қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

2.10.2012

Венгрліктер «Сырдария» университетінде қонақта

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының күні мерекесіне орай Венгрия Республикасының Дьендьеш қаласының мэрі Ласло Фараго бастаған делегация ауданымызға арнайы келіп, «Сырдария» университетіне ат басын бұрды.

«Сырдария» университетінің оқу ғимараттарын, ондағы жұмыс істеп тұрған «Инновациялық зерттеу орталығын» аралап көрді. Оларға ректор Серік Мамраимов орталықтағы химия және биология лабороторияларын көрсетіп, жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Қонақтарға Ырсымбетов Нұрланның дайындауымен университет жайлы бейне материал көрсетілді. Профессор Бөрі Иса жетекшілік ететін «Жетісай сазы» оркестрі мен «Таңжарық» бишілер тобының өнерлеріне тәнті болды.

«Қазақстан» студенттер сарайында венгрлік делегация «Экономикалық әріптестік» форумына қатысып, аудандыдық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесу өткізді. Оны аудан әкімінің орынбасары Б. Қалжанов жүргізіп отырды.
Осы кездесуде Дьендьеш қаласындағы өндірістік аймақтың директоры әрі тең құқықты төрағасы Реже Надь мырза жиналғандарға қала мен өндірістік аймақта өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері туралы жан-жақты ақпараттар берді.
Оның сөзін Елена есімді аудармашы тәржімалап отырды.
Түсінгеніміз 50 мың тұрғыны бар қалада әлемге танымал «CLACC» пен «LINAMAR» компаниялары ауыл шаруашылық, жол, құрылыс салаларына арналған техникалар шығарады екен. Р.Надь мырза: «Егер сіздер тарапына қызығушылық білдірілсе, онда әріптестікке дайынбыз» дегенді жеткізді.
Бір өкініштісі, ол жерде мақта мен текстил саласына қатысты қондырғылар жасалмайтын болып шықты. «Бірақ Сіздер тарапынан сұраныстар түсіп жатса, ол мәселені де шешеміз» деп директор сөзін аяқтады. Шарулар тарапынан әсіресе, шөп орушы және нығыздаушы қондырғыларға ерекше қызығушылық білдірілді. Қонақтарға кәсіпкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.

Кездесуден соң, университет тарапынан ұйымдастырылған көрмемен танысты. Көрмеге «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің студенттерінің қолынан шыққан қол өнер бұйымдары, унверситет мұражайымен, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің жетәстіктермен танысып тәнті болды.
Көрмемен таныс болған соң, университет тарапынан арнайы дайындалған ұлттық тағамдардан дәм тарту үшін қазақи үлгіде безендірілге киіз үйге кірді.
Онда кофе-брейкте ұйымдастырылды. Қонақтар «Сырдария» университетінің ұжымына өз алғыстарын айтып, ондағы білім алу үшін барлық жағдай жасалғандығын көріп, өз ризашылықтарын білдірді.
Университет тарапына қонақтарға естелік үшін қол өнер бұйымдары мен қазақ тарихы жайлы жазылған кітаптар сыйға берілді.




Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу