбетқызы
"Химия және география" кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., доцент

"Химия және география" кафедрасының тарихы
"Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасы құрылған айы, жылы
Кафедра тынысы (осы кезеңге дейінгі кафедра меңгерушілері)
Профессор-оқытушылар құрамы
Кафедра даярлайтын мамандықтар
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедраның ғылыми-тәжірибелік келісім шарттары.




1. "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасы құрылған айы, жылы

1999-2000 оқу жылында "Сырдария" университеті "Дене шынықтыру және спорт" факультеті құрамында 2000 жылы "Химия және биология" кафедрасы ашылды.


2. Кафедра тынысы (осы кезеңге дейінгі кафедра меңгерушілері)

5В011200-"Химия", 5В011600-"География" бакалаврын және 6М011200-"Химия" мамандықтарынан ғылым магистрларын дайындайды.
2000 жылы ашылған "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Ибраимов Чиназбек;
2002 жылы "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі болып б.ғ.к., доцент Келдібеков Серікбай Елғонович;
2004-2005 жылдары "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Ибраимов Чиназбек;
2005 жылы "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к., аға оқытушы Дошманов Ескендір Қиятұлы;
2008 жылы "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі оқытушы Кукеев Сакен Сенбеевич;
2009-2010 жылы "Химия және география" кафедрасына кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Ашіров Әбдімәлік Манапұлы;
2012 жылы "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасына кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.д., профессор Умбетаев Ибадулла Изатуллаұлы;
2014 жылы Наурыз айынан бастап "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасына кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент Қобланова Онғаркул Нурмахамбетқызы;
2015 ж. қыркүйек айынан "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасына кафедра меңгерушісі б.ғ.к., доцент Исакова Динара Тұрапбайқызы;
2015 28-тамыздан "Химия және география" кафедрасы болып бөлініп кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент Қобланова Онгаркул Нурмахамбетқызы тағайындалды.

3. Профессор-оқытушылар құрамы.

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедрада 14 профессор – оқытушылар: оның ішінде ғылым доктор, профессор–1; ғылым кандидаттары-7, соның ішінде доцент-5, ғылым магистрі–6, оның ішінде аға оқытушы-3, оқытушы-3 жұмыс істейді. Кафедрада ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың үлесі 53,84% құрайды.
Кафедрамызда ғылым докторлары, профессорлар: Ә.М.Әширов, ғылым кандидаттары, доценттері: Қ.С.Мадыханова, Ш.Ибраимов, Е.Қ.Дошманов, О.Н.Қобланова, Ф.Сулейменова, Нурходжаева З.А. ғылым магистрлері: К.Б.Исмаилова, П.А.Абдуразова, Н.С.Аманбаев, О.Қ.Кулумбетова, У.Б.Шорабекова, Б.Исабеков студенттерге тәлім-тәрбие беруде.

Профессор-оқытушылар озық педагогикалық тәжірибелерді қолданып, педагогикалық эксперименттер өткізіп оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік материалдарын ғылыми басылым беттерінде жүйелі түрде жариялап келеді.



4. Кафедра даярлайтын мамандықтар:

"5В011200-Химия" бакалавры, "5В01600-Геграфия" бакалавры, "6М011200–Химия" магистры мамандықтарын даярлайды.

"5В011200-Химия" бакалавры: "5В011200-Химия" мамандығы бойынша бітірген түлектерге химия бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет саласы:

5В0011200- Химия мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Кәсіби қызмет нысандары:
- жалпы орта білім беретін негізгі және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
-техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар.

Кәсіби қызмет түрлері:
- білімдік;
-эксперименттік-зерттеу;
-ұйымдастыру-басқару;
-әлеуметтік-педагогикалық;
-оқу-тәрбиелік;
-оқу-технологиялық қызмет.

Кәсіби қызмет функциялары:

-педагогикалық, тәрбиелік, зерттеу, басқару, ұйымдастыру-технологиялық функциялар кіреді.

"5В011600–География" мамандығы: "5В011600–География" мамандығы бойынша бітірген түлектерге "География бакалавры" академиялық дәрежесін береді.

Кәсіби қызмет саласы:

5В011600- География мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Кәсіби қызмет нысандары:
- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
- бастауыш негізгі және бейіндік мектептер;
-мамандандырылған мектептер;
-техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдары болып табылады.

"География бакалавры" біліктілігі бойынша бітірушілер мынадай қызметтерді атқара алады:
- білім беру (педагогикалық), әр түрлі оқу орындарында география мұғалімі ретінде (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және т.с.с.);
- ғылыми-зерттеу, мамандық пен мамандандыру бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындай алады;
- жобалау, жоба жасау мен конструкторлық орындарда, жалпы және арнайы жобалар немесе нұсқалар құрастыру (көгалдандыру, суландыру, қайта қалпына келтіру, аудандық жоспарлау, метеостанцияларда, жас туристер станцияларында және т.с.с.);
- өндірістік-басқару іс-әрекеттерін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарда (білім беру, туризм, экология т.б. салаларында, әкімшіліктерде, географиялық нысандағы зертханаларда және т.б.);
- географиялық бағыттағы өндірістік, технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетінде;
- экспорттік-саралау, табиғат қорғау және оны ұтымды пайдалану, аудандық жоспарлау, тұрғын халықты орналастыру, еңбек және жер қорларын бағалау.

6М011200-"Химия" мамандығы:

Кәсіби қызметінің нысандары

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің обьектілері: мемлекеттік және мемлекеттік емес бейінді жоғары оқу орындары; білім беру және химиялық өндіріс саласындағы мемлекеттік басқару органдары; экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газды және көмір бейіндік ғылыми –зерттеу институттары; химиялық, экологиялық, фармацевтикалық металлургиялық, мұнай-химиялық, газ және көмір өндірістерінің орталық –зауыт лабораториялары; бақылаушы –аналитикалық қызмет, стандарттау және сертифаттау және сертификаттау орталықтарының мекемелері; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ұйымдары; сот және соттық медициналық сараптама жүйелері болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру (педагогикалық);
  • әдістемелік;
  • ғылыми –зерттеу;
  • ұйымдастырушылық –басқарушылық.


5. Ғылыми зерттеу жұмыстары

Кафедрада орындалатын ғылыми- зерттеу жұмыстарының бағыттары

  1. "Жаңа инновациялық технологияларды қолданып, Мақтаарал ауданының химиялық экологиясын зерттеу";
  2. "Жаңа инновациялық технологияларды қолданып, Мақтаарал ауданының химиялық экологиясын зерттеу нәтижелеріне географиялық тұрғыдан мониторинг жасау"


6. Кафедранын гылыми-тажірибелік келісім шарттары.

  1. ТОО Научно-производственный центр ресурсосберегающих технологий САПА. Г.Алматы
  2. РГП "Казахский Национальный Аграрный Университет" предметом договора является разработка и исползование гранта по проекту ОК_00120 "Универсальный модуль для магнитной стимуляции продуктов обмолота зерноуборочным комбайном"
  3. "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниституты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасалған келісім-шарт негізінде "Тыңайтқыштар мен фитогармондардың ауыл шаруашылық өсімдіктерінің физиологиялық биохимиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу" тақырыбына

Миссиясы:
Өмір талаптарына сәйкес келетін, өзінің білімі мен мәдениетін үздіксіз арттыруға, ғылым және білім саласында инновацияларды тиімді енгізуге қабілетті мамандар даярлау.

Көрініс: Әлеуметтік жауапкершілікті көтеру негізінде білімнің қазіргі деңгейін іргерілету үшін барлық мүдделі тараптарды нығайтатын ғылыми педагогикалық кафедра

Дамудың басымдылығы барлық процестердi сапалы ұйымдастыру болып табылады: жоғары бiлiктi мамандарды дайындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелiлігінің жоғарылату және күшейту, ұжым мүшелерiнің еңбектерін тиімді ұйымдастыру, қызмет ету бағыттарын кеңейту, ПОҚ-ның сапалы құрамын көтеру, материалдық - техникалық базаны күшейту. Барлық деңгейлерінің біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлердің басқару әлеуетін қалыптастыру. Кафедраның әрекет ету қағидаттары - бар мүмкіндіктерін максимизациялау, әлсіз жақтарын минимизациялау, жоғары білім нарығындағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарын алу, жоғары дәрежелі білім беру ұсыныстарын қамтамасыз ету.

Кафедраның басты мақсаты:

  • еңбек нарығындағы біліктілік талаптарын ескере отырып, жұмыс берушілердің қатысуымен әзірленген және іске асырылатын, жаңартылған кәсіптік оқу бағдарламаларының үлесін арттыру;
  • білім беруде IT-технологияларын пайдалана отырып, білім беру бағдарламасын меңгерген бітірушілер үлесін 90%-ға жеткізу;
  • ағылшын тілінде оқытылатын білім беру кәсіптік бағдарламаларда енгізу;
  • алған мамандығы бойынша 1 жыл бойында жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесін 20-30% жеткізу;
  • ішкі академиялық ұтқырлық бойынша отандық оқу орындарында білімін жалғастыратын студенттер санынының пайызын көтеру;
  • кафедра үйірмелерінде Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттер санынының пайызын көтеру;
  • ғалымдарының халықаралық басылымдар бойынша үлесін арттыру.
  • студенттердің республикалық, аймақтық олимпиадалар мен түрлі сайыстарға қатыстыру;

Кафедраның міндеттері:

  • профессор оқытушы құрамының тағылымнадан өтуін, қайта дайындық, білімін жетілдіруін ұйымдастыру;
  • жоғары білімнің барлық деңгейлері моделін және алдыңғы құзіретті – бағытталған стандарттарын тарату және қалыптастыру;
  • барлық деңгейлер бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту және қызмет етудің басым бағыттарын жетілдіру;
  • басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру;
  • кафедрада көптілділікті дамыту;
  • оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын күшейту.

2017-2020 жылдар аралығында кафедраның кадрларды халықаралық деңгейде дайындауға шығуы белгіленген; білім, зерттеушілік және бизнес-бағыты бейіні бойынша жетекші позицияларға шығу; өз елінің қызығушылығына айқын бағытпен, бәсекелестік ортасында бейімделудің жоғары дәрежесімен, халықаралық деңгейдегі мамандар лайықты түлектер дайындау.

Болашақ стратегия: материалдық-техникалық базаны күшейту; еңбек нарығына бәсекеге түсе алатын мамандарды дайындау сапасын жоғарылату; профессор-оқытушы құрамының ғылыми әлеуетін көтеру; білім алушыларды қазiргi оқулықтар, оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Мультимедиалық, анимациялық контенттермен цифрлық білім беру ресурстарын құру, виртуалданған оқыту ортасын құру, ақпараттық технологияларды оқу процесіне белсенді ендіру, шетелдік ғалымдармен авторлық бірлестікте ғылыми еңбектер және оқулықтар жазу, студенттер, магистранттардың академиялық алмасуын жетілдіру.





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
e-mail:sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу