Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген іс-шаралардың қортындысы



«ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ»


Қараша айының 26-жұлдызында «Сырдария» университетінің орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақстаным-мақтанышым» атты көрме-вернисаж болды.
Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген қазақ ғалымдарымен тұлғаларының туындыларын қойып, оқырмандармен таныстыру, тәуелсіздігімізді насихаттау.
Көрмеге «Сырдария» унверситетінің студенттерімен, қонақтар сонымен қоса, университетте жас буынға білім беріп жүрген професор-оқтушылар қатысты.
Көрмеге «Отанымның жүрегі-Тәуелсіздік тірегі» атты тақырыпқа байланысты жаңа кітаптармен де танысты оқырман қауым.
Көрмеге қойылған кітаптардың қатарында Елбасының туындылары «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» т.б. еңбектері қойылған. Көрмеде Ж.К. Туймебаев «Президенттің бір жылы», И. Тасмағамбетовтың «Дала Даналары», Жаңғара Дәдебаев «Менің университетім», Е. Шаймерденов «Қазақстан Республйкасының мемлекеттік Рәміздері», Болат Әбішұлы Назарбаевтың «Аға» сынды Тәуелсіздігімізді дәріптейтін туындылар қойылды.
Қараша айының 26-жұлдызында «Сырдария» университетінің «Сырдария kz.» командасы «Жастар – лаңкестікке қарсы!» атты аудандық КТК сайысына қатысты.
КТК сайысының мақсаты: Елдің дамуына кері әсер ететін, жат пиғылды лаңкестердің іс-әрекетін әзіл-қалжыңмен мысқылдап, жастарға тура жолды насихаттау.
Сайысқа Мақтарал ауданының барлық жоғары және арнаулы оқу орындары қатысып үздік ойын көрсетті. «Сырдария kz.» камандасы ең үздік ойын көрсетіп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

«МЕН ҚАЗАҚПЫН»


Қараша айының 27-жұлдызында «Қазақстан» студенттер сарайында студент жастар ауған соғысының ардагерлерімен «Мен қазақпын» атты кездесу болып өтті.
Кездесудің мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерінің ерліктеріне тағзым ете отырып, олардың ерліктері мәңгі өшпейтінін, халық өз батырларының атын мәңгі жадында сақтайтынын айта отырып, студент жастармен сұрақ-жауап жүргізіп, жастарды отан сүйіуге тәрбиелеу.
Кездесуге университеттің барлық стденттері қатысып, ағаларының ерліктріне өздерінің алғыстарын айтты. Және де ауған соғысы жайлы студент жастар өздерінің дайындап келген баяндамаларын оқыды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Сырдария» университетінде «Туған өлке» атты тақырыбында сурет байқау болды.
Байқаудың мақсаты: 20 жыл көлемінде Қазақстан Республикасының қол жеткізген жетістіктерін фото сурет арқылы кеңінен насихаттау
Байқауға барлық факультеттер белсене қатысып өз фотоларын ұсынды. «Гуманитарлық білім» факультетінен Таубаев Сейтхан «Мен және Мақтаарал», «Химия және биология» факультетінен Үсенова Камшат «Қазақстан әлем назарында», «Кәсіпік білім және өнер» факультетінен Елтүзерова Дина «Әсем де, сұлу-Қазақ жері» «Математика және экономика» факультетінен Әзімов Бақытжан «Жаса, жайна Қазақстаным» атты өздерінің фото топтамаларын ұсынды.
Әділ қазылардың шешімі бойынша ең үздік фото топтама деп «Гуманитарлық білім» факультетнің студентті Таубаев Сеитханның «Мен және Мақтарал» атты туындысы танылды.

«АТА ЗАҢЫМ - АЙБЫНЫМ»


28 қараша күні «Сырдария» университеті «Құқық және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция негіздері» атты тақырыпта диспут болып өтті.
Диспуттың мақсаты: Студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Диспутқа «Құқық және экономика» кафедрасының пофессор-оқтушыларымен студенттер қатысты. Диспутта студент жастарға профессор-оқтушылар өз лекцияларын оқып, ата заңымыз жайлы жан-жақты мәліметтер келтіре отырып, Ата Заң-Конституциясына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекетіміздің демократиялық және құқықтық тұрғыда одан әрі қарқынды дамуына септігін тигізеді.
«Сырдария» университетінің орталық кітапханасында 28 қараша күні «Ата заңым-қуатым» атты тақырыпта көрме болып өтті.
Көрменің мақсаты: Студент жастарға құқықтық тәрбие беру. Және де құқық саласында өз еңбектерін жариялаған ғалымдардың туындыларымен таныстыру.
Көрмеге Әпенов С.М. «Қылмысқа қатысушылық», С.М. Рахметов «Қылмыстық құқықтық жалпы бөлімі бойынша тапсырмалар жинағы» М.С. Нәрікбаев, Ю.А. Пономаренко, Б.Ж. Әбдірайымов «Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау», «Қазақстан Республикасының Азаматық іс жү.ргізу кодексі» т.б. құқық саласында жазылған еңбектер көрмеге қойылып таныстырылды.

«ЕРКІН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН»


«Сырдария» университеті жастар комитетінің ұйымдастыруымен қараша айының 29-жұлдызында «Еркін елім Қазақстан» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жастардың өз ойын еркін жеткізуге, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді насихаттауға баулу.
Дөңгелек үстелге «Жалын» дебат клубының мүшелері мен тәрбие істері жөніндегі проректор Болысбаев Д.С мен профессор-оқтушылар қатысты.
Жастар комитетінің төрағасы Аманов Нұржігіт баяндама жасап жүргізіп отырған дөңгелек үстелге «Жалын» пікірсайыс клубының президенті Орманов Нұрболат бастаған клуб мүшелері белсенді қатысты. Сонымен бірге, қараша айының 29-жұлдызында «Тарих және география» кафедрасының профессор-оқтушылары «Студенттер үйінде» тұратын студенттермен «Семей ядролық полигонының жабылу тарихы» бойынша кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: Елдің болашағы болған жастарымызға жойқын күшке ие болған ядролық қарудың елдің болашағына, ұлт тағдырына қауіп төндіретінін түсіндіру.
Студенттермен кездесуге т.ғ.к. Апашва Сәбира, т.ғ.к. Мейірбеков Мырзабай ағайларымыз қатысып, ядролық қарудың зардабы жайлы түсіндірулер алып барды. Студенттер үйінде тұратын барлық студенттер белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Сырдария» уиверситетінде «Қазақстан-ядролық қарусыз мемлекет» атты плакаттар байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: Елдің дамуына кері әсер ететін алпауыт күштерден сақтану керектігі және де өзгеде елдің жастарына үлгі болып, бейбіт өмірді насихаттау.
Байқауға қатысқан студент жастар өз плакаттарында бейбітшілкті бейнелеген. «Қазақстан жасасын!», «Қазақстан- салауатты өмір салтын ұстанған», «Қазақстан- бейбітшілік жолында» атты плааттарымен қатысты. Плакаттардың ішінде ең үздігі деп танылғаны «Гуманиарлық білім» факультетінің «Қазақстан – бейбітшілік жолында» атты туындысы болды. Әділқазылардың қортындысы бойынша «Қазақстан – бейбітшілік жлында» атты плакатта, ядролық қарудың зардабы мен бейбіт өмірді қатар көрсетіп, өз мақсаттарына жеткендігін келтіріп өтті.

«ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ»


«Сырдария» универстетінің өнерлі жастары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 30 қараша күні өздерінің «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты концертік бағдарламасын өкізді.
Коцерттің мақсаты: Рух беретін патриотық әндерді орындап, жастардың отанға деген сезімін ояту.
Кешті талантты жүргізуші Құттымұрат Ақбілек пен Үкібаев Абдікәрім алып барды. Концертте жас әншілеріміз Азатұлы Нұрислам «Қазақстаным», «Теріскей» Аманбаев Абай «Туған жер», «Қазақ елі» әндерін орындап халықтың қошеметіне бөленді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Нұрбек Мұрат өзінің «Қазақстан халықтарының достығы» атты ашық тәлімгерлік сағатын өткізді.
Қазақстан көп ұлттар құрамына жатады, сондықтанда біздің басты ұстанатын қағидамыз бейбітшлік, ұлттар арасындағы достығымызды нығайтуды дәріптеу.
Ашық тәлімгерлік сағатын мемлекеттік әнұранмен бастады. Университет көлемінде өткізілген ашық тілімгерлік сабағына оқу орнында оқитын өзге ұлт өкілдері тәжік, орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс, беларустарды шақырып, ұлтаралық татулық жайлы өз пкірлерін ортаға салды.
30 қараша күні «Қазақстан» стденттер сарайында «Жаса жайна, Қазақстан» атты тақырыпта халықтық атағы бар өнер ұжымдарымен кездесу болып өтті.
Халықтың қалаулысы болған, ұлтжанды азаматтарымызбен кездесе отырып, студент жастарымызға үлгі өнеге көрсету.
Халықты өнерімен тамсандырған Бөрі Иса, Жеңіс Қарғабай, Меруерт Байбаланова, Урәлхан Сейілбекова сынды халықтың қалаулылары университет жастарымен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысқан студент жастар, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, үлкен рухани әсер алды.

«СПИД - ҒАСЫР ДЕРТІ»


Тәрбие бөлімі және жастар комитеттінің төрағасының ұйымдастыруымен «Қазақстан» студенттер сарайында 1 желтоқсан дүние жүзілік СПИД-ке қарсы күніне орай 2 желтоқсан күні «СПИД- тің алдын алу және онымен күресу орталығының» дәрігері Жақсылықов Изхан, СӨСҚО-ның валелог маманы Такибаева Роза, МАОЕ-ның жұқпалы аурулар дәрігері Байзақова Қалбикемен кездесу өткізді. Алғашқы сөзді тәрбие істері жөніндегі проректор Д.С. Болысбаев қазіргі таңда СПИД ауыруы әлемдік деңгейдегі толғандыратын мәселе екендігін айта отырып одан сақтануды алдын-алу жолдарын білу үшін аудандық емхана мамдарын мен кездесуді ұйымдастырып отырғаның айта өтті.
Емхана мамандары ғасыр дерті болған СПИД-тің алдын алу, сақ болу жолдарын және спортпен үздіксіз шұғылдану керектігін баса айтты.
Кездесудің мақсаты: Ауыр дерт болған СПИД-тің алдын алу, жастарымызға ауру туралы түсінік және де сақтық жолдарын қалыптастыру.
Кездесуге 500 студент қатысып студент жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті жауаптарын алды. Кездесу соңында бейне таспалар, роликтер қойылды. Студент жастарға үн парақтар тарқатылды.

«ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ САҚТАЙЫҚ»



Университетімізде ұлттық - болмысымызды дәріптейтін жәрмеңке мен концерттік бағдарлама болып өтті 02.12.2012 ж.
«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультетінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 2-жұлдызында «Тәуелсіздік дастарханы» атты жәрмеңке-көрме болып өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты: Ұлттық сал- дәстүрмізді, ұлттық тағамдарымызды, ұлттық болмысымызды дәріптеу.
Жәрмеңкеге факультет деканы ф.ғ.к. доцент Абенова Л.У, тәлімгерлер, топ басшыларымен, студенттік өзін-өзі басқару орталықтары қатысты.
Жәрмеңкеге қойылған барлық ұлттық тағамдар сатылып кетті.
«Кәсіптік білім және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 2-жұлдызында «Алтын қолды шеберлер» атты жәрмеңке-көрме болды.

Жәрмеңкенің мақсаты:Ұлттық қол өнерді халық арасында кеңінен насихаттау.
Жәрмеңкеге қойылған барлық қол өнер бұйымдары халықтың көңілінен шығып жатты.
«Дизайн» мамандығының ұйымдастыруымен «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты жәрмеңке көрмесі болды.
Жәрмеңкенің мақсаты: Қазақтың ұлттық киім үлгісін халық арасынада кеңінен насихаттау. Қазақтың ұлттық киімдерінің жаңа үлгілерін ұсыну.
Осындай ұлттық құндылықтарымыз насихатталып жатқан кезде. Университетіміздің өнерлі жастары «Қазақстан» студенттер сарайында өздерінің «Қазақ елі ән салып тұр» атты кештерін ұйымдастырып, жәрмеңкеге жиналған көпшілік қауымды қазақтың халық әндерімен сусындатты.


«БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА»


«Сырдария» университетінде «Өз елім - Отаным» атты пікірталас болды.
Елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын жастар 3 желтоқсан күні вертуалдық кітапханада басқосып «Өз елім-Отаным» атты тақырыпта пікірталас өткізді.
Мақсаты: Жастардың отан алдындағы борышын, отанды қорғау, оны көздің қарашығындай сақтау және патриоттық сезімдерін ояту.
Пікірталасқа «Жалын» дебат клубы мен студент жастар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Елім деген азамат отан алдындағы борышын өтеуі керек.
«Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен желтоқсан айының 3-жұлдызында «Еліміздің ертеңі - жастар» атты тақырыпта пікірталас болып өтті.
Мақсаты: Жастарымызға келешекте ел тұтқасын ұстайтын тұлға болатынын түсіндіру
«Ел үміт артып отырған жастар қандай болу керек, жастарымыз келешекте елдің тұтқасын ұстайтын азамат бола алама?» деген сұрақ көлемінде жастарымыз пікірлерін ортаға салды.

«СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»


«Сырдария» университетінде «Сергектік – ұзақ өмір» атты факультет аралық спорттан жарыс болып өтті.
Қараша айының 4-жұлдызында «Сырдария» университеті «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен «Сергектік» факультет аралық балибол, баскедболдан жарыс болып өтті.
Жарысқа барлығы 9-команда қатысты.
1-топ
1. «Дене шынықтыру және спорт» ДШ-08-111
2. «Дене шынықтыру және спорт» ДШ-08-101
3. «Дене шынықтыру және спорт» ДШ-19
4. «Дене шынықтыру және спорт» ДШ-18
2-топ
1. «Биология және химия» факультеті
2. «Дайындық бөлімі»
3. «Математика және экономика» факультеті
4. «Гуманитарлық білім» факультеті
5. «Кәсіптік білім және өнер» факультеті
Осы командалар ішінен үздік ойын көрсетіп 1-орынды ДШ-08-101, 2-орынды «Дайындық бөлімінің» тыңдаушылары, 3-орынды «Гуманитарлық білім» факультеті жеңіп алды. Жеңімпаз камандаға «Сырдария» университетінің кубокгы беріліп, үздік ойын көрсеткен камандаларға бағалы сыйлықтармен дипломдар берілді. Жарысқа қатысқан камандаларға ынталандыру сыйлықтары берілді.