қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректор


Нұрбек Мұрат Анарбайұлы

Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректор

Телефон: 8(72534)6-34-98, 8 701 460 68 67
E-mail: muratnur80@mail.ru









Тәрбие жұмысы

«Тәрбие бөлімі» 1998 жылы қыркүйек айында құрылған.
Негізі қаланғаннан бері оқу процессімен қатар тәрбие процесі үздіксіз жүргізіліп отырады.
Ұлы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы. Ал келешекте оның барлық өмірін апат етеді», – деген екен.

Өскелең ұрпаққа адамзат тарихына да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дамыту – қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

«Сырдария» университетінде «Тәрбие бөлімін» тәжірибелі профессор-оқытушылар басқарып өздерінің үлгілі өнегелерін студент жастардың бойына сіңіріп келеді.

Қазіргі таңда тәрбие істері жөніндегі проректор қызметін атқарып, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде сүбелі үлесін қосып келеді. Тәрбие үрдісінің мақсаты – студент тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуы. Ол келесідей бағыттарға негізделген:
- белсенді өмір көзқарасына дағдыландыруға;
- өзін-өзі тәрбиелеу, қалыптастыру және өзін-өзі бақылау қабілетіне;
- жеке құндылық сезімін тәрбиелеуге;
- Қазақстан Республикасының дамуы мен жандануына деген намыс, мақтаныш көзін дамытуға;
- рухани және адамгершілік қабілетін қалыптастыруға;
- салауатты өмір салтын ұстануға;
- экологиялық мәдени өмірді қалыптастыру.

Тәрбиенің бастауы – төл халқымыздың ұлағатты әрі тағылымды тірлігінде. Бүгінгі таңда білімге, еңбекке ынта-ықылас жоғары екендігін баршамыз түсінеміз. Олай болмаған жағдайда білікті де білімді, тәрбиелі маман болмайтындығына баршамыз куәміз және де жеке тұлғаның ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуына жағдайлар жасалуы тиіс.

Қазіргі таңда университетіміздің мақтанышы «Қазақстан» студенттер сарайы – Мақтаарал ауданының сәнін ашып тұрған ең әдемі ғимарат.

Студентер сарайында студенттер бос уақытын өткізе алатын түрлі көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді.

Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени іс-шаралар, концерттер, КТК ойындары өткізіледі. Сонымен бірге, университет студенттері жастар шығармашылығының аудандық, қалалық фестивальдары мен байқауларына қатысып келеді.

Сонымен қатар, университет көлемінде мерекелік іс-шараларды ұйымдастыратын көркемдік жетекші Құттыбаева Мақпал өз біліктілігін жоғары деңгейде көрсетуде.

Құттыбаева Мақпал Тілеубайқызы 1990 жылы қазан айының 18-жұлдызы күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласында мұғалімдер отбасында туылған. Мақпал Тілеубайқызы 2008 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институтына «Музыкалық білім» мамандығына түсіп, үздік дипломмен бітіріп шығады.

2011 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ-Республикалық студенттер арасында өткен «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнінен олимпиадаға қатысып Ш.Құлманованың алғыс хатымен марапатталды. 2012 жылы Шымкент қаласында «Абайға тағзым» атты рухани-сазды кешті ұйымдастырғаны үшін облыс әкімі А.Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталады.

2013 жылы Мақтарал ауданы Жастары арасында өткен «О.Бөкей оқулары» байқауының ІІІ-орын иегері. Бүгінде студенттерге ғылыми жоба бойынша жетекшілік етіп, «Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Бөлімнің қызметі – жастардың қоғамдық-саяси рөлін көтеруге, жастардың оң бастамаларын қолдау мен ынталандыру, отаншылдық, патриоттық сезімін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Университеттегі студенттік жастар кеңесін құрудың тиімділігі – студент жастардың тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу, жаңашылдық жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, бүгінгі заман талабына сай жоғары білімді, тәрбиелі азамат пен азаматшаларды тәрбиелеп шығару.

Студент жастар кеңесі құрамы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Сонымен қатар әр факультетте белсенді студенттерден құралған «Студенттік өзін-өзі басқару орталықтар» жұмыс жасап, студенттердің жан-жақты білім алуына бойындағы таланттарын әрі қарай дамыту мүмкіндігіне ие болады.

«Сырдария» университетінің негізі қаланғаннан бастап өнерге бейім, дарынды студенттер қолдау мақсатында түрлі бағыттағы үйірмелер ашылды.

Қыздардан құралған «Назерке» бишілер тобы, «Жетісай сазы» халық аспаптар оркестрі, «Сырдария.kz» КТК командасы және студент жастар арасынан «Сырдария» футбол командасы т.б. үйірмелер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда «Сырдария.kz» КТК командасы «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастыруымен өтетін «Жайдарман» ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсетіуде.

Студент жастардың қоғамда саяси белсенділігін, тіл шеберлігін дамыту мақсатында университетте 2000 жыл «Жалын» дебат клубы құрылған. Клубқа белсенді жастар мүше. «Жалын» дебат клубы қазіргі таңда аудан көлемінде үздік нәтижеге қол жеткізіуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдау мақсатында университет көлемінде «Интеллектуалды жастар», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Жастар қуаты-Қазақстан үшін!», «Туған тіл-тұғырым», «Біз таланттарды іздейміз!», «Өз елім – Отаным», «Патриот болу дегеніміз – Қазақстанды өзінің жүрегінде сақтау», «Тәуелсіз елдің жас түлектері», «Тәуелсіздік апталығы», «Тіл апталығы!», «Абай оқулары», «Мен табиғатпен біргемін» атты акциялар мен байқаулар және т.б. түрлі тақырып аясында мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар университетте «Сырдария» бастауыш партия ұйымы жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде, патриоттық рухта тәрбиелеуде белсенді жұмыс жасауда.

“Нұр Отан” ХДП-ның Мақтарал аудандық филлиалның 2010 жылғы сәуір айының 16-жұлдызында болған жиында “Жетісай-Сырдария” бастауыш партия ұйымынан “Сырдария” бастауыш партия ұйымы бөлініп шықты. Қазіргі уақытта «Сырдария» бастауыш партия ұйымына 208 студент жастар мен 183 ұжым мүше. «Сырдария» БПҰ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұжым мен студенттер арасында эстафеталық жарыстармен бірге нашақорлық, СПИД жұқпалы ауырулардың алдын алу мақсатында аудандық емхана мамандарымен кездесулер ұйымдастырып отырады.

«Сырдария» университетінде жас мамандардың бойында ұлтжандылықты ояту мақсатында еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерімен үздіксіз кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атап айтар болсақ: олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, Қазақстан алғаш Тәуелсіздігін алған жылдары ғарышқа көтерілген қазақ ұлы Тоқтар Аубакиров, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті, қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов және екі рет «Жалын» сыйлығын, үш рет «Қазақ әдебиеті» сыйлығын иемденген жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулетов, ақын Ақберен Елгезек, жазушы Шойбек Орынбай, Сарманбай Исахов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сәбит Оразбаев пен Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығының директоры ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы, ОҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Тасқынбаев Мұхтар Әбдісейілұлы сынды ел ағалары университетте қонақта болды.

Мұндай кездесулер жастарға үлгі өнеге. Алдағы уақытта бұл игі бастама өз жалғасын таба бермек.

«Сырдария» университетті бүгінде жастарға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде озық техналогиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданып келеді. Бұл да болса, ел болашағы үшін атқарылып жатқан игілікті жұмыстар.



СТУДЕНТТІК ӨМІР
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Басқа іс-шаралар


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru



2018 © www.sirdariya.kz
ПнВтСрЧтПтСбВс
free counters
^ Жоғары шығу