қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

5.09.2012

«Сырдария» университетінің студенттері Елбасымен тікелей байланыста болды

«Сырдария» университетінің кітапханасында н ҚР Президенті Н.ӘНазарбаевтың «Қазақстан білім қоғам жолында» атты тақырыпта өткен орнатылған интерактивті тақтада интерактивті дәрісін «Сырдария» университетінің професссор-оқытушылары студент-жастары зейін қоя тыңдады.

Интерактивті дәріс беру – отандық білім беру саласындағы жаңа қадам болып табылады. Заманауи ақпараттық техналогиялар арасында республикалыкадағы барша білім ұйымдарына Мемелекет басшысының дәрісі қолжетімді болады. Бұл дәрісінде Президентіміз еліміздің жаңа интелектуалды капиталын даярлаудағы стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың ерекше маңыздыекендігіне тоқталды.
Кездесу кезіндегі Елбасыға республикамыздың түкпір –түкпірінен, шет мемлекеттерден тікелей эфирді тамашалаған жастардан көптеген сұрақтар қойылды. «Сырдария» университетінің студент жастары Елбасының интерактивті дәрісінен ой түйіп, болашаққа деген сенімдері, ғылым-білімге деген ынтасы артты. «Сырдария» университетінің президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Ә. М. Әшіровтың немересі Жансая Әбдімәлік пен басқалар Президентімізге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптарын алды.
«Сырдария» университетінің кітапханасында көрсетілген осы интерактивті әдісті тыңдауға университеттің құрылтайшысы Есенкүл Аяшева және жоғары оқу орнының ректоры Серік Мамраимовтар арнайы қатысты. Университет студенттері білім саласындағы көптеген мәселелерден жан-жакты хабардар болды. Елбасымыздың білім беру саласындағы интерактивті дәріс беру қадамы студенттердің бойындағы патриоттық сезімдерін оята білді. «Білім мен бәсеке заманында білікті маман даярлау- бүгінгі күннің басты талабы» деген Елбасы «Қазақстанның болашағы жастармен бірге дамиды» деп ерекше атап өтті.
ХХІ ғасыр білім мен техналогияның дамыған кезі. Осындай жақандану үрдісі жүріп жатқан кезде әр бір азамат біліктілікті, білімді болу тиіс. Осы жайға үлкен мән берген Елбасымыз өз сөзінде «Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустрия-лық әлемге қарай жылжып келеміз» ерекше атап өтті.
Елбасы интерактивті дәрісінде «бұлжымас құндылық – білімге деген ұмтылыс» деп атап өтті. Тек қана білімді де, білікті де азамат өз отанының көркейуіне үлес қосатыны сөзсіз. Міне, бүгінгі Елбасының интерактивті дәрісін тыңдаған «Сырдария» университетінің студент жастары Отан алдындағы өз борыштарын өтеудегі абыройлы да мәртебілі істің бірі ғылым-білім үйреніп, елдің дамуына өз үлестерін қосатындығын қаперлерінде ұстайтын болды.



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу