қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













14.02.2012

Магистрант арасындағы «Сөз мерген» тіл-танымдық сайыс

«Сырдария» университеті жастар комитетінің ұйымдастыруымен студенттердің тіл шерберлігін арттыру мақсатында ақпан айының 14-жұлдызында «Виртуалды кітапханда» «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысының екінші басқышы болды. Сайысты жастар комитетінің төрағасы Аманов Нұржігіт жүргізіп отырған сайысқа «Химия» мамандығы бойынша магистрант Абдукадирова Гулшехра, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистрант Тілеуханова Ақмарал, «Математика және физика»мамандығы бойынша магистрант Китайбеков Ерлан қатысты. «Сөз мерген» тіл-танымдық сайысына демеушілік етіп отырған Тілдерді оқыту және дамыту орталығы.

«Сөз мерген» сайысының ережесіне сәйкес қатысушылар бірінші кезеңде «Мықты болсаң, тауып көр» яғни тұрақты сөз тіркесі бойынша өз шеберліктерін байқап көрді. Бірінші бөлімде Абдукадирова Гулшехра 20-ұпай, Тілеуханова Ақмарал 30-ұпай, Китайбеков Ерлан 30-ұпайды қанжығасына байлады. Сайыстың ережесі бойынша аз ұпай жинаған Абдукадирова Гулшехра көрермендерге «қол» деген сөз қойып, ойлы да мағыналы сөз құраған көрерменге «Тілдер оқыту және дамыту орталығы» ұсынған сыйлықты берді.Сөз мергеннің қоржынына «Ақыр» деген сөз алып келді. Ақыр – малға жем беретін ыдыс.

Екінші кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» бойынша тіл жанашырлары өздерінің мақал-мәтелге деген тапқырлықтарын көрсетуі тиіс болатын. Бұл кезең бойынша Китайбеков Ерлан 40-ұпай, Тілеуханова Ақмарал 60-ұпайды еншісіне салды.Жалпы ұпай саны Тілеуханова Ақмарал 90-ұпай, ал Китайбеко Ерлан 70-ұпай жинады. Сайыстың шарты бойынша ұпай саны аз ойыншы көрермендерге бір сөз айтыуы тиіс. Китайбеков Ерлан көрермендерге «бала» деген сөз айттып, ұтымды мақал-мәтел айтқан көрерменге «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» ұсынған сыйлықты берді. Сөз мергеннің қоржынына «Сәукеле» деген сөзді алып келді. Сәукеле – қыздардың бас киімі.

Үшінші кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Тілеуханова Ақмарал тіл шеберлігін көнерген сөздер бойынша байқап көрді. Экранда көресетілген көнерген сөздерді толығымен тапқан магистрант Тілеуханова Ақмарал 110-ұпай жинап, ақтық мәреге жолдаманы жеңіп алды. Сөз мергеннің қоржынына «Абақты» деген сөз алып келді. Абақты - түрме

Тіл-танымдық сайысқа қатысқан тіл жанашырларына «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» ұсынған сыйлықтар берілді.



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу