қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













27.01.2012

"Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу" атты тақырыпта кездесу

«Қазақстан» студенттер сарайында «Сырдария» университетінің студент жастары «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу.» атты тақырыпта дін өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге атқарушы ректор Мамраимов Серік, Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш, Мақтарал ауданындағы Өткелбай орталық мешітінің найпимамы Нығметов Абдурахман, тәрбие істер жөніндегі проректор Дәулет Болысбаев, профессор-оқытушылар мен студент жастар қатысты.

Атқарушы ректор Мамраимов Серік мырза өз сөзінде: «Қазірде еліміздің айрандай ұйыған ауызбіршілігіне іріткі салып жүрген жатпиғылды ұйымдар мен діни бірлестіктер үлкен мәселе тудырып келеді. Міне бүгінгі жастармен кездесу өткізуіміздің себебі сонда, өйткені, қазірде олардың ең бірінші жастардың санасын жаулап алып, қару ретінде пайдаланатын күш болғандықтан. Жастар сіздер осында алдау арбаудан сақ болуларыңыз керек.» деп сөзін қорытындалай отырып, жатпиғылд\ы ұйымдардан сақтануды айта өтті.

Кездесуге келген Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш мырза өз сөзінде: «Бүгінгі таңда қоғамдық проблема тудырып жатқан экстримистік топтар қанатын кеңге жайып жастарымызды өз құрамына тартуда. Қазірде Мақтарал ауданында 61 діни ұйымдар мен бірлестіктер бар соның 50 мұсылман дініндегі бірлестіктер, 11 християн дініндегі бірлестіктер бар. Мақтаралда 20 студент шет елде діни білім алуда олардың барлығыда бақылауда. 13 адам Жаңа жол ауылдық окургіндегі Фердауси елді мекенінен болады Әдетте, діни экстремизм және терроризмнің алдау арбауына жұмыссыздар, рухани дағдарысқа ұшырағандар, өмірден өз орнын таппай қиналып жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, діни сауаттылығы төмен адамдар мен жастарымыз миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді. Осындай жатпиғылды ұйымдармен бірлестіктердің шырмауына түскен жастарымыз дінмен біте қайнасып келген ұлттық дәстүрлеріміздің жоққа шығаруы үлкен қасірет. Қазақтың салты болған беташарды қаламауы, музыка тыңдау – харам, әнұранды тыңдамау, кеудеге қолын қоймау, туға құрмет көрсетпеу сияқты ұлттқ нақыштарымызды жоққа шығарғысы келгені, еліміздің болашағына балта шапқанмен бірдей.» деп аудан көлемінде жатпиғылды ұйымдардың дінді бұрмалаушылықтың алдын алу шараларын айтып өтті.

Мақтарал ауданындағы Өткелбай орталық мешітінің найпиманы Нығметов Абдурахман өз сөзінде: «Ислам сөзінің өзі тыныштық бейбітшілік деген сөзді блдреді. Исламда біреуге қиянат ету біреуге қастандық жасау, деген болмаған ондай адамдардың күнәсі ауыр болады орндайларға кешірімділікпен қарамайды. Орта Азияға исламдіні тарай бастаған бері Ханафи Мазхабы бойынша құлшылы етіп келеді. Қазірде елімізде көптеп мешіттер салынуда Бұл деген дін қанатын кеңге жайыуда дегені . Міне осыны пайдаланған жатпиғылды ұйымдар өздерінің арм мақсаттарын дінді бұрмалау арқылы жүзеге асырмақта. Құдайды таныудың бір жолы бұл ілім-білім алу, қаншалықты білімді болсақ соншалықты көкірек көзіміз ашылады. Сонда ғана Жаратушы иемізді танып білеміз. Құранның ең алғашқы сөзі оқы, тағыда оқы деген сөз болған Міне Алла Тағаланың өзі де оқыған білімді пендесін сүйген» деп исламда экстримистік идея жоқтығын онда жүрген адамдардың іс - әрекеттерін қолдамайтындығын атап өтті.

Кездесуге келген студент жастар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойды. Керекті жауаптарын маман иелерінен алды.


Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу