қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

2.03.2013

«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция

Галерея (40 сурет)

Конференцияны «Сырдария» БПҰ-ның төрағасы Дәуренбек Әбдіғали жүргізп отырды. Конференцияға жиналған көпшілікті «Нұр Отан» ХДП 14 жылдық мерекесімен құтықтап, баяндама жасады. Баяндама барысында «Нұр Отан» ХДП 14 жылда жеткен толағай табыстарымен бірге «Сырдария» БПҰ 2012-2013 оқу жылының 1 жарты жылдығында атқарған істерге тоқтала отырып, келешекте «Нұр Отан» ХДП халыққа берері мол екендігіне сенім білдірді.

Конференцияға партия ардагері, «Сырдария» университетінің профессоры,
жазушы Нұрғали Қадырбаев Әмірбекұлы қатысып өз сөзінде былай деді:
««Нұр Отан» халыққа болашаққа деген нық сенім мен жігер берді. Адамдардың жарқын өмірге деген ұмтылысына ықпал етті, кәсіпкерлердің іскерлігі мен белсенділігін еселеуге, елдің азаматы ретіндегі өмірлік ұстанымдарын айқындауға жол ашты. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақты жоспар-жобалар ұсынған «Нұр Отан» оларды орындап отыр. Міне, сөзі мен ісі қатар өрілетін осынау партия халқымыздың мақтанышы, тірегі.» деп барлық жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.

Жарыссөзге шыққан «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшесі Мелдебекқызы Балнұр өз сөзінде былай деді: «Бүгнгі мерекелеріңізбен! Ел аумағында шоғырланған бүкіл әлеуетті бір арнаға тоғыстырған, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген «Нұр Отан» партиясы ел тағдырына елеулі әсер ететін шешімдерді кейінге қалдырып көрген емес. Қайта, керісінше, «темірді қызған кезінде соғып», уақытында дәуір талаптарына жауап беріп келеді. Мәселен, партияның облыстағы филиалдары арқылы жер-жерлерде Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама, «Жол картасы», «100 мектеп, 100 аурухана», «Жұмыспен қамту – 2020» және өзге де ең маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жаңа жобалардың жүзеге асырылуын айрықша бақылап қана қоймай, жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелерді тұрақты талқылап, оң шешімдерін ұсынып отырады.» деп жастарды болашақта халықтық партия «Нұр Отанды» қолдауға шақырды.

«Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшесі Ниязбек Ұлдана өз сөзінде: ««Жол картасы – 2010», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары, «Таза ауыз су», «Тұрғын үй құрылысы», «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму», «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» транзитті жол құрылысы тағы да сол сияқты маңызды бағдарламалар аясында салынып жатқан нысандар партия назарында. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жобасының еліміздің экономикасын дамытуда маңызы зор.» деп еліміздегі бір қатар істерге «Нұр Отан» ХДП-сы мұрындық болып жүргендігіне тоқтала өтті.

«Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшесі Мейірбек Оралай өз сөзінде: «Болашақ» бағдарламасы бойынша ауыл жастарына басымдық берілгені аға буын ұрпақты ғана емес, жастардың да назарынан тыс қалған жоқ. Осы істе мемлекетке қолғабыс көрсеткен «Нұр Отан» жастарға арналған жобаларды көптеп ұсынуда. Билік партиясының «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі!», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар – Отанға!», «Жастар кадрлық резерві» және басқа да танымал бағдарла-маларына жас қазақстандықтардың қызығушылығы күн сайын артуда. Тек бір ғана «Дипломмен – ауылға!» атты республикалық партиялық жобаға мыңдаған жас маман қатысып, жоба іске асырыла бастаған уақыттан бері, барлығы 15 мыңға жуық жас азамат ауылға жұмыс істеуге аттанды. Бұл жобалар «Нұр Отанға» жастармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік берді. Жастардың ертеңіне оң бағыт-бағдар сілтеді, ауылдық жерлердегі жұмыстың мәртебесін жоғарылатты.»

Осыдан соң мінберге жастар көтеріліп, партияның 14 жылда жеткен жетістіктерін айта отырып, болашаққа «Нұр Отан» ХДП-мен бірге баратындықтарын айтып өтті.
Галерея (40 сурет)



Басқа жаңалықтар

«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция
«Сыр Сұхбат»
«Интеллектуалды жастар»
Мұқағали Мақатаев 82 жаста
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу