қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Құрметті 11 сынып оқушылары!

Физика және математика пәндері бойынша білімдеріңізді сынауға мүмкіндік жасау мақсатында Жетісай қаласындағы “Сырдария” университетінде “Жоғары математика және физика” кафедрасының ұжымы екі кезеңнен тұратын пәндік олимпиада ұйымдастырғалы отыр.

Олимпиаданың 1-кезеңі – іріктеу кезеңі. Бұл кезең сырттай формада өтеді. 1-кезең тапсырмалары (5 есеп, әрқайсысы 15 ұпаймен бағаланады) сіздердің қолдарыңызға қалалық, аудандық білім басқармалары және жергілікті баспасөз басылымдары арқылы жеткізіледі.

Тапсырмаларды орындап, оны төмендегі мекен жайға Қазпочта бөлімшелері арқылы және электрондық почтамен tіlla.berdalieva@mail.ru немесе kanat_87.87@inbox.ru, Er-kaz_89@mail.ru адресіне жіберулеріңізге болады.

Біздің мекен жай:

“Сырдария” университеті
М.Әуезов көшесі,11.
Жоғары математика және физика кафедрасы (2-қабат)
Бердалиева Т.Д. 8-701-273-31-80,
Ұлықбаев Қ.А. 8-778-374-27-73,
Жолдасов С.А. 8-701-278-98-86,
Қытайбеков Е.Т. 8-702-721-23-72

Орындаған жұмыстарыңызды осы мекен жайға қолма-қол тапсыруға да болады (69, 73 каб)

Конверт (дәптер) сыртына аты-жөніңізді, өз мекен жайыңызды көрсетіп, үйіңіздің, мектептің және ұялы телефоныңыздың номерін жазула-рыңызды сұранамыз.

1-кезеңнің жауаптары 2015 жылдың 1-сәуіріне дейін қабылданады.
1 кезеңнен жоғары балл жинаған алғашқы 15-20 оқушы 2-кезеңге жолдама алады.
2-кезеңге өткен оқушылардың тізімі университетің “www.sirdariya.kz” сайтында жарияланады және телефондар арқылы хабар беріледі.

2-кезең ашық тест түрінде өтеді. Бұл кезеңде оқушылар 20 есептен тұратын тест тапсырмаларын шығару жолдарын көрсете отырып орындайды. “Сырдария” университетіне оқуға келетін абитуренттерге физика және математика пәндерінен университет қабырғасында ҰБТ-ға дайындық ретінде тегін консультациялар беріледі.

Олимпиаданың 2-кезеңі 11-сәуір күні өтеді. Олимпиада сағат 900 басталады, ал жабылу салтанаты сағат 1500-де болады.

Жүлдегерлерге және олардың жетекшілеріне дипломдар, сертификаттар табыс етіледі.

1-ші турдың есептері университет сайтында (www.sirdariya.kz) жарияланған.


Физикадан олимпиадалық есептер:

1. Велосипедші бір қаладан екінші қалаға дейін қозғалсын. Жолдың ағашқы үштен бір бөлігін жылдамдықпен қозғалсын. Қалған уақыттың жартысын ол жылдамдықпен жүреді де, қалаға дейінгі қалған жолды жылдамдықпен жаяу жүріп өтеді. Велосипедшінің орташа жылдамдығын табыңыз.

(15 ұпай)

2. Температурасы , ал қысымы р=760мм.сын.бағ. жағдайындағы ауа молекулаларының еркін жүру жолының орташа ұзындығын есептеу керек. Ауа молекулаларының эффективті диаметрін деп алуға болады.

(15 ұпай)

3. Тең бүйірлі үшбұрыштың ұштарында тең бірдей зарядтар бар. Барлық зарядтар жүйесі тепе-теңдікте болу үшін үшбұрыштың ортасына (С) қандай заряд () орналастыру керек. Тепе-теңдік сақталып тұрады ма?

(15 ұпай)

4. Екі жазық айнаны бір-біріне қандай да бір бұрыш жасап орналастырғанда алынған нүктелік жарық кескіндерінің саны N=11 болды. Айналар арасындағы бұрышты () табыңыздар.

(15 ұпай)

5. Сутегі атомында Бордың бірінші орбитасындағы электронның жылдамдығы мен толық энергиясын табыңыздар. Осы орбитадағы электронның периоды (Т) неге тең болады.

(15 ұпай)

Математикадан олимпиадалық есептер:

№ 1. Теңдеулер жүйесін шешіңіз.

№ 2. Егер а, в және с оң сандардың көбейтіндісі бірге тең болса, онда мына теңсіздік орындалатындығын дәлелдеңіздер.
.

№ 3. Мына теңдеулер жүйесіндегі х+у+z – ті табыңыз.

№ 4. ABCD төртбұрышы берілген. F нүктесі төртбұрыштың ішкі нүктесі. ABCF – параллелограмм. Мына төмендегі теңдікті дәлелдеңіздер.

№ 5. Мына функцияның алғашқы функциясын табыңыз.


«Тілдарын 2015» пәнінен мектеп аралық пәндік олимпиадасы

Басқа жаңалықтар