қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













27.04.2012

Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған
«Ғылыми-практикалық конференция»

«Сырдария» университеті «Қазақстан» студенттер сарайында қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына орай сәуір айының 27-жұлдызы күні «Нұр Отан» ХДП ұйымдастыруымен «Д.А.Қонаев –тарих бәйтерегі» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев, «Сырдария» бастауыш партия ұйымының төрағасы Д.Болысбаев, ҚР мәдениет қайраткері М.Байбаланова.

«Конференцияда «Сырдария» университетінің т.ғ.к. доцент М.Мейірбеков баяндама жасады. Сонымен қоса, Д.Қонаевтың өмір жолы жайлы деректі фильмді Д.Болысбаев, Н.Ырсынбетов дайындауымен ғылыми- практикалық конференцияда көрсетілді.
Ғылыми-практикалық конференцияда «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының төрағасы С.Тұрбеков, э.ғ.д., профессор Б.Серіков, «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев, аудандық маслихаттың хатшысы О.Нұржанов, «Сырдария» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректор Д.Болысбаев, Мақтарал ауданының құрметті азаматы А.Керуенбаева қатысты.
Студент жастардың атынан «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің 3-курс студенті А.Құттымұрат, «Гуманитарлық білім» факультетінің 4-курс студенті Н.Аманов сөз сөйледі.

Өмір мұраты мен оның өнегелі өрнектері – танымал тұлғалардың сапасынан, еңбек әрекеттерінен, ісі мен сөзіндегі бірлік, байланыстардан да терең танылады. Оның өзі уақыт керуені ұзаған сайын еселеп артып, адам мұраты айқындалып, даралығы мен даналығы, таланты мен талғамы зорая түсетіні анық. Абайша айтқанда:

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды.

Өмір мұраты мен адамшылық жолдың маңызды мәні мен қыр-сырын, елі үшін арнап, аянбай еңбек еткен адамда болса керек. Ғылыми-практикалық конференцияда Д.Қонаевтың халыққа белгісіз тұстары жастарға кеңінен айтылып насихатталды. Сонымен қоса, Дінмұхамед Қонаевпен дәмдес болған кісілер өздерінің естеліктерін айтып, жиналған жұртшылыққа Қонаев бейнесін кеңінен таныстырды.

«Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады» деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында, істі терең білуінде.

Оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды».
Деп жазушы Іляс Есенберлин айтып өткендей. Дінмұхамед атамыздің әділдігіне, көрегенділігіне шетелдің саясаткерлеріде таң қалған мысалы: Джавахарлал Неру өз сөзінде «Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев. Бізде екі ұқсастық бар екен.

Бірі — қарапайымдылықтарыңыз қалай аумаса; жасыл желекке оранған Алматы біздің Кашмирмен егіздің сыңарындай ма деп қалдым. Ғажап!». Деп ерекше көрегенділікпен айтып өткен.
Қай кезде болмасын елім деп жерім деп еңбек еткен адамдардың есімі ел есінде мәңгі қалады.
Осындай ұлы бар халық, осындай кеңпейілді халқы бар адам бақытты болмақ. Сондықтанда, біз жастар әрқашанда ел үшін қызмет еткен тұлғаларды ұмытпауымыз керек.

Ғылыми-практикалық конференцияда Д.Қонаев бейнесін жастарға патриоттық тәрбие беріудегі бірден бір жол екендігі және сол жолда Д.Қонаев ескерткішін орнату керектігін айтып өтті.


Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу