қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

2014-2015 оқу жылы, 11 сәуірде «Сырдария» университетте өткізілетін
Мақтарал ауданының мектеп бітірушілеріне арналған «Тілдарын 2015» пәнінен
мектеп аралық пәндік олимпиадасын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Осы ереже мектеп аралық олимпиадасын өткізудің тәртібін мақсаты мен міндеттерін айқындайды:

I Жалпы ережесі

1 Олимпиада мақсаты:
Ағылшын тілін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау.
2 Олимпиада міндеттері:

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру;
-тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру;
-жан-жақты дамыған, бәсекеге қабылетті тұлға тәрбиелеу;

II Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

1 Олимпиаданы өткізу уақыты мен орны:

Олимпиада 2015 жылы 11 сәуір күні Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінде өткізіледі.
- 9.00. -9.30. аралығында «Қазақстан» студенттер сарайында қатысушыларды тіркеу
- 9.30-10.00 Олимпиаданың салтанатты ашылуы
- 10.00-13.00 Олимпиаданың тапсырмаларын орындау. Университеттің бас оқу ғимаратында. (31,39 ауд).
- 16.00-17.00 – олимпиаданың жабылуы «Қазақстан» студенттер сарайында.

2 Олимпиаданың өткізілуіне жетекшілік ету.

Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуді университеттің ғылыми мектеп директоры бекіткен конкурстық комиссия жүзеге асырады.

«Тілдарын-2015» мектепаралық олимпиадасының комиссия құрамы

Сайыс түрлері

Уақыты, аудитория

Комиссия құрамы

1

Өзін таныстыру-ағылшын тілінде (монолог түрінде қарапайым фразалармен өзінің отбасы, оқуы, тұрған жері жайлы айтып беру).

(15 б.)

3 минут

(39 ауд.)

10.00-11.00

1. Сейсенбаева Г.М., ғылым магистрі, аға оқытушы-төрайымы

2. Оспанова А.О., ғылым магистрі, аға оқытушы- мүше

3. Байдулаева Б. Оқытушы-мүше

2

“Тұсаукесер” тарсырмасы бойынша берідетін тақырыптарды ағылшын тілінде баяндау. (Берілген тақырыптар ауқымында еркін сөйлей білу, грамматикалық қателер жібермей, еркін және дайындықсыз әңгіме жүргізу). (30 б.)

15 минут

(39 ауд.)

11.00-12.30

1. Сейсенбаева Г.М., ғылым магистрі, аға оқытушы-төрайымы

2. Оспанова А.О., ғылым магистрі, аға оқытушы- мүше

3. Байдулаева Б. Оқытушы-мүше

3

Мәтінді аудару (Берілген мәтінді лексико-грамматикалық жағынан дұрыс аудару, мәтіннің мазмұнын дұрыс аудара білу. ) (30 б.)

Ауызша айту, 10 минут

(39 ауд.)

12.30-13.00

1. Сейсенбаева Г.М., ғылым магистрі, аға оқытушы-төрайымы

2. Оспанова А.О., ғылым магистрі, аға оқытушы- мүше

3. Байдулаева Б. Оқытушы-мүше

4

Тест (25 б.)

 

30 минут

(31 ауд.)

13.00-13.30

1. Сейсенбаева Г.М., ғылым магистрі, аға оқытушы-төрайымы

2. Оспанова А.О., ғылым магистрі, аға оқытушы- мүше

3. Байдулаева Б. Оқытушы-мүше

3. Олимпиадаға қатысушылар

Олимпиадаға орта мектептің 11 сынып оқушылары жіберіледі. Қатысуға өтініш сәуір айының

7- дейін (мемлекеттік тілде) қабылданады. Мектептер бойынша қатысуышылар санына шек қойылмайды. Оқушылар пән мұғалімінің жетекшілігіменен қатысады.

4.Олимпиада бағдарламасы мен бағалау жүйесі

I кезең. Өзін-өзі таныстыру ағылшын тілінде. Бұл сайыста оқушы монолог түрінде қарапайым фразалармен өзінің отбасы, оқуы, тұрған жері жайлы айтып беруі тиіс. Толық жауап берген оқушылар 15 балмен бағаланады және келесі 2-ші кезеңге өтеді. 10.00-10.45 аралығында өтеді. Берілген ауқыт 3 минут.

II кезең. «Тұсау кесер» тапсырмасы. Бұл сайыста оқушы берілген тақырыпты ағылшын тілінде баяндауы тиіс. Берілген тақырып ауқымында еркін сөйлей білу, грамматикалық қателер жібермеуі, еркін және дайындықсыз әңгіме жүргізуі керек. Бұл сайыста толық жауап бергендер келесі 3-ші кезеңге өтеді. Сайыс 30 балмен бағаланады. 10.45-12.00 аралығында өтеді. Берілетін уақыт 15 минут.

III кезең. Мәтінді аудару. Бұл сайыста оқушы берілген мәтінді лексико-грамматикалық жағынан дұрыс аудара білуі тиіс. Толық, дұрыс аударған оқушылар 30 балмен бағаланады. Бұл сайыста толық жауап бергендер келесі 4-ші кезеңге өтеді. 11.15-12.00 аралығында өтеді. Берілген уақыт 10 минут.

IV кезең. Тест. Тест сұрақтары ағылышын тілінің грамматикасына арналған. Бұл тапсырма 25 балмен бағаланады. 12.00-13.00. аралығында өтеді. Берілетін уақыт 30 минут.

5. Марапаттау.

Бірінші орын иегері университет грантына ие болады.

Екінші және үшінші орын иегерлері дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Физика және математика пәндері бойынша олимпиадасы

Басқа жаңалықтар