қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












"Гуманитарлық білім" факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«Тілдер» кафедрасы
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы


«Отан және шетел тарихы» кафедрасы

Апашева Сабира Нұрбайқызы
"Отан және шетел тарихы" кафедрасының меңгерушісі,
тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы



Профессор оқытушы құрамы
МЫРЗАШӨЛ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Кафедрада 17 профессор-оқытушы жұмыс жасайды: 10 оқытушының ғылыми атағы бар, оның ішінде: т.ғ.д., профессорлар - 2, ғылым кандидаттары, доценттер - 6, PhD, докторы – 2, ғылым магистрі, аға оқытушы - 6.

Мұнда университеттің өсіп-өркендеуіне және студент жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында ерен еңбек етіп келе жатқан азаматтар жұмыс істейді. Атап айтқанда, т.ғ.д. Галиев В.В, т.ғ.д, доцент Құдайбергенова А. "Сырдария" университетінің бұрынғы ректоры, қазіргі Оқу істер жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент С.Д.Мамраимов, Сапа менеджменті, аккредитация және мониторг бөлімінің басқарма доценті А.А.Алтыбаева, оқу әдістемелік басқарма басшысы орынбасары, Phd докторы Токмурзаев Б.С., т.ғ.к., доцент, М.Б.Мейірбеков, т.ғ.к., аға оқытушы С.К.Елшібаев, т.ғ.к., аға оқытушы Г.У.Орынбаева, т.ғ.к., аға оқытушы Ш.О.Ибрашева, ф.ғ.к., доцент Мамытов М.
Сонымен бірге кафедрада олардың ізін баса ғылым магистрлері – Н.Қуандық, А. С.Азизбекова, А.А.Сырбаева, С.С.Таубаев, Н.Қ.Досыбаев және зертханашы Ж.Қуанышова секілді жастар да қалыптасып келеді.

Кафедра профессор-оқытушылары белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Олардың ғылыми зерттеу мақалалары мен еңбектері мерзімдік ғылыми баспаларда және конференциялардың жинақтарында жүйелі түрде жарық көруде. 2015 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен VIІ республикалық студенттік пәндік олимпиадасында "Үздік зерттеуші және ізденімпаз топ" номинациясымен және биылғы 2016 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өткен VIІІ республикалық студенттік пәндік олимпиадасында "Ең үздік ғылыми жоба" номинациясымен марапатталды. 2017 жылы сәуір айында Қыздар мемлекеттік университетінде өткен ІХ республикалық студенттік пәндік олимпиадасында 5В011400 -"Тарих" мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиада "Ұшқыр ой " номинациясы берілді.

ҚР ЖОО студенттері арасындағы 5В011400 -"Тарих" мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиада "Ұшқыр ой " номинациясы берілді.

"Тарих" мамандығында оқитын студенттерге тағылымды тәрбие, сапалы білім алуына университеттегі өзге студенттер сияқты барлық жағдайлар жасалған. Университеттің заманауи талапқа сай үш кітапханасында тарих пәндеріне арналған оқулықтар жеткілікті.

Университеттің әсемдігімен көз тартатын орталық оқу залы, мерзімдік басылымдар және электронды оқулықтар залдары студенттердің шығармашылық шабытын, оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың терең білім алуларына қолайлы мүмкіндіктер туғызады.

Шет елдік В.Фризен дәріс үстінде

В. Фризен студенттермен кездесу сәті

VI Республикалық олимпиада жеңімпаздары



Сондай-ақ "Тарих" мамандығының студенттеріне шетелден докторлар, профессорлар келіп, дәріс өтіп тұрады. Мысалы, биыл Германиядан профессор Вальтер Фрейзен мырза келіп, екі апта дәріс өткізді. Кафедра оқу үдерісін ұйымдастыру мен өзіндік жұмыстардың орындалуына арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, кафедрада студенттердің тарих ғылымының өзекті мәселелерімен, өлкетану жұмыстарымен айналысу үшін "Өркениет" үйірмесі құрылған.
Үйірмеге "Тарих" мамандығының 1-4 курс студенттері қатысады.
Жетекшісі – ғылым магистрі С.С. Таубаев Үйірмеде студенттердің тарих ғылымымен, тарихи зерттеулердің жалпы құрылымымен, жазылу жолдары және ерекшеліктерімен таныстыру, мұрағат қорларымен жұмыс істеп, табылған түрлі жазбаша тарихи деректерді өзінің ғылыми жұмысына орынды, дұрыс пайдалана алуы, студенттерді археологиялық экспедицияларға шығару және тапқан заттай деректерін екшеп, салыстырып сыныптап, өз еңбегіне орынды пайдалана алуы, тарихты жасаушы көнекөз қариялардың, соғыс ардагерлерінің басынан өткізген, көрген, естіген әңгімелерін, тіпті аңыздарды жинау, аса құнды этнографиялық материал табылса, оны қажет жерінде өз еңбегіне пайдалану сияқты ғылыми дағдылар мен шеберліктерге үйретіледі.


Кафедрада тәрбие ісі де жақсы жолға қойылған. Біздің студенттеріміз тәрбиелік-танымдық, қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысып келеді.
Университетте ұйымдастырылған Жайдарман ойындары қатысқан Тар-15, Тар-14 тобының студенттері көзге көрінді.

Кафедраның белсенді студенттерімен жетекшісі Таубаев С.


8 – Наурыз мерекесіне арналған іс-шараны ұйымдастырған белсенді студенттер.

"Отан және шетел тарихы" кафедрасының ерекше атап өтуге тұрарлық жұмыстарының бірі – бұрын арнайы зерттелмеген ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласын зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуі. Мақтаарал ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 км солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағалауынан оңтүстікте 2 км жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан бұл ортағасырлық қаланы бұрын Қазақстан археологтары зерттемеген. Оның себебі – Мырзашөл өңірі, оның үлкен бір бөлігі – Мақтаарал ауданы 1963-1971 жж. Өзбекстан Республикасына қарағандықтан, өткен ғасырдың 60 жылдары жүргізілген Шардара археологиялық экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалған.

Бұл қала тіпті, Қазақ-совет энциклопедициясы, Археологическая карта Казахстана, т.б. сияқты іргелі басылымдарға да кірмей қалған. Міне осы қалаға біздің кафедраның С.Н. Апашева, М.Б.Мейірбеков бастаған профессор-оқытушылары мен "тарих" мамандығының студенттері "Археолог" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д., профессор М. Елеуовтың жетекшілігімен 2004 -2016 жылдары археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, үлкен ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. 2017 жылы Ежелгі Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталып, зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ол туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалып, ғылыми басылымдарға жарияланды.

Бүгінде ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы және осы қаладан табылған құнды жәдігерлер қойылған "Сырдария" университетінің мұражайы – Мақтарал ауданының туристік картасына енгізіліп отыр.

Біздің мақсатымыз – студент-жастарды "Сырдария" университетінде осынау еш уақытта маңызын жоғалтпайтын мамандықты оқып меңгерту, оларды білімді де білікті тарихшы-маман етіп қалыптастырып, еліміздің дамуына, қоғам тұрақтылығының сақталуына өз үлесін қосатын азамат етіп тәрбиелеу.




СТУДЕНТТЕРДІҢ МАРАПАТТАРЫ







МЫРЗАШӨЛ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Университетте мұражай бар:
Мұражай, 2017
Мұражай, 2016
Мұражай, 2015
Мұражай, 2014
Мұражай, 2013
Мұражай, 2012




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу