қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

22.09.2012

«Рухсыз ел – құлықсыз ел» тақырыбында пікірталас

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осыған орай «Сырдария» универитетінде жастар комитеті мен «Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасының ұйымдастыруымен тіл апталығы өтіп жатыр. 19 қыркүйек апталықтың үшінші күніне байланысты университет көлемінде «Рухсыз ел – құлықсыз ел» атты тақырып аясында пікірталас болды. Пікірталасқа барлық факультеттің студенттері белсене қатысты. Сонымен қоса, профессор, жазушы Нұрғали Қадырбаев, т.ғ.к., доцент Кукеев Жаңбырбай, «Математика және физика» кафедрасының аға оқытушысы Қасымбеков Дінмұхаммед, тәрбие істер жөніндегі проректор Әбдіғали Дәурен қатысты.

Студент жастар өздерінің ұлт жайлы оның болашығы жайлы келелі ойларын ортаға салып, жаһандану заманында қазақ болып қалу үшін ең әуелі ұлттық патриотизмді дамыту керектігін, оның үшін не істеу керектігін айта өтті.

«Кәсіптік білім және өнер» факультетінің студенті Байымбетова Сандуғаш өз сөзінде: «– Меніңше, ұлттық рух адамға бала кезінен қалыптасады. Жалпы, кез кел-ген тәрбие тал бесіктен, тіпті құрсақтан бастау алатыны белгілі. Бұл жөнінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде де айтылған. Демек, рухты ояту үшін оны әуелі қалыптастыру керек. Ондай болмаған жағдайда жоқ рухты оятам деп әрекеттену құр әурешілік.

Ал рухты қалыптастыру үшін ең бірінші жас нәрестелерімізді тек ұлт құндылықтарымен ғана сусындатуымыз керек. Яғни қазіргідей ұлтымыз тұрмақ, адамгершілікке жат мультфильм немесе ойыншықтарды өз ана тілімізде сөйлейтін, ұлттық болмысымызды насихаттайтын отандық өнімдермен алмастыру керек. Одан кейін ұлты қазақ кез келген ата-ана баласымен тек қазақша сөйлесіп, қоғам түгел қазақшалану керек. Өйткені ата-анасы, айналасы, тіпті ойыншығына дейін қазақша сөйлеп тұрған баланың бойында ұлтына, тіліне, діліне деген махаббат пайда болады және сол жауапкершілікті сезінеді.» деп «тәрбие тал бесіктен» деген көреген ата-бабаларымыздың сөзін ту етіп, ұлттық патриотизмді дамытудың бір жолын айта өтті.

Пікірталаста Ырсымбетов Нұрланның дайындауымен арнайы видео роликтер көрсетіліп, ондағы ұлт болашағына кері әсер ететін жат қылықтар талқыланды. Елімізде шиеленіске түскен дін жайлы сонымен қоса, тілге арнайы ведео ролик жасалды. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов «Қазақ мешел болам демесең, Бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйеліңнің һалін түзе» демекші «қыз намысы елге сын» қазақ қашанда қыз баланы ұлт тәрбиелейді, қыз бала – ұлттың анасы деп жоғары қойған. Сондықтанда қазақ ұлтынның қазақ ұлтының жаһандану дәуірінде қазақа болып қалу үшін қыздарымыздың халін түзеу керектігі де айтылып өтілді.

«Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының 4-курс студенті Надирова Фарида өз сөзінде: «Мәселен, Жапонияда 12 жасқа дейін балаға өзге тілді үйрету былай тұрсын, оған басқа тілде сөйлемейді екен. Тек 12 жастан асқаннан кейін ғана өзге тілді үйрену, үйренбеуі баланың өз еркіне беріледі. Есесіне, олар өз ана тілін біліп шығады және оны ешқашан ұмытпайды. Ал тілін білген адам ұлтын біледі. Ұлтын білген адам оны қадірлейді, құрметтейді. Ондай адамның бойында ұлттық рух өзінен-өзі қалыптасады. Халықта бұл мәселеге қатысты ешқандай олқылық болмайды. Бір ескеретін жайт, басқа тілдерді үйренуді 12 жастан бастаса да, жапондар ағылшын тілін бізден жақсы біледі.

Сонымен қатар, «Отан сүю – иманнан» деген керемет сөз бар. Яғни бар нәрсенің бастауы иманда. Бірақ сол иманды балаға түсіндіру үшін, бойына сіңіру үшін ең бірінші не керек? Әрине, тіл. Ал бізде ол – қазақ тілі. Оны басқамен алмастыруға болмайды. Демек, ұлттық рух үшін бірінші тіл керек. Ал оны сәби кезден санамызға боямасыз күйде сіңірсек, бұл мәселеде қазіргідей күй кешпесіміз анық.» деп ұлттық рухты күшейтудегі ең бірінші тетігі тіл екенін басты назарда ұстады.

Ұлттық патриотизмді дамыту мақсатында өтіліп, жатқан пікірталаста студент жастар белсене атсалысып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Пікірталасқа келген аға буын өкілдері өздерінің өмірден түйгендерімен бөлісіп, ұлттық болмысты сақтау жолындағы өздерінің кеңестерін берді.

Сайыстың ережесі бойынша ең үздік және ұтымды оймен ұсыныстар айтқан студент «Тіл апталығын» қорытындылауға арналған мерекелік іс-шарада жарияланады.




Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу