қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

16.02.2009

Биология және география факультетіндегі "биология" апталығы


2009 жылдың 16 ақпан-20 ақпан аралығында Биология және география факультетінде аға оқытушы С.Әбілхайыровтың ұйымдастыруымен “биология” апталығы болып өтті. улкейту
Апталық шеңберінде мынадай іс шаралар өткізілді:
Апталықтың 1-ші күні

Биология және география факультетінде “биология” апталығының ашылу тұсау кесері факультет деканы Ғ.Қ.Бейсенованың факультеттегі апталықтың ашылуына орай өткен жиналыста сөйлеген арнау сөзімен ашылды
Деканның арнау сөзінен кейін биология кафедрасының аға оқытушысы С.Ы.Әбілхайыров апталық шеңберінде өткізілетін іс шаралар бағдарламасымен факультет студенттерінресми таныстырса, кафедра меңгерушісі қ.а.аға оқытушы С.С.Кукиев іске сәттілік тіледі.
Осы күні аға оқытушы М.Шотаева, оқытушы С.Сахова аудиторияны безендіріп, топтардың апталыққа шығарған газет, буклеттерін экспозициялады.
Апталықтың 2-ші күні Цитология және агробиология күні

Апталықтың 2-ші күнінде кафедра ғалымдары ауыл шаруашылығына қосқан ғылыми жаңалықтарымен студент жастарды таныстырды.
Атап айтқанда ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы профессор Ж.Я.Батькаев және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Е.Қ.Дошманов мақта шаруашылығы,топырақ биологиясы туралы әңгімеледі улкейту
Апталықтың 2-ші күні “Адамның шығу тегі”

Апталықтың 2-ші күнінде бағдарлама аясында оқытушы М.Шотаеваның ұйымдастыруымен “Адамның шығу тегі” тақырыбында 3-ші және 4-ші курс студенттерінен құрылған командалар арасында көрермендердің белсенді қатысуымен пікірталас, диспут өтті. Диспутта студенттер А.Шынтаев. Г.Байысбаева, А.Жолдасова, Р.Хантөреева көрермендерден Ф.Алибекова,Б.Шағырбаев ерекше белсенділік көрсетті
Апталықтың 3-ші күні Ботаника күні

Апталықтың 3-ші күнінде бағдарлама аясында биология ғылымдарының кандидаты С.Е. Келдібековтың “Өсімдік сырлы әлем”,”Өсімдіктердің алуан түрлілігі” тақырыбында мультимедиялық көрсетілімдерді пайдаланумен көрнекті лекциясы өткізілді. Ғалым жергілікті жердің өсімдіктері ерекшеліктеріне кең тоқталды.
Осы күні биология және география факультетінінің 4 курс студенті А.Шынтаев “Өсімдіктердің өсімді мүшелері” тақырыбына студентерге арнап мультимедия элементтерін пайдалана отырып лекция өткізді улкейту
Апталықтың 4-ші күні Зоология күні

Апталықтың 4-ші күні доцент Р.А.Қашқаровтың ұйымдастыруымен студент жастар “ВВС” “Жануарлар әлемі” атты ғылыми –деректі фильм тамашалап, жануарлар өмірінің беймәлім жақтарынан көп мағлұмат алды.
Апталықтың 4-ші күні “Факультетте кім мықты ?” конкурсының іріктеу туры

Аға оқытушы С.Әбілхайыровтың ұйымдастыруымен “Факультетте кім мықты ?” интерактивті конкурсының іріктеу туры өткізілді
Апталықтың 4-ші күні “Факультетте кім мықты ?” конкурсының іріктеу туры Өте тартысты өткен бұл сайыста
  • Био-17,
  • Био-16тп
  • Био-28, топтары командалары финалдық бәсекеге жолдама алды.
улкейту Апталықтың 5-ші күні Анатомия,физиология және интерактивті биология күні nАпталықтың 5-ші күні Кафедра аға оқытушылары С.Ы.Әбілхайыров пен С.С.Кукиев студенттерді адам анатомиясы мен физиологиясының ерекшеліктерімен,физиологиялық процестер механизмінің мультимедиялық көрсетілімдерімен және университет виртуалды кітапханасындағы биология саласындағы ғылыми кітаптармен,электрондық оқулықтармен,виртуалды лабораториялық сабақтармен таныстырды.

Пән аралық олимпиада нәтижесі туралы мәлімет



Басқа жаңалықтар



Фотогалерея
Платон жуйесі
университетінін электронды кітапханасы
Ассоциация вузов
Археология
Каржы орталыгы
Бітіруші тyлектер





ДсСсСрБсЖмСбЖс

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz