қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












"Гуманитарлық білім" факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Тілдер» кафедрасы «Отан және шетел тарихы» кафедрасы



«Педагогика және психология» кафедрасы

Кафедраның меңгеруші Кафедраның тарихы Кафедраның жұмысы
5В010300 - "Педагогика және психология" мамандығына арналған ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР (МОДУЛЬДЕР) КАТАЛОГЫ 2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін
6М010200 - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығына арналған ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР (МОДУЛЬДЕР) КАТАЛОГЫ 2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін
Модульдік білім беру бағдарламасы 2018-2019 оқу жылында қабылданғандар үшін


Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы,
кафедра меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Ғылыми еңбектер тізімі

Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы 1953 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында туылған.
1969 жылы Қазақ ССР-нің 40 жылдығы атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген.
1974 жылы Иваново мемлекеттік университетінің "Орыс тілі, әдебиеті және педагогика" мамандығын үздік дипломмен бітірген.
1974 жылдан 1999 жылға дейін Жетісай гуманитарлық колледжінде оқытушы, кафедра меңгерушісі болып қызмет істеген.
1993 жылы "ҚР білім беру ісінің озаты" атағы берілген.
1999 жылдың қаңтар айында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде "Влияние методов обучения на развитие гуманной личности учащихся педагогических колледжей" тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған.
2001 жылы Жоғары аттестациялық комитеттің шешімімен доцент ғылыми атағын алған.
1999 – 2011 жылдары "Сырдария" университетінде жұмыс істеген. Декан, проректор, педагогика және психология кафедрасы меңгерушісі қызметін атқарған.
2004 жылы "Античный мир" Халықаралық ғылым академиясының профессоры, 2006 жылы осы академияның лауреаты атанған.
2010 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де "Формирование готовности будущих учителей к инновационной деятельности в общеобразовательной школе " тақырыбына докторлық диссертация қорғаған.
2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында доцент қызметін атқарған.
2012-2016 оқу жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де профессорлық қызметін атқарған.
2017 жылдың қорытындысы бойынша республикалық сайыста "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2017" атағын және мемлекеттік грантын жеңіп алды.

Мұсабекова Г.Т. 5 монографияның, 2 оқулықтың, 15 оқу құралының, 250 ғылыми мақаланың авторы.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Сырдария" университетінде "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда.
Отбасылы, 2 ұлы, 7 немересі бар.




Кафедра тарихы

"Педагогика және психология" кафедрасы 1998 жылы қырқүйек айында құрылған. Алғашқы кезде "Педагогика және жаратылыстыну" кафедрасы деп аталған. Кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.А. Алтаев болды.
1999 жылы химия ғылымдарының кандимдаты, доцент Ш.И. Ибраимов, 2000 жылы философия ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Сауірбаева кафедраның меңгерушілік қызметін атқарды.
Осы кезде кафедра "Педагогика және психология"кафедрасы болып аталды.
2001 жылы п.ғ.д., профессор О.А.Аяшев, ал 2002-2003 оқу жылында аға оқытушы Ташкенбаева С.М., 2003-2004 оқу жылында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұсабекова Г.Т., 2008-2009 оқу жылдары педагогика ғылымдарының докторы, профессор О.А.Аяшев кафедраға басшылық жасап келді. 2011-2012 оқу жылынан бастап кафедраны педагогика ғылымдарынң докторы, профессор Сманов И., 03.03.2014 жылдан 31.08.2016 жылға дейін кафедраны педагогика ғылымдарының кандитаты, доцент Асабаев Ж. басқарды.
Ал 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұсабекова Г.Т. басқаруда.
Кафедрада барлығы 28 профессор- оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 3 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 1PhD докторы, 6 аға оқытушы, 5 ғылым магистрі, бір зертханашы бар.



"Педагогика және психология" кафедрасы

Кафедра еліміздегі білім беру жүйесіндегі іргелі реформаларға сай жұмыс атқаруда.Ұлттық және әлемдік білім беру жүйесіндегі кіріктіру мәселесін негізге ала отырып жұмыс атқарып келеді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттық стратегияларын, негізгі бағыттарын, міндеттерін іске асыру жолында қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді.
Қәзіргі таңда мамандық студенттерінің кәсіби білімін көтеруге байланысты шығармашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатында кафедра жанында педагогикалық-психологиялық бағытта "Таным", "Ізденіс" атты ғылыми- танымдық үйірмелер жұмыс жасауда.
Кафедраның профессор-оқытушылары мен талапты, білімді студенттері қалалық, облыстық сондай- ақ педагогика мамандығын жетілдіру институттары ұйымдастырған семинарға және көрмелерге, Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы ұйымдастырған "Интенсивке" белсенді қатысып келеді.
Халықаралық ынтымақтастық бойынша кафедраның өзге жоғары оқу орындарымен келісім-шарт негізінде іс-тәжірибе, серіктестік бастама ретінде қатынас байланысы құрылған. Атап айтар болсақ: 2010-2015 жж. ГүлМУ, 2011-2014 жж. ОҚМПИ жоғары оқу орындарымен ғылыми және шығармашылық байланыс орнату мақсатында жетекші мамандармен өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүзеге асыру ісі жолға қойылған.
"Мырзакент" ЖОМ мемлекеттік мекемесімен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру, әдіс алмасу мақсатымен келісім-шарт түзілген. Онда мектеп психологының психологиялық қызмет бағыттары, қазіргі мектеп психологының жеке тұлға тәрбиесіндегі негізгі рөлі жөнінде тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде.



Кафедраның жұмысы


Кафедрада барлығы 28 профессор-оқытушы жұмыс атқарады, олардың ішінде педагогика ғылымдарының докторы – 3, PhD доктор – 1, кандидат – 13, ғылым магистрі – 8, аға оқытушы – 3.
"Педагогика және психология" кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде. Профессор-оқытушылар жыл сайын оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми мақалаларын баспадан шығарып отырады.


п.ғ.д., профессор Мұсабекова Г.Т. лекция оқып тұр




п.ғ.д.,профессор Мұсабекова Г.Т. студенттерге лекция оқуда




Аға оқытушы Ташкенбаева С. сабақ үстінде


Аға оқытушы Таштауова Ж. студенттермен тренинг өткізуде

Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына кафедраның "Таным", "Ізденіс" үйірмелері үлкен мүмкіндіктер жасауда. Кафедраның профессор-оқытушылары мен талапты, білімді студенттері қалалық, облыстық сондай-ақ, педагогика мамандығын жетілдіру институттары ұйымдастырған семинарларға және көрмелерге белсене қатысып келеді. Кафедра жанында "Психологиялық кеңес беру" орталығы жұмыс жасайды.

2016 жылы 5В010300 - "Педагогика және психология" мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-не пәндік республикалық олимпиадаға қатысып, белсенді қатысқаны үшін сертификаттар алды. "Бейнелеу өнерінің биігі - бастауышта" мектептің бастауыш сынып оқушылары мен пән мұғалімдерінің және университеттің "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының болашақ педагогтары арасындағы халықаралық деңгейдегі Ресей мемлекетімен және білім басқармасымен бірлескен көрме-олимпиадасы "Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі" пәні бойынша 2016 жылдың 5-6 сәуірінде университеттің электронды оқу залында пәндік олимпиада өткізді.


п.ғ.к., доцент Асабаев Ж. семинар өткізуде


"Таным" үйірмесінің мүшелері



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу