қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














19.04.2017

"СЫРДАРИЯ" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІТІРУШІ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!




Самұрық-Қазына" АҚ мен "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді "Жас Өркен" тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жиырма жас түлек 20 ай бойы "Самұрық-Қазына" АҚ тобының бірнеше қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтеді. Сізді қызмет жолын тамаша бастау мүмкіндігі – "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік университетінде оқу және еліміздің ірі индустриялық кәсіпорындарында жұмыс істеу мүмкіндігі күтіп тұр.

Жас мамандарға арналған бағдарлама сәтті өткен жағдайда, "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында жұміс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соң, дарынды тағылымгерлер Қазақстанның ұлттық компанияларына жұмысқа орналастырылады.

Бағдарлама миссиясы – Қазақстанның дарынды жастарын жетілдіру.

Бағдарлама ұйымдастырушысы — "Самұрық-Қазына" АҚ, Бағдарлама мен байқауға ұйымдастырушылық-қаржылық қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның  атқарушы органы —  "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті",  ұйымдастыру шараларының орындалуын және байқаудың өткізілуін қамтамасыз етеді.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек
  • 2017 жылғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек


БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

Үміткерлерді іріктеу – байқау негізінде әлеуетін анықтау жолымен өтеді.

Байқау 4 (төрт) айналымнан тұрады.

Байқау өткізу барысында "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті" қатысудың тең мүмкіндігі, байқау өлшемдері мен тәртіптерінің айқындығы және лайықты жеңімпазды анықтау тәрізді негізгі қағидаттарды басшылыққа алады.

Байқауға қатысу өтініші 2017 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін байқаудың ресми сайтында – www.skcu.kz/zhasorken – онлайн тіркелу арқылы беріледі.

2017 жылғы 1 шілдеден кейін алынған байқау өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды. Байқау өтінішінің тіркелгені үміткер байқау өтінішінде көрсеткен пошта (электронды) мекенжайына жіберілген, өтініштің тіркелгені туралы хабарлама арқылы расталады.

1 — айналым (қашықтықтан) өтінішті онлайн тіркеу, ол (3) үш кезеңнен тұрады:

  • Өтініш (байқаудың www.skcu.kz/zhasorken ресми сайтында толтырылады және тіркеледі)
  • Уәждемелік эссе
  • Online case—study

 2— айналым (көзбе-көзАстана, Алматы қалалары мен аймақтарда) ол (3) үш кезеңнен тұрады:

  • Қабілет сынақтамасы сан, кесте, график және мәтін түрінде ұсынылған ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланады
  • Мінез-құлық стилінің сынақтамасы адамның кәсіби іс-әрекет кезіндегі типтік немесе ұнататын стилі бағаланады.
  • Ассесмент-орталығы іскерлік дағдыларды шынайы оқиғаға жақын жағдайларда көруге мүмкіндік береді.

 3 — айналым (көзбе-көз, Астана қаласы)  (2) екі кезеңнен тұрады:

  • Уәждемені бағалау – жүктелген міндетті үміткер шешуге кірісетін қуат деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін сауалнамалар.
  • Құзыреттелігі жөніндегі сұхбат әртүрлі жағдайлардағы шынайы мінез-құлқын толық талдауға бағытталған

4 – айналым

Байқау комиссиясы – өткізілген шарттарына сай байқау жеңімпаздарын іріктеуші алқалы орган. Байқау комиссиясының құрамы ұйымдастыру комитетінің шешімімен бекітіледі.

Іріктеу айналымының бірінен өтпей қалған үміткерлер байқаудан шығарылады. Әр айналымның нәтижесі ресми сайтта жарияланады. "Жас Өркен" тағылымдамасына қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы соңғы шешімді байқау комиссиясы шығарады, ол туралы үміткерге комиссия отырыснан кейін, ақпаратты ресми сайтта жариялау арқылы хабарланады. Байқау жеңімпаздарымен оқу және жетілдіру, бағдарламадан өту нәтижесі бойынша ары қарай жұмысқа орналастыру талаптары туралы келісім шарт жасалады.

Шарт

"Жас Өркен" тағылымдама бағдарламасына сәтті қабылданғаны туралы шешімді комиссия қабылдаған күннен бастап, Байқау жеңімпазы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетімен" тағылымдамадан өту туралы шарт (ары қарай – шарт) жасасады, шарт келесі ақпараттар міндетті түрде қамтылуы тиіс типтік үлгі бойынша жасалады:

  • Шарттың мәні;
  • тараптардың құқықтары мен міндеттері;
  • осы ережелерде қарастырылған жағдайларда, байқау жеңімпазының, оны оқытуға және тағылымдамадан өткізуге кеткен шығындарын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жолдары;
  • "Жас Өркен" бағдарламасы бойынша оқу/тағылымдамадан өту мерзімі мен талаптары;
  • Оқу және тағылымдамадан өту аяқталған соң байқау жеңімпазының "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында 3 (үш) жыл бойы міндетті түрде жұмыспен өтеу шарттары;
  • Байқау жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, шығын бағыттарында қарастырылған шығындарды қаржыландыруды тоқтату туралы талаптар;
  • Байқау жеңімпазының, шамадан тыс жағдайлар нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, жауапкершіліктен босатылу талаптары;

Байқау жеңімпазы көрсетілген мерзімде шарт жасаспаған, сондай-ақ шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті" байқау жеңімпазын "Жас Өркен" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту құқығынан айыру туралы мәселені көтереді. Шарт, байқау жеңімпазының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі барлық шығындарын төлеумен байланысты ақша аударымдары үшін негіз болып табылады. Шарт жасалған соң, "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті" байқау жеңімпаздарын оқытуды және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қоржындық компанияларында тағылымдамадан өтуге бағыттауды және ақша аударуды қамтамасыз етеді.

Оқу

Байқау жеңімпаздары оқу және даму бағдарламасына қабылданады. Бағдарламаға келесі 3 (үш) кезең кіреді:

  1. Бағдарлы курс, бағдарламаға кіріспе
  2. "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінде" 4 апталық оқу курсы

  • Жеке тиімділік
  • Тиімді коммуникациялар
  • Іскерлік хат
  • Тиімді тұсаукесер машықтары
  • Көшбасшылық
  • Өзгерістерді басқару
  • Жобаларды басқару
  • Командалық тиімділік

  1. Deloitte (Мәскеу қаласы) оқу орталығындағы 1 апталық курс

Тағылымдама

Тағылымдама 20 айға созылады. Қатысушылар мамандығы мен кәсіби бағытына қарай, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның әртүрлі қоржындық компанияларында 5 айдан тағылымдама өтеді.

ТІКЕЛЕЙ Сілтеме: www.skcu.kz/zhasorken/kz/conditions-kz

Байланыс телефоны: 87079078686

Аманбаев Н.С.




Басқа хабарландырулар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу