қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













"Гуманитарлық білім" факультеті

"Педагогика және психология" кафедрасы "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы "Тілдер" кафедрасы "Отан және шетел тарихы" кафедрасы


"Тілдер" кафедрасы

Кафедрада 20 штаттық бірлікте 20 профессор-оқытушы қызмет етеді. Оқытушылардың базалық білімдері мамандықтарға сәйкес келеді.
Кафедрада 10 оқытушының ғылыми атағы бар: 1 - ф.ғ.д., профессор, 9 - ф.ғ.к., доцент, 3- ғылым магистрі.

"Тілдер" кафедрасы 5В011900 - "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығы бойынша ағылшын және француз пәндерінен педагог мамандар, ғылыми қызметкерлер даярлайды.
"Тілдер" кафедрасына қатысты "Елтану", "Фонетика", "Лингафон" және "English club" кабинеттері өздеріне тиісті тіл және әдебиет оқулықтарымен, әдістемелік көрнекі құралдармен, жиһаздармен жабдықталған.
Кафедра мүшелері тілдерді оқытудың жаңа жүйесіне көшіп, ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Ағылшын тілі грамматикасы, тіл біліміне кіріспе, шет тілі тарихы, шет тілін оқытудың қазіргі әдістемесі сияқты ғылыми проблемалармен айналысады.

Студенттердің білімін арттыруда кафедраға "English club" үйірмесі көп мүмкіндіктер жасауда. Бұл үйірмеде студенттерге қарым-қатынастың диалогтық және полиглоттық түріне үйрету барысында қолданылатын ойындар технологиясының рөлі мен түрлерін, мәтін-монолог түрінде сөйлеуге үйретудің бірлігін, жазу және жазба сөз біліктілігін тексерудің нысаны мен тәсілдерін "English club" жетекшісі ағылшын тілінде жүргізіп отырады.












Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
2018 © www.sirdariya.kz
<^ Жоғары шығу