қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












"ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ" ФАКУЛЬТЕТІ


Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы
факультет деканы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Түйіндеме
Кафедралар
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«Тілдер» кафедрасы
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы
6М011400 - "Тарих" мамандығына арналған ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР (МОДУЛЬДЕР) КАТАЛОГЫ
2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін
"Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы" сауалнамасы
5В010300 - "Педагогика және психология" мамандығына арналған ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР (МОДУЛЬДЕР) КАТАЛОГЫ
2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін
6М010200 – "Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі",
6М011400 – "Тарих", 6М011600 мамандықтарының, 1-2 курс магистранттары арасында жүргізілген "Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы" атты социологиялық сауалнамасы бойынша сараптамалық Есеп
6М010200 - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығына арналған ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР (МОДУЛЬДЕР) КАТАЛОГЫ 2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін 6М011400 – "Тарих" мамандығы, 1-2 курс магистранттары арасында жүргізілген "Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы" атты социологиялық сауалнамасы бойынша сараптамалық Есеп
Модульдік білім беру бағдарламасы 2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін

"ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ" ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ

1998 жылы ашылған "Сырдария" университетінің құрылымдық бөлімдердің ішінде ең алғашқылардың бірі болып, "Гуманитарлық білім" факультеті құрылды. Заман талабына байланысты факультет 2009 жылы "Филология және психология" факультеті болып аталса, 2010-2011 оқу жылы "Гуманитарлық білім" факультеті болып қайта құрылды.

1998-2000 жылдары факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жидебаев Құдайберген Жидебайұлы, 2000-2001 жж. педагогика ғылымдарының кандидаты Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы, 2001-2003 жж. доцент Ырсымбетов Мәлік Мейірбекұлы, 2003-2005 жж. доцент Қадырбаев Нұрғали Әмірбекұлы, 2005-2009 жж. саяси ғылымдар кандидаты, доцент Тілесов Айтбай Темірәліұлы, 2009-2010 жж. Алипбаев Тұрар Назарұлы, 2010-2013 жж. филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызы., 2013 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Күмісбекова Динара Аманқұлқызы, 2013-2015 жж. педагогика ғылымдарының кандидаты Молдабекова Нұржамал Сайдалықызы, 2015 оқу жылынан бастап тарих ғылымдарының кандидаты Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы басқарды.



Бүгінгі таңда "Гуманитарлық білім" факультетің доцент Исаева Кулайна Әліқұлқызы басқарып келеді.

Қазір факультетте жоғары білікті 73 профессор-оқытушы студенттерге білім беруде: 8 ғылым докторы мен профессорлар, 36 ғылым кандидаты мен доценттер, 21 ғылым магистрлері, 8 аға оқытушы. Профессор-оқытушылар қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында өздерінің жаңа шығармашылық ізденістерімен көрінуде. Олар оқытудың жаңа бағдарламасын, қазіргі заманғы әдістерін игеріп, ғылыми жобаларды жүзеге асырып, жыл сайын оқу, оқу-әдістемелік құралдарын, монографияларын баспадан шығарып, ғылыми мақалаларын жариялап отыр.

Факультетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық ізденістерін үйлестіру мақсатында "Тілтаным", "English klub", "Таным", "Ізденіс", "Өркениет" атты ғылыми үйірмелер ұйымдастырылған.

"Гуманитарлық білім" факультеті "Сырдария" университетінің педагогикалық бағытындағы 9 мамандық бойынша білім бакалаврларын, 4 мамандық бойынша ғылым магистрлерін даярлайтын негізгі құрылымның бірі болып табылады.

"Гуманитарлық білім" факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярлайды:
1. 5B 010100 – "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу";
2. 5В 010200 – "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі";
3. 5В 010300 – "Педагогика және психология";
4. 5В 011400 – "Тарих";
5. 5B 013000 – "Тарих-Дінтану";
6. 5В 011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті";
7. 5B 091000 – "Кітапхана ісі"
8. 5В 011900 – "Шетел тілі: екі шетел тілі";
9. 5B 011800 – "Орыс тілі мен әдебиеті";

Факультет төмендегідей мамандықтар бойынша магистрлер даярлайды:
1. 6М 010200 – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі";
2. 6М 010300 – "Педагогика және психология";
3. 6М 011400 – "Тарих";
4. 6М 011700 – "Қазақ тілі және әдебиеті".

Факультет құрамында 4 кафедра: "Педагогика және психология", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Тілдер" және "Отан және шетел тарихы" жұмыс жасайды. Факультеттің атқаратын жұмысы сапа менеджменті жүйесімен анықталған: оқу-әдістемелік; ғылыми-зерттеу; тәрбие беру сияқты үрдістерден тұрады.

Факультеттің бүгінге дейін қол жеткізген табыстарына тоқталатын болсақ:

- педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі және тарих мамандықтарында мамандар даярлаудың сапасы бойынша өңірлік білім беру жүйесіндегі сенімге ие болуы;

- кредиттік оқыту технологиясына негізделген оқу үрдісіне қажетті бүгінгі заман талабына сай оқу-әдістемелік құралдарға қол жеткізуі;

- облыстағы, аудандағы алдыңғы қатарлы білім мекемелерімен бірігіп жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, мемлекеттік тілге байланысты түрлі жарыстарды жүйелі түрде жүргізуі.

28.09.2017. Әуезовтің әдеби әлемі
Қазақ әдебиетінің біртуар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай 2017 жылдың 28-қыркүйегінде кітапхана бөлімі және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылары, мамандық студенттерінің ұйымдастыруымен «Әуезовтің әдеби әлемі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. «Қазақстан» студенттер сарайында кемеңгер жазушының әдеби әлеміне саяхат жасалды.


22.09.2017. Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы. Тіл – ұлттың жаны. Тіл болмаса, ұлт та болмайды
2017 жылдың 21-қыркүйегінде "Гуманитарлық білім" факультеті және "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының профессор-оқытушылары мен белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай "Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы" атты тақырыпта мерекелік іс-шара болып өтті.


9.02.2018. Соғады жүрек
9-ақпан күні қазақ поэзия әлемінде алтын әріптермен таңбаланатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүние есігін ашқан күнін атап өту дәстүрге айналған. Жыл сайын өткізілетін поэзиялық іс-шараның биылғы көрінісі айрықша сипатта болып өтті.
Университеттің "Гуманитарлық білім" факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы, "Кітапхана" бөлімі бірлесіп ұйымдастырған "Соғады жүрек" атты әдеби-сазды кешті жандандыра түскен – студент жастар.




Кафедралар


«Педагогика және психология» кафедрасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«Тілдер» кафедрасы
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу