қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

10.10.2012

«Студент қатарына қабылдауға» арналған салтанатты іс-шара

Студенттік шақтар-ай,
Алаулаған тәтті арай.
Армандаумен өткізген,

Студенттік шақтар-ай демекші, әр адамның өмірінде естен кетпейтіндей сәттері болады. Өмірдің өзі сәттерден тұрады десек, сондай тәтті бір кезең студент болған мезгіл. Студент атану - әр адамның өміріндегі маңызды оқиға. Себебі студенттік өмірге аяқ баса салысымен - ақ, сенің жастық шағыңның ең тамаша да қызықты сәттері басталмақ.

«Сырдария» университетінде «Химия және биология» факультеті мен жастар комитеті бірлесе отырып, 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдауға арналған «Студен жастар – ел болашағы» атты салтанатты іс-шараны атап өтті. Іс-шарада университеттің ректоры Серік Мамраимов Дәулетұлы арман қуып, ЖОО табалдырығын аттаған студент жастарды мерекелерімен құтықтап, толағай табыс, оқуда үздік болуларына тілектестік білдірді.

Университетіміздің түлегі, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі, «Жан жылуы» бағдарламасының продюссері, жүргізуші Сапарбаева Ақбаян Әбдіғалиқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасы «Айтуға оңай» ток-шоуының продюссері Әлия Құдайбергенова, «Қазақстан» ұлттық арнасы «Таңшолпан» ақпаратты- сазды бағдарламасымен белгілі журналист Нұрлыбек Жеңісбек, Халықаралық Азаттық радиосының журналисті Айнұр Халенова, әнші, сазгер, ақын Роза Әлқожа, «Әзіл студиясының» әртісі , әнші, актриса Нұрбигүл Егізова сынды өнер тарландары айтулы мерекемен студент жастарды құттықтап, өз өнерлерімен жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қоса, «Назерке» би тобы мен жас әншілеріміз Әбенова Әселхан, Бибінұр Ахмет, Әріпхан Нұрислам сынды талантты жастарымыз өнер майталмандарымен бір сахнада өнер көрсетті.

Салтанатты іс-шарада «Химия және биология» факультетінің 4-курс студенті Исабеков Берік білімнің кілтімен, студенттік билет және сынақ кітапшасын аманат етіп, бірінші курстың студенті Қаблан Ұлжанға табыстады.

Айтулы мерекеде «Сырдария» университеті жайлы жазылған «Сырдария» әнінің тұсауы кесілді. Әнің авторы, доцент Алтынбеков Бабахан. Орындаушы талантты жас әнші Әріпхан Нұрислам.





Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу