қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













09.05.2012

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық әндер байқауы

«Сырдария» университеті «Қазақстан» студенттер сарайында Ұлы Отан соғысының 67 жылдығына орай мамыр айының 8-жұлдызы күні «Сырдария» университеті мен «Мақтарал жастар» орталығы бірлесе отырып «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды. Байқауға ауданымыздың өнерлі жастары қатысты.

Байқауға «Сырдария» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректор Д.Болысбаев, ҚР мәдениет қайраткері М.Байбаланова, Мақтарал мәдениет үйінің әншісі К.Айтбай, «Мақтарал жастар» орталығының директоры Н.Бақтияров әділ қазы болды.

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық әндер байқауына «Жанықұл колледжнен» Баймухамедова Жанат, «Ералиев а/ә» Шахабай Мадина, «Бірлік а/ә» Тәжіханова Дана, «Бірлік а/ә» Өмірбеков Ерлан, «А.Қалбеков а/ә» Анарбай Жанарыс, «Сырдария» университетінен Дінасилов Қажымұқан, Ғ.Мұратбаев атындағы педколледжінен Піранова Ләззат, Ілияс Жұлдыз, «Сырдария» университетінен Әріпхан Нұрислам, Жетісай қаласынан Тағантұрды Балжан қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрады. І-кезең бойынша өнерпаздар патриоттық әндерді орындайды. ІІ-кезең еркін тақырып болатын. Екі кезеңнен сүрінбей өткен «Сырдария» университеті «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің студенті Әріпхан Нұрислам «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық әндер байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар ІІ орынды «Бірлік а/ә» Тәжіханова Дана, ІІІ орынды Жетісай қаласынан Тағантұрды Балжан иеленді.

Байқаудың өтуіне «Таңжарық» бишілер тобының жетекшісі Қанатбекқызы Милана, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жайлы деректі фильм дайындаған Ырсымбетов Нұрлан, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Ширинова Дилновоз, Бейсенова Нұршат, Жантөре Ақбота атсалысып «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» екендігін жиналған жұршылыққа өздерінің өнерлері арқылы кеңінен насихаттап жеткізді.

Жүргізушілер Құттымұрат Ақбілек пен Оралов Абай Ұлы Отан соғысында қазақ батырларының жасаған ерліктері жайлы, қазақ жерінде алғаш құрылған атқыштар дивизиясы жайлы мәліметтермен көрерменді жеткізді.

Соғыстың алғашқы үш айында-ақ Қазақстан территориясында 150, 310, 312, 316, 387, және 391 атқыштар дивизиясы құрылды. Өзіміздің Семей облысынан 235 атқыштар дивизиясы құрылып, ерен ерліктің үлгісін паш етті. Батыс майданда Сталинград түбінде, Мәскеуді қорғауда айрықша батырлық пен батылдықтың ұлгісімен Қазақстандықтар шайқаста жан аямай күрескенін білу – жас ұрпаққа міндетті.

Екінші дүние жүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларын көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы саналады.

Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршыннан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы. 1418 күн мен түн ешқашан ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгерген. Шайқастарда ерлік көрсетіп халқының абыройын асырды, елініәң даңқын шығарды. От пен оқтың арасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды. Олар – Хиуаз Доспанова, Зоя Досбергенова, Райхан Ибраева, Гұлнұр Сейдалина, Роза Момынова, Жәния Берниязова, София Шияпова, Мафғидаш Шынтемірова т.б.

Қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова – шығыс қыздарынан тұғыш рет батыр атағын алды. Бұл атаққа Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Сергей Луганский, Иван Панфилов, Нүркен Әбдіров сынды азаматарымыз батыр атағын алды.

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені , ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен айтамыз. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халықы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе атсалыса білді.

Біз жастар қашанда Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларымыздывң ерліктерін бүгінгі ұрпақтар ешқашан ұмытпайтындығын көрсетіп келеді. Бұлда болса ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран екендігінің жарқын айнасы.



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу