қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














"Гуманитарлық білім" факультеті

"Педагогика және психология" кафедрасы
"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы
"Тілдер" кафедрасы
"Отан және шетел тарихы" кафедрасы


"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы

Профессор оқытушы құрамы

Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы

"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы
E-mail: muratnur80@mail.ru



Білікті кадрларды дайындайтын кафедрада бүгінгі таңда 10 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Олар: п.ғ.д., профессор – А. Жапбаров, филология ғылымдарының кандидаттары, доцент – Қ. Жидебаев, Л. Абенова, С. Бекмырза, М. Бейсенова, ғылым магистрлері – А. Байболова, М. Нұрбек, Ш. Қалыбекова, Г. Раеева, Б. Әбшенова.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізінде кафедра профессор-оқытушылары қазіргі тіл білімі және әдебиеттану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етіп, бағыт-бағдар береді. Болашақ мамандардың білімін тереңдету мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылған. "Абайтану", "Тілтаным", "Оқырмандар конференциясы" - ізденушілердің таным көкжиегін дамытатын басты шаралар.


"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасына қарасты оқу аудиториялары заман талабына сай көрнекі құралдармен, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандықтың студенттері тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы бағытындағы мерзімді басылымдарды, оқулық пен оқу құралдарын, зерттеу монографиялары мен көркем әдебиеттерді, электронды басылымдарды еркін пайдалана алады.


ф.ғ.к. Л.У. Абенова студенттерге дәріс өтуде

Ұлт келбетіне айналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" саласындағы профессор-оқытушылардың ерен еңбектері түрлі номинациялар бойынша бағалануда. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ. Жидебаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен (2005), Л.У.Абенова "Сырдария университетінің үздік оқытушысы" (2013), "Білім беру ісінің үздігі" (2014) төсбелгісімен марапатталған.

"Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары.


"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері
"Сырдария" КТК құрамында



"Бауыржан оқуларының" жеңімпаздары


Қазақ тілі мамандығының студенті Саулетова Гауһартас Университет атынан аудандық арулар конкурсына қатысып, "Мақтарал аруы - 2016" атанды.

Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттың келбеті, болашағымыздың айнасы. Осы болашақтың тұтқасы білімді ұрпақ қолында.





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу