қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

9.02.2013

Мұқағали Мақатаев 82 жаста

9 ақпан – қазақтың төл әдебиетіне үлкен жаңалық әкелген ұлы Мұқағалидың туған күні. Осыған орай ақпан айының 8 жұлдызы күні «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ұйымдастыруымен «Мұқағали оқулары» атты әдеби кеш өтті.

Қазірде студент жастар арасында ақын өлеңдеріне деген ілтипат өте жоғары. Оған дәлел, бүгінде көптеген студенттер жастар Мұқағали өлеңдерін жатқа айтады. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді жан жүрегімен шырқайды.
«Мұқағали оқулары» бүгінгі ұрпақтың ақиық ақынға деген үлкен құрметінің белгісі болды. Олар төл халқымыздың поэзиясына шөліркеп жүргендіктерін, оны шынайы түрде сүйетіндіктерін балаң сезімдерімен айқын білдірді де.

«Мұқағали оқулары» бүгінгі ұрпақ барда ақиық ақынның шығармашылығы күн санап заңғар биікке көтеріле беретіндігін паш еткен ұлағатты дәріс болғанын дәлелдей түсті. «Гуманитарлық білім» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Усманқызы Абенова өз сөзінде былай деді:
- Біздер жыл сайын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнап әдеби кештер және Мұқағали оқуларын өткізудеміз. Бүгінгі «Мұқағали оқуларында» университет студентттерінің ақын поэзиясына деген үлкен қызығушылықтарын аңғардық. Мінеки, ақын оқуларына қатысқан студенттер Мұқағалидың кем дегенде, 15-20 өлеңдерін жатқа оқитындарына куә болдық.

Университет құрылтайшысы, жыр тарланбозы оқуына демеушілік жасаған Есенкүл Сейілқызы Аяшева өзінің сөзінде көркем әдебиетке қызығатын, кітапты серік ететін жастардан жамандық атаулысы шықпайтынын айта келіп, былай деп сөзін жалғастырды:
- Осынау әдеби кеш маған өте қатты ұнады. Сіздер келешекте білікті маман иесі боласыздар. Сапалы маман тек өз саласын ғана жетік меңгеріп қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы тиіс. Түрлі мәдени салаларды да бірге қоса алып жүруі керек. Мінеки, әрбіріміз көрнекті ақын Мұқағалиға деген өз сүйіспеншілігімізді байқаттыңыздар. Сіздерге үлкен жетістіктер тілеймін. Есенкүл Сейілқызы Аяшева Мұқағали оқуларына қатысып, ақын өлеңдерін айшықты, мазмұнды әрі әрлі де нәрлі оқыған бір топ студенттерге ақшалай сыйлықтар табыстады.

«Мұқағали оқуларында» ерекше көзге түскен Молдахмет Ахатқа ақын туындыларын ерекше жатқа айтып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді жастық жігерімен әсерлі орындағаны үшін университеттің стипендиясы тағайындалды. Ал, тағы бір дарынды студент Жантөре Ақботаға да бір айлық стипендия көлемінде сыйлық берілді.

«Мұқағали оқуларында» бірінші орынды Жантөре Ақбота жеңіп алды. Екінші орынды студент Әбшенова Береке, үшінші орынды студент Таубай Ақмарал иеленді.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 82 жылдығына арналған кеш әсерлі де өте қызықты өтті. Өйткені ол Мұқағали Мақатаевтың ұлы поэзиясының кереметі.



Басқа жаңалықтар

«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция
«Сыр Сұхбат»
«Интеллектуалды жастар»
Мұқағали Мақатаев 82 жаста
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс


Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу