қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

22.09.2012

«Тіл апталығына» орай «Полиглот» олимпиадасы өтті

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осыған орай «Сырдария» универитетінде жастар комитеті ұйымдастыруымен тіл апталығы өтіп жатыр. 20 қыркүйек апталықтың төртінші күніне орай университет көлемінде үш тілді еркін меңгерген жастардың арасында «Полиглот» олимпиадасы «Вертуалдық кітапханада» болып өтті. Олимпиадаға барлық факультеттен студенттер қатысты.

Ағылшын тілінің оқытушысы Исмайлова Махаббат, орыс тілінің оқытушысы Пазылова Алтынай, қазақ тілінің оқытушысы Байболова Айжан студент жастардың олимпиада барысында дайындаған материалдарын тексеріп, өздеріне тиесілі бағаларын берді.

Олимпиадаға «Биология» мамандығынан Амангелді Аружан, «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығынан Ибрагимова Жақсыгүл, «Тілдер» мамандығынан Муминва Сурая, «Математика» мамандығынан Омар Айнұр, «Тілдер» мамандығынан Қуаныш Айнұр сынды үш тілі еркін меңгерген жастар қатысты.

Олимпиаданың ережесі бойынша үш тілде «Тұсаукесер» мен «Эссе» жазу берілген болатын.Осы шарттардан сүрінбей өткен студенттер жеңімпаз деп танылады. Жеңімпазды «Тіл апталығын» қорытындылауға арналған мерекелік іс-шарада жариялайды.



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу