қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

22.09.2012

«Туған тілім - айбыным» атты мерекелік іс-шара

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осыған орай «Сырдария» универитетінде жастар комитеті мен «Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-21 қыркүйек «Тіл апталығы» деп жарияланған болатын. 21 қыркүйек «Қазақстан» студенттер сарайында апталықты қорытындылауға арналған «Туған тілім - айбыным» атты концерттік бағдарлама болды.
Концерттік бағдарламада «Тілдерді дамыту және оқыту» орталығының директоры Асқар Тәжибекеев мерекелік іс-шараға жиналған жұршылықты мерекемен құтықтады. Содан соң, «Сырдария» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректор Дәурен Әбдіғали жеңімпаздарға диплом мен «Тілдерді дамыту және оқыту» орталығы ұсынған кітаптарды табыстады.

Апталықтың қорытындысы бойынша 17 қыркүйек күні өткен жат жазуда ең үздік деп танылған «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің студенті Мәнтай Диянаға бірінші дәрежелі диплом берілді.

18 қыркүйек күні өткен ақын-жазушылардың туындыларын жатқа айту бойынша жоғарпы нәтижеге қол жеткізген «Гуманитарлық білім» факультетінің студенті Абшенова Берекеге бірінші дәрежелі диплом берілді.

19 қыркүйек күні өткен «Рухсыз ел – құлықсыз ел» пікірталаста ұтымды ой білідірген «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің студенті Байымбетова Сандуғаш бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

20 қыркүйек күні өткен «Полиглот» олимпиадасында І орын «Тілдер» мамандығынан Муминва Сураяға, ІІ орын «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығынан Ибрагимова Жақсыгүлге, ІІІ орын «Биология» мамандығынан Амангелді Аружанға берілді. Апталықтың қорытындысы бойынша аталмыш іс-шараның өтуіне атсалысқан факультет және үздік деп танылған «Гуманитарлық білім» факультеті болды. Сонымен қоса, облыс көлемінде өткен «Полиглот» олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізген Темірова Нұрсәулеге арнайы сыйлықтар берілді.

Концерттік бағдарламада Ырсымбетов Нұрланның дайындауымен «Тілім менің - тұғырым» атты видео ролик көрсетілсе, талантты жастарымыз Әріпхан Нұрислам, Серікбаева Қамар, Құттыбаева Мақпал сынды әншілеріміз «Таңжарық» би тобы көрерменге мерекелік көңілкүй сыйлады.




Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу